Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Аудандық білім бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмысының есебі

    Білім беру саласы бойынша

    Есептік жылы осы салаға 3 млрд. 507 млн.теңге (2016 ж – 3 млрд. 384 млн. теңге) бөлінді, бұл барлық аудан бюджетінің 38 пайызын құрап отыр.

    Мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу, олардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау қолға алынған.

    Мектеп ғимараттарын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 19 млн. теңге жұмсалды, 31 млн теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Оқушылардың әлеуметтік қолдау бағытында бірқатар оң жұмыстар атқарылды.

    Ауданымыздың 15 мектебінде 1- сынып оқушыларына, жетім,аз қамтылған  жанұяларының балаларына тегін тамақ беруіұйымдастырылып, аудан бюджетінен 133,3 млн теңге қаражат жұмсалды.

    Жоғарыда айтылған санаттағы 1232 балаларға  (2016 -1303) қысқы киім сатып алуға әр балаға 18,4 млн.теңге жұмсалды, 1050 балаға басқа өңірлерде жазғы сауықтыру  демалысын  ұйымдастыруға  жергілікті  бюджеттен 41,6 млн теңге бөлінді.

    Ауданға қарасты білім беру ұйымдарының жалпы саны – 18 (Жетібай және Құрық ауылындағы өнер мектептері, 1 кешкі сырттай жұмысшы жастар мектебі), 16 мектепте 8 974 оқушы (күндізгі оқу - 8797, арнаулы сыныпта - 24, кешкі мектеп - 153), 19 мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары бар (2 356 бала қамтып отыр).

    2017 жылы 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 91,3%. (2016ж -85 % болған).

    2016-2017 оқу жылында мектеп бітірген 420 түлектің 202-і ҰБТ-ға қатысып, білім көрсеткішінің орта ұпайы – 76,8 пайызды құрады (2015-2016 оқу жылында - 72,3%).

    Есепті жылда 52 жас түлек (2015-2016 жылдары -40) грант иеленді, 2016 - 2017 жылы – 7 «Алтын белгі», 3 «Үздік аттестат» ие болды. (2015-2016 жылдары -1 «Алтын белгі», 3 «Үздік аттестат»).

    Мектептерде 8797 оқушы білім алады, 915 мұғалім жұмыс жасайды, оның 70,5 % - жоғары білімді.

    2017 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Құрық ауылы Ералы стансасында 300 орындық мектеп құрылысына»  - 953 529,0 мың теңге қаражат бөлініп салынды,  бүгінгі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

    Жазғы демалыс және сауықтыру шаралары

    2017 жылы «Эни С.п.А.» Концерн «АДЖИП Каспиан Си Б.В.»  компаниясының демеушілігімен аудан бойынша 5 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасы балаларына  Италияның Чезентино қаласына демалыс ұйымдастырылды. Дарынды балаларға арналған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріне 38 бала жолдама алып, демалып қайтты. 

      Жазғы мезгілде қосымша білім беру ұйымдарының 2 «Аула» клубында түрлі бағытта үйірмелер жұмыс жасады. Аула клубтары мен мектеп алаңдарына 300 бала қамтылды.

    Астана қаласындағы халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару үшін аудандағы мектептер қаражатынан 2457,0 мың теңге қарастырылып, екі кезеңде барлығы 70 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасы балалары көрмені тамашалап қайтты. Сонымен қатар, көрмеге «Өнер мерейі» қоғамдық қорының демеушілігімен 5 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасы балалары, «Эни С.п.А.» Концерн «АДЖИП Каспиан Си Б.В.» компаниясының демеушілігімен ауданымыз бойынша аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жетістігі бар дарынды 5 оқушы қатысып келді. Қала сыртында ұйымдастырылған жазғы лагердегі 150 бала  1 күндік «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады.

      Ауданымыздың жеті мектебінде оқушылардың тасымалы ұйымдастырылған.Тасымалды қажет ететін балалардың қамтылуы 100 пайыз. Аудан бюджетінен 10 ,2 млн. теңге қаражат жұмсалды 

    «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты акция аясында 1567 оқушыға 24.9 млн.теңге көлемінде әр түрлі деңгейде көмектер көрсетілді.

      Жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүжәлсіз отбасы балаларына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткен Жаңа жыл шыршасына 150 оқушыға аудан бюджетінен 4,9 млн. теңге қаражат жұмсалды.

      Балапан бағдарламасы аясында 2017 жылға жергілікті бюджеттен 253,4 млн теңге бөлініп 100 пайыз игерілді. Олардың ішінде:  9 мемлекеттік балабақша, 2 жеке меншік балабақша 3 шағын  орталық қамтылды.


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk