Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы


    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де  инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен  шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында,  аудандық  мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны болып Құрық селосындағы Орталық алаң белгіленсін.

      2. Қарақия ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібі осы шешімнің қосымшасынасәйкес бекітілсін.

      3. Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршрут болып «Досан батыр» көшесіндегі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынанбастап «Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейінгі аралық бекітілсін.

      4. Қарақия аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі №2/20 «Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 15 мамырда №11-4-134 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 мамырда №21 (480) аудандық «Қарақия» газетінде жарияланған), Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы №16/170 «Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 13 сәуірдегі №2/20 «Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 11 сәуірде №2392 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде №19-20 (582-583) аудандық «Қарақия» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.

    5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия  аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).

    6. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы                  Қ.Көшенов

     Аудандық мәслихаттың  хатшысы    А.Мееров


    Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы

    16 шілдедегі  №4/37 шешіміне қосымша

    Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі

    Жалпы ережелер

    1. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізудің осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп)  Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына (бұдан әрі - Заң), бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

    2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ретінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі арнайы белгіленген орында немесе арнайы бағдарда, белгіленген күні және уақыт аралығында ауданның жергілікті атқарушы органынан алған жазбаша рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтарының қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерін, сондай-ақ наразылық білдіруге бағытталған іс-әрекеттері танылады.

    3. Бейбіт жиналыстар мен митингілер үшін арнайы орындар, ал шерулер мен демонстрациялар үшін – арнайы бағдарлар белгіленеді.

      Пикеттер және аштық жариялау үшін арнайы орындар белгіленбейді.

      Арнайы орындарды белгілейтін ауданның жергілікті атқарушы органы аталған аумақтарды тиісті түрде жабдықтауға, оларды бейбіт жиналыстарды, митингілерді өткізу мақсатында қолдану үшін бейімдеуге (орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру) тиіс.

      Арнайы орындар міндетті түрде ішкі істер органдарының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларамен немесе объективті себептер бойынша жедел басқару орталығының мұндай камераларын орнату мүмкін болмаған жағдайда тиісті акцияларды өткізу уақытына жылжымалы бейнебақылау кешендерімен жабдықталуы тиіс.

      Ауданның жергілікті атқарушы органы аталған аумақтардың тұрақты түрде жиналуын, тазалануын қамтамасыз етуге тиіс.

    4. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу қағидаттары:

    1) заңдылығы – Қазақстан Республикасы Конституциясын, Заңын, осы Тәртіптің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;

    2) бейбіт жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға қатысудың еріктілігі.

    Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының іс-әрекеттері

    5. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу туралы өтінішті беру кезінде Заңның 3-бабының талаптарын бұзу рұқсат беруден бас тартуға негіз бола алмайды. Мұндай жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің қолы қойылған және кемшілікті жаңа өтініш беру арқылы жою туралы ұсынысты қамтитын түсіндірме сипатындағы ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі ол түскен уақыттан бастап есептеледі.

    Әртүрлі өтініш берушілерден өткізу күні бір-біріне сәйкес келетін бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініштер түскен жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органымен бұрынырақ түскен өтініш қаралады, ал қалғандарына іс-шараны өткізу күнін қайта қарастыру туралы түсіндірме сипатындағы жауап беріледі.

    6. Ұйымдастырушылар бейбіт жиналыстар мен митинг өткізу үшін белгіленбеген орын сұралған жағдайда өтініш берушілерге акцияны арнайы белгіленген орында өткізу жөнінде ұсыныспен бірге жауап беріледі.

    7. Ауданның жергілікті атқарушы органы елдегі айтулы күндер мен оқиғаларды ұйымдастыру және өткізу қажеттілігі үшін, қоғамдық қауіпсіздікті, басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге рұқсат беруден бас тартуға құқылы.

    8. Ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі дәлелді болуға, Заң мен осы Тәртіптің нормаларымен қатар, ұйымдастырушылардың сол және өзге де нормалар мен талаптардың сақталмауы көрсетілген нақты дәйектерге негізделуге тиіс.

      Бұдан бөлек, рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, ұйымдастырушылар дереу барлық дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша және ықтимал қатысушыларды тиісті хабарландыру бойынша шаралар қабылдауы керек екендігі түсіндірілуге тиіс.

      Сондай-ақ, рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастыру және өткізу үшін заңмен белгіленген жауапкершілігі туралы түсіндірме берілуі қажет.

    9. Ұйымдастырушылар өз бетімен дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, ауданның жергілікті атқарушы органы өзінің ресми интернет-сайтында, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар заңсыз акцияға шақыруларын орналастырған немесе орналастырып жатқан барлық ресурстарда рұқсат етілмеген акцияға қатысқаны үшін жауапкершілігі туралы ескертуді қамтитын рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты орналастырады.

    Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрациялар өткізуді ұйымдастырушылардың әрекеттері

    10. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыруға жататын әрекеттер:

    1) ауданның тиісті атқарушы органына бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу туралы өтініш беру;

      Өтініште:

    -  іс-шараның мақсаты;

    -  іс-шараның нысаны;

    -  іс-шараны өткізу орны (орындары), қатысушылардың қозғалыс бағдары;

    -  іс-шараның басталуы және аяқталуының күні мен уақыты;

    -  қатысушылардың болжамды саны;

    -  ұйымдастырушының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру нысаны мен әдістері, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды қолдану ниеті;

    -  іс-шараны ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, оның тұрғылықты мекен-жайы не қазіргі уақытта мекендеген жері немесе тұрған орны туралы мәлімет және телефон нөмірі;

    -  ұйымдастырушымен іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша билік ету функцияларын орындауға уәкілеттік берілген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты;

    -  іс-шараны өткізу туралы хабарландыруды беру күні көрсетіледі.

    2) көрнекі насихат құралдарын дайындау және тарату;

    3) акцияны ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттер жатады.

    11. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған бір немесе бірнеше азаматы бейбіт жиналыстардың, митингілердің, шерулердің, пикеттер және демонстрациялардың ұйымдастырушысы бола алады.

      Мыналар ұйымдастырушы бола алмайды:

    1) сот шешімімен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлға, сондай-ақ соттың үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар;

    2) заңмен белгіленген тәртіппен әрекеті тоқтатылған немесе тыйым салынған немесе таратылған саяси партия, басқа да қоғамдық бірлестік және діни бірлестік, олардың аймақтық бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелері.

    12. Ұйымдастырушылардың құқықтары бар:

    1) акцияны өткізу туралы өтініште көрсетілген немесе ауданның жергілікті атқарушы органымен келісілген соң өзгертілген орындар мен арнайы бағдарда және уақытта бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізуге;

    2) ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алған жағдайда акцияның мақсатын қолдау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, үндеу парағын тарату, плакат, транспарант, ұран дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда алдын ала насихат жүргізуге;

    3) іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша акцияның жекеленген қатысушыларына билік ету функцияларын орындау уәкілеттігін беруге;

    4) ерікті қайырымдылықты жинауды, қарарларға, талаптарға және азаматтардың басқа да өтініштеріне қол жинауды ұйымдастыруға;

    5) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге азаматтардың құқығын бұзатын мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.

    13. Ұйымдастырушы міндеті:

    1) ауданның жергілікті атқарушы органына Заңмен белгіленген тәртіппен көпшілік іс-шараны өткізу туралы өтініш беруге;

    2) бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер, демонстрациялар және шерулер өткізу туралы өтініште көрсетілген немесе ауданның жергілікті атқарушы органымен келісу нәтижесінде өзгертілген акцияны өткізу шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

    3) акцияға қатысушылардан қоғамдық тәртіпті және іс-шараны өткізу регламентін сақтауды талап етуге. Акцияны ұйымдастырушының заңды талаптарын орындамаған тұлғалар іс-шараны өткізу орнынан кетірілуі мүмкін;

    4) акцияны өткізу кезінде өз өкілеттігінің шегінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ал Заңда көзделген жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілімен және ішкі істер органдарының уәкілетті өкілімен бірлесіп, олардың барлық заңды талаптарын орындай отырып осы міндетті орындауға;

    5) қатысушылар құқыққа қайшы әрекеттерді жасаған жағдайда акцияны тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

    6) акцияны өткізу орнында жасыл желектің, кіші сәулет нысандарының, ғимараттар мен құрылыстардың, жабдықтардың және басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

    7) акцияның қатысушыларына ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің іс-шараны тоқтата тұру немесе тоқтату туралы талабын жеткізуге;

    8) акция ұйымдастырушысының айрықша белгісін иеленуге. Ұйымдастырушы өкілеттік берген тұлғаның да айрықша белгісі болуы міндетті;

    9) акцияға алкогольдік және есірткелік масаң күйіндегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуге;

    10) бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді пикеттер және демонстрацияларды өткізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, сондай-ақ кімді болса да кемсітуге бағытталған транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), көпшілік алдында сөз сөйлеулерді дайындауға және/немесе қолдануға жол бермеуге міндетті.

    14. Көпшілік іс-шараға қатысушылардың құқықтары бар:

    1) акцияның мақсаттарына сәйкес шешімдерді талқылауға және қабылдауға, өзге де ұжымдық әрекеттерге қатысуға;

    2) көпшілік іс-шараны өткізу кезінде түрлі белгілер мен ұжымдық және жеке пікірді білдірудің өзге де құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған насихат құралдарын қолдануға;

    3) қарарлар қабылдап, оларды және талаптар мен азаматтардың басқа да өтініштерін мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктерге, халықаралық және өзге де органдар мен ұйымдарға жолдауға құқығы бар.

      Көпшілік іс-шараны өткізу кезінде оның қатысушылары міндетті:

    1) бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді ұйымдастырушының, ол өкілеттік берген тұлғалардың, ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің барлық заңды талаптарын орындауға;

    2) қоғамдық тәртіпті және акцияны өткізудің регламентін сақтауға міндетті.

    Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату

    15. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату негіздері:

    1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне нақты қауіп төндіру;

    2) акцияға қатысушылардың құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы және іс-шараны ұйымдастырушының бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібіне қатысты Заң нормаларын қасақана бұзуы, соның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішу, есірткі және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды қолдану, сондай-ақ кімді болса да кемсітуге бағытталған транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), көпшілік алдында сөз сөйлеулерді қолдану болып табылады.

    16. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату тәртібі:

    1) акцияны тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілі:

      - акцияны тоқтатудың себебін негіздеп, ұйымдастырушыға бұл жөнінде нұсқау береді және 24 сағаттың ішінде аталған нұсқауды жазбаша ресімдеп ұйымдастырушыға тапсырады;

      - ұйымдастырушы іс-шараны тоқтату туралы нұсқауды орындамаған, жағдайда тікелей іс-шараға қатысушыларға жүгініп, іс-шараны тоқтату туралы нұсқауды орындау үшін қосымша уақыт белгілейді.

    2) іс-шараны тоқтату туралы нұсқауды орындамаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып, іс-шараны тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      Іс-шараны тоқтату бойынша көрсетілген тәртіп жаппай тәртіпсіздік, бүлік шығару, өрт салу және шұғыл әрекеттерді қажет ететін басқа да жағдайларда қолданылмайды. Мұндай жағдайда іс-шараны тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Іс-шара қатысушыларының ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамауы немесе іс-шараның жекелеген қатысушыларының оларға бағынбауы (қарсылық көрсетуі) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      17. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу шарттарын қамтамасыз ету:

    1) іс-шараны ұйымдастырушы, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтардың іс-шараға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті және іс-шараны өткізу регламентін бұзбайтын әдіспен өзінің пікірін білдіруіне кедергі келтіруге құқығы жоқ;

    2) іс-шараны өткізуге себеп болған мәселелер жолданған мемлекеттік билік органдары осы мәселелерді мәні бойынша қарауға, ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті шешім қабылдауға, қабылданған шешім туралы іс-шаранының ұйымдастырушысына хабарлауға міндетті.


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk