Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жұмысының Х А Т Т А М А С Ы

                                                               Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар 

                                                                      өкілеттігі және  әлеуметтік  мәселелері  жөніндегі

                                                                                    тұрақты  комиссиясы жұмысының

                                                                                                     Х А Т Т А М А С Ы


    Бостан ауылы                                                                                                                                  11 мамыр 2018 жыл 

    Жиынға төрағалық етуші:  Аудандық мәслихаттың хатшысы – А.Мееров

    Қатысқандар: Қарақия аудандық мәслихатының депутаттары, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Қ.Беков, аудан әкімінің орынбасарлары, Бостан ауылы тұрғындары.

    КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

    1.  Бостан ауылының жаңадан салынатын 7 көшелердің атауына байланысты көпшілік тыңдау.

    Сөз: А.Мееров – Құрметті депутаттар, құрметті Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысына қатысушылар! Бүгінгі комиссия отырысына ұсынылған Бостан ауылының жаңадан салынатын 7 көшелердің атауымен таныстырып өтейін:

    1. Бауыржан Момышұлы – (1910-1982жж) Кеңес одағының Батыры, әскери қолбасшы, майдангер жазушы;

      2. Дінмұхаммед Қонаев – (1912-1993жж) көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері;

    3. Қасым Қайсенов – (1918-2006жж) Қазақстанның Халық қаһарманы, көрнекті жазушы;

    4. Мәншүк Мәметова – (1922-1943жж) Кеңес Одағының Батыры;

    5. Хиуаз Доспанова – (1922-2008жж) Ұлы Отан соғысының майдангері, әскери ұшқыш, Халық қаһарманы;

    6. Рақымжан Қошқарбаев – (1924-1988жж) Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тіккен Батыр, Халық қаһарманы;

    7. Әлия Молдағұлова – (1925-1944жж) Кеңес Одағының Батыры.

    Сөз: Аудандық мәслихаттың заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Д.Сабытова – Құрметті тұрақты комиссия отырысына қатысушылар. Күн тәртібіндегі мәселені ауыл, аудан тұрғындарының назарына жеткізу үшін «Қарақия» газетінің 1.02.2018 жылы №7-8 (848-849) санында жарияланды.

    Қарақия ауданы әкімінің 19 сәуір 2018 жылғы Қарақия ауданының әкімі Қ.Бековтың ұсынысына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 13 бабына және мәслихат регламентіне сәйкес, заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысы ұйымдастырылып отыр. Осыған сәйкес өз пікірлеріңізді айта отырыңыз.

    Сөз: Ауыл тұрғыны, ақсақал Т.Абдуллаев – Мен ауылымыздың көшелеріне, жоғарыда аталған атаулардың берілетінін орынды деп ойлаймын, өте қатты қуанып отырмын. Сондықтан, мен ұсынысты толықтай қолдаймын.

    Сөз: аудандық мәслихаттың депутаты М.Аманиязоважоғарыда Сіздер ұсынған көше атаулары маған өте ұнады. Ұлы Отан соғысында жауынгерлердің өшпес ерлігін қанша айтсақ та, жазсақ та артық етпейді. Мұндай шаралардың болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі зор. Мен өзім қолдаймын.

    Күн тәртібіне ұсынылған мәселені қорыта келе, заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

    1. Бостан ауылы тұрғындары мен аудандық мәслихат депутаттарының пікірін ескере отырып, аудан әкімдігі ұсынған көшелер атауларының нұсқасы мақұлдансын.

    2. Ұсынылған көше атаулары облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілсін.

    3. Көпшілік тыңдауы бойынша өткізілген тұрақты комиссия отырысы хаттамасы Заңнамаға сәйкес, интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

    Заңдылық, депутаттар  өкілеттігі

    және  әлеуметтік  мәселелері  жөніндегі

    тұрақты  комиссия  төрайымы   Д.Сабытова

    Хаттамалаған                              А.Сүлейменова


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk