Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы

      Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында "Шағын және орта бизнестің дамуы – еліміздің экономикалық саясатының басымды бағыттарының бірі екендігін, шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылатындығын, біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса – Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болатындығын атап өткен болатын.

      Өнеркәсіп өнімдерінің (үй шаруашылығы секторын есепке алғанда) ауқымы 2016 жылдың қаңтар – желтоқсан айларына  564 миллион 642 мың теңге 2017 жылы қаңтар – қазан айларына  767 миллион 506 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі  135,9 пайызды құрады.

    Негізгі капиталға салынатын инвестиция  2016  жылғы 84 миллион 496 теңгені құраса, 2017 жылы 164 миллион 973 теңгеге жетті, яғни 185,7 пайызды құрап отыр.

    Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша:

    Бүгінгі таңда, ауданымызда кәсіпкерлік саласы кең қанат жайып, жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып келеді. 2017 жылдың желтоқсан айына ауданда 2238 кәсіпкерлік  субъектілері тіркеліп (2016ж-1909 кәсіпкерлік субъектілері), өткен жылмен салыстырғанда 117,2 пайызға өсті. Заңды тұлғалар – 90 (2016ж-86) – 103 пайызға өсті, дара кәсіпкерлер – 1751 (2016ж-1434) – 138 пайызға өсті, шаруа қожалықтары - 397 бірлікті құрап (2016ж-389) – 103 пайызға ұлғайды.

    2017 жылы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық төлемдерінің көлемі 182 млн 133 мың теңгені құрап, өткен жылмен (149 млн 111 мың тг.) салыстырғанда 108,2 пайызға ұлғайған. Оның ішінде заңды тұлғалардан түскені - 119 млн. 440 мың теңге (2016 жылы 111 млн. 108 мың тг.) жеке кәсіпкерлерден – 62 млн. 693 мың теңге (2016 жылы 38 млн. 003 мың тг.).

    Аудан бойынша 337 сауда және қызмет көрсету нысандары халық игілігіне жұмыс жүргізуде: Оның ішінде:

    240 сауда нысандары (226 – дүкен, 2 – орталық базар, 6-супермаркет, 6-шағынмаркет)97 – тұрмыстық, сервистік қызмет,  (мейрамханалар-10, кафе – 13, асхана – 4, наубайхан – 5,  дәріхана – 12,  қонақ  үй -3, шаш тараз -16, тігін шеберханасы- 7, сто-7, көлік жуу- 6, газ құю стансасы- 10, жанар-жағармай – 4.)

    Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі келесідей мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа алады.

    Олар:

    1. «Бизнестің  жол картасы – 2020»  бизнесті қолдау  мен дамытудың  бірыңғай бағдарламасы:

    2016 жылы аталған бағдарламаның шағын несие беру бағыты бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» МО филиалы арқылы ауданның 7 кәсіпкеріне 24 млн. 500 мың теңге несие берілді. 2017 жылға бағдарлама бойынша қаражат бөлінбеген.

    2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидияландыру, кепілдендіру, мемлекеттік гранттар беру, инфрақұрылымдарды жеткізу бағыттары бойынша әр ауылдан 1 жобаны жүзеге асыруға аудан әкімі тарапынан хаттамалық тапсырма берілді.

    Аталған бағдарламаға сәйкес алынған несиенің пайыздық мөлшерін төмендету яғни субсидиялау бойынша:

    1.  «Нағыз Тас» ЖШС-ның 20 млн. теңгені құрайтын бетон өңдеуге арналған құрал жабдықтарын алуға арналған жобасы;

    2.  Жеке кәсіпкер «Н.Джумаеваның» 8 млн. теңгені құрайтын жүк көліктерімен қызмет көрсету жобасы;

    3.  Жеке кәсіпкер «А.Бекбосинованың» 10 млн. теңге құрайтын тігін цехына құрал жабдықтар алу жобасы;

    4.  Жеке кәсіпкер «А.Бекбосинованың» банк кәсіпкерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жобасы: (507 мың 376 теңге)

    5.  «Ақ жол Құрылыс» ЖШС-ның 615 млн. теңге құрайтын асфальт қоспасын өндіруге негізгі құралдарды сатып алу жобалары Маңғыстау облысы бойынша Өңірлік Үйлестіру Кеңесінде қаралып, мақұлданды. («Форте Банк», «Банк Центр Кредит» арқылы 14-17 пайызбен алынған несиенің 10 пайызы субсидияланды).

    Сонымен қатар, Құрық ауылының кәсіпкері  Әуезхан Атаниязовтың жүк көліктерімен қызмет көрсету жобасы, Құланды ауылының  кәсіпкері Н.Қапарбаеваның айналым қаражатын толықтыруға арналған жобасының  құжаттары  (Халық банкі, БанкЦентрКредит) банктерінде  қаралуда.

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы -  аталған бағдарлама бойынша «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүзеге асырылды. Бүгінгі күні 187 азамат аталған бағдарламаға қатысып, оның 94 бизнес жобаларын қорғап тиісті сертификаттарын алды.

      Бұл азаматтар сертификаттарын алғаннан кейін Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, төменгі пайызбен несие алуға, кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға мүмкіндіктері артады.

      Қазіргі таңда аталған бағдарлама сәйкес ауданның 37 азаматы 118 млн. теңгеге (2016 жылы 38 адамға 98 млн. 700 мың теңге) төменгі пайызбен (6 пайызбен) несие алып жұмыстарын жүзеге асырды. Олардың: 23 азаматы 75,4 млн. теңгеге «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» несие алса, 14 азаматы «Атамекен Микроқаржы» ЖШС-нан несие алды.

    «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» Республикалық бағдарламаларды жете түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Қыдырберді Әндірұлының жетекшілігімен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жанындағы мобильдік орталығының 2017 жылға бекітілген кестесіне сәйкес ауданның кәсіпкерлерімен, тұрғындарымен, елді мекендерде бірнеше рет кездесулер өткізіліп, түсінік беру жұмыстары жүргізілді.

      Сонымен қатар жылда дәстүрге айналған ауданымызда екінші мәрте өткізілген шағын  және орта бизнес саласы  бойынша  «Үздік кәсіпкер - 2017» номинацисы өткізілді. Әртүрлі сала бойынша қатысқан  үміткерлер арасынан 15 үздік кәсіпкер анықталып, 43 кәсіпкер алғыс хатпен марапатталды.

    Азық–түлік, жәрмеңке:

      Ауданымызда кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі ауыл әкімдіктерімен бірлесіп әр апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдарына және жанар-жағармайға мониторинг жүргізеді. Жеке кәсіпкерлер арқылы азық-түлік тағамдарының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауданның елді-мекендерінде апта сайын жәрмеңке өткізіліп тұрады.

    Бүгінгі күні аталған жәрмеңкеде барлығы - 18,1 тонна, 1 млн. 498 мың теңгенің  өнімі арзан бағада берілді.

    Оның ішінде:   Картоп – 833 кг,

    Жуа – 538 кг,

    Сәбіз - 236 кг,

    Жанар жағармай:

    Жанар жағармай бағасына үнемі  мониторинг жүргізіліп, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына күнделікті ақпарат беріліп отыр.

    АГҚС-тегі сұйытылған мұнай газының бағасы 45 теңге, жанар жағар май бағасы АИ-92 – 162 тг, АИ-95-178 тг, АИ-80 - 89 тг, дизель отыны жазғы-160 теңге, дизель отыны  қысқы-219  құрады.

    Өндіріс, инвестициялық жобалар:

      Маңғыстау облысының 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау  Картасына енгізілген Қарақия ауданы бойынша іске асырылып жатырған инвестициялық жобалар:

    1.  «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ АҚ жобасы

    Жобаның атауы:  Құрық портында Паром кешенін салу және әмбебап  жүк-  жолаушылар паромдарын пайдалану.

    2.  «А+А Казахстан»  ЖШС жобасы

    Жобаның атауы:  «А+А Logistic»  көп салалы логистикалық орталығының құрылысы

    3.  «SEMURG INVEST»  ЖШС жобасы

    Жобаның атауы:  «Саржа» көп функциялы теңіз терминалының құрылысы 

     

    Өзіңізге белгелі, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылдың сәуір айында Құрық паромдық кешенінің құрылысы басталған болатын. Кешеннің жобалық қуаты жылына 6 млн. тонна жүкті құрайды.

      2016 жылдың желтоқсан айының 6 күні  Елбасымен тікелей телекөпір арқылы «Құрық» портындағы паромдық кешен құрылысының  бірінші кезеңінің ашылуы өтті. Қазіргі таңда екінші кезең бойынша жол құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Жобаның 1-ші және 2-ші кезеңі бойынша жалпы құны - 90 млрд теңгені құрайды.

      2017 жылға «Құрық Порт» ЖШС арқылы импортталған вагон саны – 9924  құраса (593348,322), экспортталған вагон саны – 11277 (882481,595 тонна) құрады. Барлығы 21201 вагонға (1475829,881тонна)  және  экспорт  28 (584,675 тн) автокөлікке  қызметі көрсетілді.

     

    Туризм саласы бойынша:

      Туризм әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан мұнай мен газдан кейінгі орынды иеленеді. «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында бұл саланың аса зор маңызы бар екендігі атап көрсетілген.

    Қарақия ауданында туризмді дамыту және оған қолайлы жағдай жасауға толық мүмкіндік бар. Оған ауданның табиғи және климаттық жағдайы толық мүмкіншілік береді. Ауданымызда туристік мақсатта жұмыс жасап жатқан ірі демалыс орындардың бірі «Кендірлі» демалыс аймағы.

    Сонымен қатар, бүгінгі күні сұранысқа ие Құрықтың теңіз жағалауы Қызылқұм, Жыланды мүйісі, Бозжыра шатқалы, Булыойық жерасты үңгірі, т.б нысандары туризмді дамытудың бірден-бір көзі болып табылады.

    Сондай-ақ, мәдени мұра ретінде сақталған киелі Шопан-Ата, Оғланды жеріндегі Бекет-Ата жер асты мешіттеріне еліміздің басқа өңірлерінен және шет елдерден зиярат етушілер көптеп келуде.

    2016 жылы Жетібай елді мекенінен «Мұнайшылар» мұражайының ашылып, облысымызға келген туристер мұражаймен таныстырылуда.

    Ауданымыздың туристік әлеуетін жақсарту мақсатында а.ж. наурыз айының 06 күні Маңғыстау облысы Туризм басқармасының, «Турист» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығымен кездесу өткізіліп, үш жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойылған болатын. Қазіргі таңда осы меморандум аясында ауданның туризмін дамыту әлеуетінің концепциясын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

      Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың 29 мамырдағы селекторлық мәжілісте берген тапсырмасына сәйкес  ауданның туристік әлеуетін жақсарту үшін аудан аумағынан «Этно ауыл» жобасын ұйымдастыруға ұсыныс берілді.

    1.  Ақтау қаласынан 65 шақырымда, Құрық ауылына кіре беріс жерде орналасқан аймақ. Бұл Құрық ауылына келуші қонақтардың, туристердің қызығушылық танытатын маңызды объектілеріне жақын орналасқан аймақ. Олар: «Ерсай» ЖШС, «Жыланды» мүйісі, «Тоқмақ» мүйісі, теңіз жағалауы. Бұл аймаққа суға түсу, балық аулау, автокөліктермен серуендеу мақсатында туристер көп келуде.

    2.  Кендірлі аумағы. Бүгінгі күні аталған аумақтан «Этно ауыл» жобасы бойынша жұмыс жасауға жеке кәсіпкер Б.Таджибекова ұсыныс білдіріп, өз жұмысын жүргізуде. (киіз үй, шұбат, қызметтер.).

    3.  Сонымен қатар, ауданнан іссапарға келу орталығын (визит-центр) салу бойынша инфрақұрлыммен қамтамасыз етілген және басқа да табиғи нысандарға (Бозжыра, Бекет-Ата) арақашықтығы жақын орналасқандықтан Сенек ауылынан визит-центр салу ұсынылды.

    2017 жылы ауданның кәсіпкерлері арасында үздік кәсіпкер номинациясын өткізу ұйымдастырылуда.

    Төтенше жағдайлар бойынша:

    Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі ауданда төтенше жағдайлар орын алған жағдайда сауда және тамақтандыру қызметін жүзеге асырады. 2017 жылы Тамақтандыру қызметімен -11 келісім шарт, Киім кешек жатын орындарынмен-8 келісім шарт, Техникалар қызметі бойынша -1 келісім шарт жасақталды.

    Сонымен қатар, 2017 жылы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында Ерсай Каспиан Контракшн  ЖШС-нің қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры «Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасы шеңберінде «Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында тамыз айының 28 күні Құрық ауылы Кәсіптік колледжінде бір күндік  тренинг өткізілді. Аталған тренингке 42 ауыл тұрғыны қатысты. Сонымен қатар, аталған жоба шеңберінде а.ж. 5-6 қазан күндері «Құрық жастарына арналған» 2 күндік тренинг өткізіледі. Тренинг жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу, шешім қабылдауға үйрету, рухани байыту, алға қойған мақсатқа жетуге мотивациялау, жекелей дамуға үйрету, бос уақытты дұрыс пайдалану жолдарын үйрету тақырыптары қозғалатын болады.

    Аталған жобаға белсенді қатысушы тұрғындар, кәсіпкерлер 3 млн., тг. дейін грант алуға мүмкіндіктері болады.

      2014-2015 жылдары «ЕрсайКаспианКонтрактор» ЖШС-гі қолдауымен Орталық Азияның Евразия Қоры, «Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша конкурс өткізіп, аталған конкурсқа 24 кәсіпкер бизнес жобасын ұсынған болатын, олардың ішінде 8 кәсіпкер грант иегері атанды.

      Олар:

    2014 жылы

    1)  ЖК Кикбаев Кайрат «Аяқ киім жөндеу» шеберханасын ашуға – 850 000 тг.;

    2)  ЖК Азанов Асқар «Такси» қызметін ашуға – 860 000 тг.;

    3)  ЖК Қарымсақова Ақшагул «Тігін» цехын ашуға – 784 000 тг.;

    4)  ЖК Мырзабеков Амандық «Бөдене шаруашылығы» ашуға – 900 000 тг.;

    5)  ЖК Кенжебекова Бақыт «Сұлулық салонын» ашуға – 968 000 тг..

    2015 жылы

    6)  ЖК Жұбанышова Бексұлу «Наубайхана» цехын ашуға – 786 000 тг.;

    7)  ЖК Салатов Төреғали «Токарлық цехын» ашуға – 842 000 тг.;

    8)  ЖК Салатова Кенжегүл «Жылыжайға гул өсіру» жобасына қолдау тауып, 1 232 660 тг. грант иегерлері атанды.

      Жыл басында Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, соған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.



    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk