Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Қарақия ауданында 2018 жылдың наурыз айының 5-6 күндері өткізілген «Көктем-2018» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы бойынша қорытынды.

      Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2018 жылғы 5-6 наурыз  аралығында «Көктем 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы  «2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайына төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өткізілді.

    2018 жылдың 05 наурыз күні  сағат 08:20-да  «Дабыл-1001», сигналы келіп түсті  сағат 08:20-де № 1 жеткізіліммен  сигналды алғандығымыз туралы хабарланды.

    Күш құралдарды дайындыққа келтіру туралы жедел ақпарат №2 жеткізіліммен баяндалды.

    «Дабыл-1001» сигналы бойынша  АҚ және ТЖ басқару және қызмет басшылары аудан әкімдігінің  штабына жиналып, аудандық ТЖ комиссия төрағасының орынбасары оқу  жаттығуда орындалатын іс-шаралар бойынша тапсырмалар берді. Ауданның АҚ және ТЖ  қызметі  бригадаларының жеке құрамы мен  техникалары  1 сағат ішінде Құрық селосы Жетібай-Құрық тас жолында, Сонымен қатар Жетібай  ауылында, №11 өрт сөндіру бөлімшесінің  алдындағы алаңға жиналды. Аудандық құлақтандыру қызметі Құрық селосында орналасқан «Қазақтелеком» АҚ ғимаратында орналасқан «Электросирена С-40» құрылғысын іске қосты.

      Сағат 09:30-да Құрық ауылы бойынша:

      №2 Өрт сөңдіру бөлімі қызметкерлері 1-арнайы автокөлігімен 6 адам; қоғамдық тәртіп сақтау қызметі 3-арнулы автокөлігімен 5 адам; жолдар мен көпірлер қызметі-«Ер-Сай» ЖШС-нен 4 арнайы автокөлік, (КАМАЗ самосвал, автотиегіш, НІАСЕ-шағын автобус, автогрейдер) 7 адам; «Тұрмыс-Сервис» МКК-нан 5 арнайы автокөлік (жеңіл автокөлік-1, автотиегіш-2, газель-1, АГП-1), 13 адам; байланыс қызметі «Казақтелеком» АҚ аудандық бөлімшесінен 1 автокөлік, 3 адам; радиациялық-химиялық қорғаныс қызметінен 1 автокөлік, 3 адам; медициналық қызметінен 1 автокөлігі, 5 адам; сауда және тамақтандыру қызметінен 1 автокөлік, 2 адам; жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметінен 1 автокөлік, 5 адам; ақпарат қызметінен 3 адам, 1 автокөлік; «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қарақия аудандық бөлімі 1 көлік 5 адам; суда құтқару қызметі 1 автокөлік, 6 адам; сапқа тұрғызылды.

      Ал Жетібай және Мұнайшы ауылдары бойынша:

    №11 өрт сөндіру бөлімінен 3 арнаулы авто көлігімен 25 адам, медицина қызметінен 1 арнайы автокөлік, 4 адам; құлақтандыру мен байланыс «Казақтелеком» АҚ 1 УАЗ автокөлігі 6 адам; қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінен 1 арнайы көлік, 2 адам; коммуналдық шаруашылық қызметінен  2 техника (автобус, трактор) 16 адам, «ОСС» ЖШС-нен 5 адам 2 техника (автобус, УАЗ), «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 7 адам, 1-автобус, «BBJ group» ЖШС-нен 4 адам 2 техника (МАЗ жүк көлігі, УАЗ) сапқа тұрғызылды.

    Сағат 10:50-де байланыс жүйелерінің дайындығы туралы № 03 жеткізіліммен баяндалды.

    Аудандық АҚ және ТЖ қызметтерінің жеке  құрамын және техникаларын  қарғын судың алдын алу мақсатында ауыл сыртындағы бөгеттер қалпына келтіріу жұмыстарын жүргізді.

    Сағат 14:00-де «Барыс-2002» сигналы келіп түсіп, №04 жеткізіліммен қабылданғандығы жөнінде баяндалды.

      Сағат 14:10 шамасында әкім аппаратына «Вводная №1» сигналы келіп түсті, алғандығымыз туралы сағат 14.14-те №5 жеткізіліммен облыстық штабқа хабарлама жолданды.

    Осы сигнал бойынша АҚ және ТЖ жөніндегі  құрамалар шақырылды. Аталған сигнал шұғыл түрде ауыл әкімдеріне, коммуналдық, инжинерлік және энергетика қызметіне жолданып, шақырылған АҚ және ТЖ қызмет басшыларына және ауыл әкімдеріне тиісті шараларды қабылдау үшін тапсырмалар берді.

    «Вводная №1». Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында қардың еруі және нөсер жауын әсерінен 6 үй су астында қалды. Каспий теңізінің толқын сулары салдарынан «Ерсай Коспиан Контрактор» ЖШС өндірістік базасын су басып, өндірістің жұмысы тоқтау қауіпі туындады. Жетібай - Құрық тас жолындағы магистральдік газ құбырларының тіректерін су шайып кетуіне байланысты Құрық ауылының тұрғындары табиғи газсыз қалды.

    1. Тез арада АҚ және ТЖ жедел құтқару құрамы жұмылдырылды 1 автобуспен бір мезгілде 30 адамды алып №8 орта мектепке-10 адамды, № 4орта мектепке-20 адамды орналастырдық. Су алып кеткен орындарға судан құтқару қызметтері жұмылдырылып 2 агрегат, 1 ассенизатор, 3 водовоз, қызметтерін жасады. Суға кеткен аймаққа 1 шынжыр табанды трактор, 1 погрузщик,1 автогрейдер 3 самосвал көлік жіберіліп, бөгетке жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    2. Теңіздің қатты соққан толкындары салдарынан Ерсай Каспиан өндірістік базасының HU және Х1Х2 цехтарын су басты. Осы хабар бойынша шұғыл арада мекеменің АҚ штаб мүшелері эвакокомиссия мүшелері, құрама командирлері оқу жаттығу штабына жиналып, АҚ бастығы тез арада Төтенше жағдайлардың алдын алу, ТЖ аймағынан жұмысшыларды, құрал-жабдықтарды көщіру бойынша  алдарында міндеттер қойды. ТЖ аймағынан жұмысшыларды көшіру бойынша АҚ бастығының бұйрығы жарияланды. Су астында қалған  HU, Х1Х2 ангарларда жұмысты апатсыз тоқтатып,  жұмыс жасайтын 110 адамды және құрал-жабдықтарды қауіпсіз аймаққа көшіру тапсырылды. Бұл жұмыстарды атқаруға 5 жүк, 5 жартылай тіркеу, 5 самосвал 4 автотиегіштер, 6 водовоздар, 5 су соратын помпалар, 30 адам күштері жұмылдырылды. Көшіру жұмыстары 1 сағат жалғасты. Су басудың салдарын жою  жұмыстары 3 сағат жалғасты. Басқа цехтарды су басуының алды алынып, су басқан ангарлар жоғарыда аталған сағатта судан тазартылды.

    3. Жетібай - Құрық тас жолындағы магистральдік газ құбырларының тіректерін су шайып кетуіне байланысты Құрық ауылының тұрғындары табиғи газсыз қалды.ГазТрансГазАймақ мекемесінің № 1-ші  бригадасы 14 сағат,40 минутта тез арада оқиға орынына барып № 7 және №8-ші крандарын жауып тастады.

    №2 бригада оқиға орынына барып газ дәнекерлеушінің (сварка) көмегімен бүлінген құбырды кесіп тастап, электродәнекерлеушімен (сварка) бүлінген құбырдың орнына сағат 15-05те  жаңа құбыр орнатты.

    Аудан әкімі апаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманына байланысқа шығып жағдайдың бір қалыпты екендігі хабарланды.

    Сағат 18:00-де «Үзіліс-3003» деген сигнал келіп түсті, сағат 18:01-де сигналды алғанымыз жөнінде №15 жеткізіліммен хабарланды.

      06.03.2018 ж.

    Тәулік ішінде атқарылған жұмыстардың есептері және зардап шеккен адамдармен, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін қолданылған техникалар туралы және адам күштері бойынша мәліметтерді
    облыстық штабқа № 06, 07, 08, 09, 10, 11, 12, 13, 14 жеткізіліммен жауаптары жіберілгені туралы хабарланды.

    «Көктем-2018» РКШ оқу-жаттығуға аудандық АҚ және ТЖ қызметтері құрылымдары және аудандық шұғыл әрекет ету отрядтары  бойынша  барлығы 34 техника, 132 адам күші жұмылдырылды. Бұл күш құралдармен аудан аумағындағы бөгеттер жаңартылып, ауданның қауіпті аймақтарында қажетті жұмыстар жүргізілді.

    Сағат 16:00-де «Тұлпар-4004» сигналы түсіп, алғандығымыз туралы облыстық штабқа № 16 жеткізіліммен хабарланды.

    Сағат 17:00-де «Көктем-2018» РКШ оқу-жаттығуы аяқталғандығы жөнінде «Толқын-5005» сигналы түсіп, сағат 17:03-те алғандығымыз туралы № 17 жеткізілім хабарланды.

    Осы сигнал бойынша барлық тапсырмалар орындалып, азаматтық қорғаныс қызметтерінің құрамалар басшылары аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залына жиналып «Көктем -2018» Республикалық оқу-жаттығу кезінде жасалған жұмыстар талқыланып, қортындыланды. Құрамалар кейін қайтарылды.


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk