Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 24/236 «Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

                                                                 Маңғыстау   облысы Қарақия  аудандық  маслихаты

                                                                                        ШЕШІМ   ЖОБАСЫ

    Құрық ауылы                                                                               №                                                                 2018 жыл


      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексіне және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы  № 24/236 «Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 2598 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 ақпанында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерінде «Аймақтар сипаттамасы» жаңа редакцияда жазылсын:

      «I аймақ: Бұл аймаққа төртінші аймаққа кіретін Тоқмақ мүйісінен (32 километр теңіз жағалауымен созылып жатқан) басқа Құрық ауылының теңіз жағалауындағы барлық жерлері жатады.

      II аймақ: Екінші аймаққа Құрық ауылының шығыс беті (Қызылқұм мүйісі) жатады, сонымен қатар ауылдың батыс бөлігі, оның ішінде  өнеркәсіп аумағы және жел электростанциясының алаңы жатады.

      III аймақ: Үшінші аймаққа Құрық ауылының оң түстігіне бағытталып созылған тұрғын аймағы жатады. Бұл аймақта Сәтпаев, Қазақ ауыл, Жолшы массив, Барлаушы массив, Уалиханов, Жангельдин, Маметова, Сәлімжан, Автобаза, Авиатор, Алиев, Абай көшелері және 3А, 4, 5, 9, 10, 13, 14 шағын аудандары жатады. 

    IV аймақ: Төртінші аймақ Ералиев станциясы орналасқан Құрық ауылының солтүстік-батыс бөлігі. Оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде 32 километр теңіз жағалауымен созылып жатқан «Тоқмақ» мүйісі және ауыл шаруашылығы жерлері орналасқан.». 

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы  Д.Сабытова).

      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы                                                   Аудандық мәслихаттың 

    Д. Сабытова                                                            хатшысы  А.Мееров


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk