Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы аудан әкімінің №51 каулысы

                                                                                          Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                        ҚАУЛЫСЫ

    Құрық ауылы                                                                              № 51                                          2018 жылғы 19 ақпан

    Қарақия ауданының аумағында

    стационарлық емес сауда объектілерін

    орналастыру орындарын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі №592 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 2 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №358 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

    2. «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 178 «Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3080 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкімнің міндетін атқарушы    Қ. Беков

      Нормативтік құқықтық акт Маңғыстау     облысының әділет департаментінде 2018     жылғы 7 наурызында № 3538 болып тіркелді.

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет

    және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Таубаев Алпысбай Бурханович

    ___________________________

    19 ақпан 2018 жыл.

    «Қарақия аудандық кәсіпкерлік

    және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Жұбаназаров Нұржан Өтепбергенұлы

    ___________________________

    19 ақпан 2018 жыл.

    «Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық

    шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль

    жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Абилов Баймурат Кубейевич

    ___________________________

    19 ақпан 2018 жыл.

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

    министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті

    Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау

    департаментінің Қарақия аудандық қоғамдық

    денсаулық сақтау басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Есмурзаева Қолғанат Қазмолдақызы

    ___________________________

    19 ақпан 2018 жыл.

    «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті

    Қарақия ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің бастығы

    Қалаубай Жангабыл Бекмолдаевич

    ___________________________

    19 ақпан 2018 жыл.

    Қарақия ауданы әкiмдiгiнiң

    2018 жылғы 19 ақпандағы

    № 51 қаулысына қосымша


    Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Сауда орындарының орналасқан жері

    Сауда орындарының түрі

    Сауда орындарының саны

    Сауда орындарының көлемі (шаршы метр)

    Құрық ауылы

    1

    «Алишер» орталық базарының оңтүстік шығыс жағынан 10 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    7

    140

    2

    3 шағын ауданы, «Дана» дүкенінің солтүстік жағынан 8 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    2

    40

    3

    2 шағын ауданы, № 4 үйінің шығыс жағынан 8 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    3

    60

    4

    2 шағын ауданы, «Жолболдин» алаңы

    Автодүкендер немесе шатырлар

    15

    300

    5

    Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 119 шақырымының оңтүстік жағы

    Автодүкендер немесе шатырлар

    3

    60

    Жетібай ауылы

    6

    орталық базардың оңтүстік батыс жағы

    Автодүкендер немесе шатырлар

    5

    100

    7

    Әлиев шағын ауданы, «Сүйінқара» мешітінің оңтүстік жағынан 8 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    2

    40

    8

    Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Жетібай ауылдық мәдениет үйі» филиалы алдындағы ашық алаң

    Автодүкендер немесе шатырлар

    5

    100

    Мұнайшы ауылы

    9

    Салтанат шағын ауданы, «Салтанат» мейрамханасының солтүстік-шығыс жағынан 10 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    7

    140

    10

    Ақтау – Жаңаөзен – Мұнайшы – Жетібай тас жолы қиылысында орналасқан «Гелиус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағар май құю станциясына қарсы 30 метр қашықтықта

    Автодүкендер немесе шатырлар

    3

    60

    Құланды ауылдық округі, Құланды ауылы

    11

    М.Өскінбайұлы көшесі, «Тұлпар» азық-түлік дүкені мен Қарақия ауданы әкімдігінің «Аружан» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аралығы

    Автодүкендер немесе шатырлар

    6

    120

    Бостан ауылдық округі, Бостан ауылы

    12

    Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Бостан ауылдық мәдениет үйі» филиалының шығыс жағынан 8 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    5

    100

    Сенек ауылы

    13

    С.Мәтіков көшесі, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Сенек ауылдық мәдениет үйі» филиалының шығыс жағынан 8 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    5

    100

    14

    Ә.Темірханов көшесі, «Алтын-Нұр» азық-түлік дүкенінің шығыс жағынан 10 метр

    Автодүкендер немесе шатырлар

    7

    140

    Болашақ ауылдық округі, Болашақ ауылы

    15

    Жаңаөзен –Түрікменстан тас жолының 203 шақырымының шығыс жағы

    Автодүкендер немесе шатырлар

    30

    600

    16

    Жаңаөзен –Түрікменстан тас жолының 243 шақырымының батыс жағы

    Автодүкендер немесе шатырлар

    30

    600


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk