Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Изменено: 12.03.2018
Қаралды: 38

  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №262 «Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Атадусов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.

  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімнің міндетін атқарушы    Қ. Беков

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы

19 ақпандағы № 50 қаулысы. 

Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2018  

жылғы 6 наурызында № 3536 болып тіркелді.

  «КЕЛІСІЛДІ»

  Қарақия аудандық сайлау

  комиссиясының төрағасы

  Атагараев Дуйсенбай Айткалиевич

  ______________________________

  «____»_____________2018 жыл.


                                                                                                                                 Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                 2018 жылғы 19 ақпандағы     

                                                                                                                                 № 50 қаулысына 1 қосымша

                                                                                                                                Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                2017 жылғы 13 желтоқсандағы

                                                                                                                                № 262 қаулысымен бекітілген

Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Ауыл, ауылдық округтердің атауы

Кездесу өткізілетін орын

Мекен-жайы, байланыс телефоны

1

Құрық ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Құрық ауылы

8(72937) 2-14-85

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының«Мұнайшы ауылдық мәдениет үйі» филиалы

Мұнайшы ауылы

8(72937) 28-3-73

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының«Жетібай ауылдық мәдениет үйі» филиалы

Жетібай ауылы

8(72937) 26-1-30

4

Сенек ауылы

«Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Сенек ауылы

8(72937) 31-3-81

5

Бостан ауылдық округі

Қарақия аудандық білім бөлімінің «Қарақұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бостан ауылы

8(72937) 61-1-07

6

Құланды ауылдық округі

Қарақия аудандық білім бөлімінің «Құланды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құланды ауылы

8(72937) 71-0-20

7

Болашақ ауылдық округі

«Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Болашақ ауылы,

8(72959) 42-1-20


                                                                                                                             Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                              2018 жылғы 19 ақпандағы

                                                                                                                             № 50 қаулысына 2 қосымша

                                                                                                                             Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                             2017 жылғы 13 желтоқсандағы 

                                                                                                                            № 262 қаулысымен бекітілген

Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру  шін орындар

р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Құрық ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және Қарақия аудандық білім бөлімінің «Құрық ауылының № 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттарындағы ақпараттық стендтер

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Мұнайшы ауылдық мәдениет үйі» филиалының және Қарақия аудандық білім бөлімінің «Мұнайшы ауылының № 5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттарындағы ақпараттық стендтер

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Жетібайауылдық мәдениет үйі» филиалының ғимаратындағы ақпараттық стенд

4

Сенек ауылы

«Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

5

Бостан ауылдық округі, Бостан ауылы

Қарақия аудандық білім бөлімінің «Қарақұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

6

Құланды ауылдық округі, Құланды ауылы

Қарақия аудандық білім бөлімінің «Құланды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

7

Болашақ ауылдық округі, Болашақ ауылы

«Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…