Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысының хаттамасы №1

                             Қарақия ауданы әкімі жанындағы  діни  бірлестіктермен байланыс  жөніндегі  кеңес  отырысының

                                                                                                      ХАТТАМАСЫ № 1

    Құрық ауылы                                                                                                                                                    05.04.2018 жыл

    Аудан әкімдігінің  кіші мәжіліс залы                                                                                                               сағат 17:30

    Төрағалық етуші: Қарақия ауданы әкімінің м.а. - Беков Қыдырберді Әндірұлы.

    Қатысушылар: Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңес мүшелері, аудан прокуроры Б.Бүркітбаеваудандық білім бөлімінің басшысы К.Байбосинова, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры М.Аманиязова, Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Т.Хамит, Жетібай және Мұнайшы ауылы мешіттерінің бас имамдары, аудандық «Қарақия» газетінің бас редакторы Ш.Кендін, ауданға қарасты бөлім және кәсіпорын басшылары (тізім бойынша).

    К Ү Н Т Ә Р Т І Б І:

    1.  Тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары және Құрық ауылы мешітінің жағдайы туралы;

    (баяндамашы: Қарақия ауданы орталық мешітінің бас имамы Хамит Табарак);

    2.  Тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары және Жетібай ауылы мешітінің жай-күйі туралы;

    (баяндамашы: Жетібай ауылы мешітінің бас имамы Маханов Ибрахим);

    3.  Мұнайшы ауылы мешітінің жай-күйі туралы;

    (баяндамашы: Мұнайшы ауылы мешітінің бас имамы Мерекебай Мәди Нұралиұлы)

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмалар:

    1. Тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары және Құрық ауылы мешітінің жағдайы туралы.

    Қарақия ауданы орталық мешітінің бас имамы Хамит Табарактің баяндамасы қаперге алынсын.

    1.1.  Аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке, аудандық білім бөлімінің басшысы К.Байбосиноваға тұрақты түрде:

    Мектепте орамал тағатын оқушыларға мектеп формасын сақтаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және 16 намаз оқитын оқушылардың туыстары туралы ақпаратты Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің аудандық бөлімшесіне тапсыру;

    Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің аудандық бөлімшесімен бірлесіп мектеп директорларына және тәрбие жөніндегі орынбасарларына діни экстремизмнің алдын алу бағытында арнайы семинар-тренингтер ұйымдастыру;

    1.2.  Құрық ауылының әкімі Қ.Құсайыновқа тұрақты түрде:

    Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен және Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Хамит Табаракпен бірлесіп тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын тұлғалармен жеке кездесулер жүргізу және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңеске кездесу қорытындысы туралы ақпарат жолдау;

    Аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке:

    Өндірістік мекемелерді тарта отырып мешіттің бейнебақылау қондырғыларын жаңарту;

    2.  Тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары және Жетібай ауылы мешітінің жай-күйі туралы.

    Жетібай ауылы мешітінің бас имамы Маханов Ибрахимнің баяндамасы қаперге алынсын.

    2.1.  Жетібай ауылының әкімі Қ.Асановқа тұрақты түрде:

    Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен және Жетібай ауылы мешітінің бас имамы Маханов Ибрахиммен бірлесіп тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын тұлғалармен жеке кездесулер жүргізу және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңеске кездесу қорытындысы туралы ақпарат жолдау;

    Аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке:

    Өндірістік мекемелерді тарта отырып мешіттің бейнебақылау қондырғыларын жаңарту және жөндеу жұмыстарына қолдау көрсету;

    3.  Мұнайшы ауылы мешітінің жай-күйі туралы.

    Мұнайшы ауылы мешітінің бас имамы Мерекебай Мәди Нұралиұлының баяндамасы қаперге алынсын.

    3.1. Мұнайшы ауылының әкімі Б.Бекмурзаевқа тұрақты түрде:

    Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен және Мұнайшы ауылы мешітінің бас имамы Мерекебай Мәди Нұралиұлымен бірлесіп тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын тұлғалармен жеке кездесулер жүргізу және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңеске кездесу қорытындысы туралы ақпарат жолдау;

    3.2.Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Төлегеновке тұрақты түрде:

    Ақпараттық-түсіндіру тобының жылдық жұмыс кестесін жасақтау және топтың жұмысын ұйымдастыру;

    Аудандық газет бетіне, аудан әкімінің ресми сайтына және әлеуметтік желілерде дәстүрлі дінімізді түсіндіру бағытында, діни тақырыпта мақалалар жариялауды бақылауда ұстау;

    Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалысын бақылауда ұстау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке тапсырылсын.

    Аудан әкімінің м.а.  Қ.Беков

    Хатшы                М.Төлегенов


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk