Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысы.


    Маңғыстау  облысының Әділет департаментінде  2017 жылғы

    27 желтоқсанда № 3495 болып тіркелді.

    Сайлаулар кезінде сайлаушылармен

    кездесу өткізу үшін кандидаттарға

    шарттық негізде үй-жайлар беру

    және үгіттік баспа материалдарын

    орналастыру үшін орындарды

    белгілеу туралы

      Қазақстан Республикасының1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      2. Қарақия аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. 3 қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.

      4. «Қарақияауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі (А.Атадусов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевкежүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі  А. Дауылбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қарақия аудандық сайлау

    комиссиясының төрағасы

    Атагараев Дюсенбай Айткалиевич

    13 желтоқсан 2017 жыл.

     

                                                                                                                                                          Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                                          2017 жылғы 13 желтоқсандағы

                                                                                                                                                          № 262 қаулысына 1 қосымша

                    Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Ауыл, ауылдық округтердің атауы

    Кездесу өткізілетін орын

    Мекен-жайы, байланыс телефоны

    1

    Құрық ауылы

    Аудандық мәдениет үйінің үлкен залы

    Құрық ауылы

    8(72937) 2-14-85

    2

    Мұнайшы ауылы

    Мұнайшы ауылдық мәдениет үйі

    Мұнайшы ауылы

    8(72937) 28-3-73

    3

    Жетібай ауылы

    Жетібай ауылдық мәдениет үйі

    Жетібай ауылы

    8(72937) 26-1-30

    4

    Сенек ауылы

    «Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

    Сенек ауылы

    8(72937) 31-3-81

    5

    Бостан ауылдық округі

    Қарақия аудандық білім бөлімінің«Қарақұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Бостан ауылы

    8(72937) 61-1-07

    6

    Құланды ауылдық округі

    Қарақия аудандық білім бөлімінің«Құланды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Құланды ауылы

    8(72937) 71-0-20

    7

    Болашақ ауылдық округі

    Теміржол вокзалы

    Болашақ ауылы,

    8(72959) 42-1-20

                                                                                                                                                  Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                                   2017 жылғы 13 желтоқсандағы

                                                                                                                                                   № 262 қаулысына 2 қосымша

                             Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру   үшін орындар

    р/с

    Елді мекеннің атауы

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    1

    Құрық ауылы

    Орталық базар аумағында және аудандық мәдениет үйінің ғимаратындағы ақпараттық стендтер

    2

    Мұнайшы ауылы

    Мұнайшы ауылдық мәдениет үйі және Қарақия аудандық білім бөлімінің «Мұнайшы ауылының № 5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттарындағы ақпараттық стендтер

    3

    Жетібай ауылы

    Ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы ақпараттық стенд

    4

    Сенек ауылы

    «Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

    5

    Бостан ауылдық округі, Бостан ауылы

    Қарақия аудандық білім бөлімінің«Қарақұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

    6

    Құланды ауылдық округі, Құланды ауылы

    Қарақия аудандық білім бөлімінің «Құланды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

    7

    Болашақ ауылдық округі, Болашақ ауылы

    Темір жол вокзалы аумағындағы акпараттық стенд

                                                                                                                                                    Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                                    2017 жылғы 13 желтоқсандағы

                                                                                                                                                    № 262 қаулысына 3 қосымша

                                 Қарақия ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 146 «Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2276 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдедегі № 30 «Қарақия» газетінде жарияланған) қаулысы;

      2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 147 «Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық  негіздегі үй-жайларды беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2275 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдедегі  № 30 «Қарақия» газетінде жарияланған) қаулысы;

      3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 312 «Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №146 «Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3207 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      4. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 313 «Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №147 «Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3208 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk