Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар жобалардыи ұйымдастыру және іске асыру бойынша 2018 жылға жоспарланған лот тақырыптарының техникалық ерекшеліктері
Изменено: 04.07.2018
Қаралды: 36


Лоттың атауы

Қызметке қысқаша сипаттама (лот бойынша)

Жоспарланған қаражат

(ҚҚС

есептемегенде) (теңге)

1. 

Қарақия аудандық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту

Мақсаты: Ресурстық орталықтар, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар, бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті тұрғындармен ынтымақтастықты нығайту арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық бастамаларды дамытуға ықпал ету.

Қызмет бойынша жұмыс:

-  Жұмыс жоспарын Тапсырыс берушімен келісу және бекіту;

- Осы жобаның жүзеге асуы жөнінде халықты хабардар ету (баспасөз конференциясы, кездесулер, интернет сайттарында, әлеуметтік желілерде орналастыру, презентация және т.б.);

- Осы жобаны жүзеге асыру бойынша қолданушыларды ақпараттандыратын әлеуметтік желілерде парақша ашу;

- Ауданның өзекті мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсынымдар дайындау (тоқсан сайынғы негізде);

- Астана қаласының  20 жылдығы және қарақия ауданының 45 жылдығына  орай  іс-шаралар ұйымдастыру;

-  Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың мәселелерін шешу мақсатында қажетті шаралар қабылдау туралы ауданның жауапты мемлекеттік органдарын ақпараттандыру;

- Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындар арасында ақпаратттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

- Аудан тұрғындарына, сонымен қатар ауданның үкіметтік емес ұйымдарына консультативтік қызметтер көрсету;

- Жергілікті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді және құрылымдық өзара іс-қимыл орнату, сондай-ақ, олардың ұйымдастырған іс-шараларына қатысу;

- ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар және БАҚ–на үкіметтік емес секторды дамыту мәселелері бойынша ұсынымдарды даярлау; 

- Өңір тұрғындарының азаматтық бастамаларын қарастыру және қолдау;

- Өзге үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде 2019 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы өзекті әлеуметтік-маңызды жобалардың тізбесін дайындау;

- Тапсырыс берушімен келісе отырып, қажетті полиграфиялық және типографиялық өнімдерді шығару;

- Мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерін тарта отырып, қорытынды есептік іс-шаралар өткізу.

1  000 000

2.

Қарақия ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

Мақсаты: Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Қызмет бойынша жұмыс:

- Тапсырыс берушімен жұмыс жоспарын келісу және бекіту;

- Осы жобаның жүзеге асуы жөнінде халықты хабардар ету (баспасөз конференциясы, кездесулер, интернет сайттарында, әлеуметтік желілерде орналастыру, презентация және т.б.);

- «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет алушылар арасында қоғамдық бақылауды жүргізуді келесі көрсеткішпен қоғамдық мониторинг жүргізу: айқындық, қолжетімділік, сыпайылық, уақтылы, электронды түрде қызмет көрсету сапасы, көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат:

- Азаматтық хал актілерінің тізіліміне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді қоса алғанда, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды тіркеу;

- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

- Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

- Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

- Мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) балабақшаға кезекке қою;

- Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну;

- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;

- Жеткізушінің кем дегенде 3 (үш) жыл бойы қоғамдық мониторинг немесе әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу тәжірибесі болуы тиіс;

- Мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау мынадай әдістермен жүргізіледі: міндетті фокус-топтық сұхбат, қызмет алушыларға сауалнама жүргізу, қажет болған жағдайда жаппай телефонмен сауалнама жүргізу, тереңдетілген сұхбат, сараптамалық сұхбат және «құпия сатып алушы» және «құпия бақылаушы» әдістерін қолдану;

- Тапсырыс берушімен келісе отырып, қажетті полиграфиялық және типографиялық өнімдерді шығару;

- Мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерін тарта отырып, қорытынды есептік іс-шаралар өткізу.

1 000 000


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…