Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Қарақия ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы


        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы                              Аудандық мәслихаттың 

      Е.Есенқосов                                     хатшысы          Е.Мееров

     

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы

    және ветеринария бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Шынбергенов Ахмет Тұрғалиұлы

    ____________________

    01 ақпан 2018 жыл

                                                                                                                                Қарақия аудандық мәслихатының

                                                                                                                                2018 жылғы 1 ақпандағы № 15/179

                                                                                                                                 шешімімен бекітілген қосымша

    Қарақия ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспары

    Осы Қарақия ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың  жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

    Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

    Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық мекемелердің деректер, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері және малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер ескеріле отырып  қабылданды.

    Қарақия ауданының барлық жер көлемі 6 429 700 гектарды құрайды. Барлық жайлымдық жер көлемі 5 027 305,7 гектар.

    Жер санаттары бойынша:

    елді мекендердің жерлері  327 332, 10 гектар;

    жайылымдық жерлері 5 027 305,7 гектар;

    Үстірт қорығының жерлері 228 078,44 гектар;

    Кендірлі-Қаясан қорық жерлері 2 841 595,4 гектар;

    «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлері 54 015,0 гектар;

    Қарақия ауданының 42 620,0 гектар жерін Жаңаөзен қаласы пайдалануда.

    Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Қарақия ауданында 3 ауыл, 4 ауылдық округ және 6 елді-мекен  орналасқан.

    Мазмұны:

    1. Табиғаты

    2. Климаты

    3. Гидрографиясы

    4. Ауыл шаруашылығы

    Табиғаты:

    Қарақия ауданы Маңғыстау облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданның жер бедері негізінен жазық, солтүстік-шығысы Үстірт аумағында. Мұнда Қазақстандағы теңіз деңгейінен төмен жатқан барлық ойыстар орналасқан. Ауданның жерді қолдану массиві құрғақ жерлер аймақшасында орналасқан, бұл жерде жұсан, жантақ, сораң  шөп және тағы да басқа шөптер өседі. Мал жаюға қаралған табиғи өсімдіктер ауданның барлық аймағында тараған.

    Климаты:

    Қарақия ауданының климаты континенттік. Каспий теңізі тек ауданның жағалық өңірі климатына ғана әсері бар. Аудандағы қыс айларының орташа температурасы  – 5-10 С, жаз айларында + 25-35С. Қыста қар жамылғысы жұқа және ұзақ жатпайды. Жауын-шашын тым аз, жылдық орташа мөлшері 100-150 милиметр. Жыл бойы желді болып тұрады.

    Гидрографиясы:

    Жер беті сулары Каспий теңізінің шығыс айдыны мен жазда қарасуларға бөлініп қалатын сортаң сулы өзеншелерден (Қарақия ойысындағы Ащыағар өзені) және тұзды Қарашек көлінен тұрады. Ауданда ауыл шаруашылыққа қажетті сулар жер асты қойнауынан пайдаланылады.

    Ауыл шаруашылығы:

    Қарақия ауданы негізінен мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының өркендеп өсуіне оның  қалаға таяу орналасуы әсер етуде. Ауданда ауыл шаруашылығына жайылымдық жер көлемі 5 027 305,7 гектар, босалқы жер көлемі -1 230 290,0 гектар.

      Қарақия ауданы бойынша ірі қара мал 1 710, ұсақ мал – 53 892, жылқы -9 453, түйе – 9 706, құс – 3 218 басқа жетті.

      Қарақия ауданындағы ауылдар бойынша мал басының саны:

    қ/с

    Ауыл округтері

    Түйе

    Жылқы

    Ірі қара мал

    Ұсақ мал (қой,ешкі)

    Құс

    1

    Құрық

    564

    678

    264

    6383

    720

    2

    Жетібай

    1268

    915

    202

    5335

    756

    3

    Мұнайшы

    627

    426

    70

    2364

    270

    4

    Сенек

    2466

    2229

    616

    21819

    336

    5

    Бостан

    2567

    2160

    368

    11225

    195

    6

    Құланды

    2214

    3045

    190

    6766

    655

    7

    Болашақ

    0

    0

    0

    0

    286

    Барлығы

    9706

    9453

    1710

    53892

    3218

    Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитариялық объектілерден Қарақия ауданына қарасты ауылдардың барлығында мал дәрігерлік пункттер орналасқан және Құрық ауылында мал көміндісі жасақталған.

    Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер

    қ/с

    Ауыл округтері

    Мал дәрігерлік пунктері

    Мал  тоғыту орындары

    Мал көмінділері

    1

    Құрық

    1

    -

    1

    2

    Жетібай

    1

    -

    -

    3

    Мұнайшы

    1

    -

    -

    4

    Сенек

    1

    -

    -

    5

    Бостан

    1

    -

    -

    6

    Құланды

    1

    -

    -

    7

    Болашақ

    1

    -

    -

    Барлығы

    7

    0

    1

      Жайылым өнімділігін анықтау үшін геоботаникалық зерттеулерінің деректері қолданылады. Жайылым жерлердің құрғақ массаның орташа өнімділігі 1,5-2,0 центнер/гектар. Жайылымдағы қосалқы азық 180-200 күнге жалғасатын жайылым негізінде қолданылады.  Шабылған шөп және қосалқы азық қыстау кезеңінде қолданылады.

      Жайылым сыйымдылығын анықтау, жайылым кезеңінде оның өнімділігі туралы негізінде жүргізіледі.

      Шамамен алғанда, мал азығының келесі нормалары алынды (орта есеппен бір бас малға) ірі қара мал - 4 кг, ұсақ қара мал - 2 кг, жылқы, түйе – 6 кг. Жайылым кезеңінің ұзақтығы 180-200 күн. Осылайша, жайылым өнімін, малдың бір күндегі қажет ету көлемі жайылым кезеңінің ұзақтылығын біле отырып, жайылымның сыйымдылығын анықтауға болады.

    Ауыл шаруашылығы  жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік  графигі. Сонымен қатар, жайылым кезеңінің ұзақтығы.

    Топырақ-климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты.

    Шөлейтте: 160-180 күн.

    Бұл ретте, ірі қара малды, ұсақ малды, түйе, жылқы малдары үшін максималды  және қар жамылғысының жұқалығына, қардың ұзақ жатпайтыны және басқа да факторларға байланысты.

    Қарақия ауданы бойынша малды ауыл шаруашылық жануарларын айдап өтуге және көшіруге  арнайы жерлер белгіленген.


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk