Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

    Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы

    14 ақпандағы № 38 қаулысы.

    Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 наурызында № 3288 болып тіркелді.

    «Қарақия ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің, аудандық   бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының  «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік   қызметшілерінің қызметін бағалаудың   әдістемесін бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген)бұйрығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 155 «Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3070 болып тіркелген, 2016 жылғы 30маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Б.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Таубаевқа жүктелсін.

    5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі  Ә. Дауылбаев

     

      Қарақия ауданы әкімдігінің

      2017 жылғы 14 ақпандағы № 38

      қаулысымен бекітілген

    «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің,

    аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      «Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.

      Ауылдық округ, ауыл әкімдерінің және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының басшыларын бағалау аудан әкімімен не уәкілдік берілген оның орынбасарларының бірімен жүргізіледі.

      5. Жылдық бағалау:

      1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қарақия ауданы әкімінің аппараты), аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу үшін, жұмыс органы Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан болса, өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның орнында болмаған төрағасын не мүшесін алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру нәтижелері Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қарақия ауданы әкімі аппаратында құрылған бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      11. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.

      12. «Б» корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір данасы Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне беріледі. Екінші данасы «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысында болады.

      3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады. 

      Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

      4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

    17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

    18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

    Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

    19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

    20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

    Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде құжат айналымы қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

    21. Еңбек тәртібін бұзуға:

    1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігуі;

    2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

    Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

    22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

    23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

    24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

    25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусы қызметшісімен қол қойылады.

    «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкерімен және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысымен еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасалады.

    26. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

      – тоқсандық баға;

    a – көтермелеу баллдары;

    в – айыппұл баллдары.

    27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз», 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – «қанағаттанарлық», 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – «тиімді», 130 баллдан астам – «өте жақсы».

      5. Жылдық бағалау

    28. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

    29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

    30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:

    Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

    Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

    Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

    Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

    31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағы «Б» корпусының қызметшісімен расталады.

    «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысымен танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасалады.

    32. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасы мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептелінеді:

      – жылдық баға;

      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 28-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

    "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

    "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

    "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

    "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

    – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – "қанағаттанарлық; 4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".

    6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

    1) толтырылған бағалау парақтарын;

    2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

    3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

    35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды:

    1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

    2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.

      «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

    «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкерімен танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасалады.    37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Қарақия ауданы  әкімі

    аппаратының персоналды басқару бөлімінде сақталады.

    7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

    38. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, Қарақия ауданы әкімі аппаратына Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

    40. Қабылданған шешім туралы ақпарат Қарақия ауданы әкімі аппаратымен екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне беріледі.

    41. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

    8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

    42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

    43. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.

    44. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

    «Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

    45. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

    46. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

    47. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

      «Қарақия ауданы әкімінің аппараты»

      мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен

      қаржыландырылатын аудандық атқарушы

      органдарының «Б» корпусы мемлекеттік

      әкімшілік қызметшілерінің қызметін

      бағалаудың әдістемесіне

      1-қосымша

      нысан

    «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

    __________________________________ жыл

    (жеке жоспар жасалатын кезең)

    Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_____________________

    ____________________________________________________________________

    Қызметшінің лауазымы:_______________________________________________

    Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________

    ____________________________________________________________________

    № р/с

    Мақсаттық көрсеткіштер*

    Күтілетін нәтижелер

    1

    Мақсаттық көрсеткіш 1

    2

    Мақсаттық көрсеткіш 2

    3

    Мақсаттық көрсеткіш 3

    4

    Ескертпе:

    *- Мақсаттық көрсеткіштер «Қарақия ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

    Қызметші

    _______________________________

    (тегі, аты-жөні)

    күні  __________________________

    қолы__________________________

    Тікелей басшы

    _______________________________

    (тегі, аты-жөні)

    күні_______________________________

    қолы______________________________

      «Қарақия ауданы әкімінің аппараты»

      мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен

      қаржыландырылатын аудандық атқарушы

      органдарының «Б» корпусы мемлекеттік

      әкімшілік қызметшілерінің қызметін

       бағалаудың әдістемесіне

       2-қосымша

      нысан

    Бағалау парағы

    _____________________тоқсан_____жыл

    (бағаланатын кезең)

    Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда):___________________________________________________

    Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________

    Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________

    ____________________________________________________________

    Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

    № р/с

    Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

    Тікелей басшының бағалауы

    Ескерту

    Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

    Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

    Еңбек тәртібін

    бұзу фактілері туралы мәліметтер

    Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

    Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

    Еңбек тәртібін

    бұзу фактілері туралы мәліметтер

    1

    2

    3

    Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

    Бағалау нәтижесі:

    Қызметші

    _______________________________

    (тегі, аты-жөні)

    күні  __________________________

    қолы__________________________

    Тікелей басшы

    _______________________________

    (тегі, аты-жөні)

    күні_______________________________

    қолы______________________________

        «Қарақия ауданы әкімінің аппараты»

      мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен

      қаржыландырылатын аудандық атқарушы

      органдарының «Б» корпусы мемлекеттік

      әкімшілік қызметшілерінің қызметін

      бағалаудың әдістемесіне

      3-қосымша

      нысан

    Бағалау парағы

    _________________________________________________ жыл

    (бағаланатын жыл)

    Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты

    (болған жағдайда):______________________________________________________________

    Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________

    Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________

    ____________________________________________________________

    Жеке жоспарды орындау бағасы:

    № р/с

    Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

    Маңызы

    Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

    Басшының бағалау нәтижелері

    Ескерту

    1

    1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

    2-ден 5 ке дейін

    2

    2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

    2-ден 5 ке дейін

    3

    3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

    2-ден 5 ке дейін

    4

    Қызметші

    _______________________________

    (тегі, аты-жөні)

    күні __________________________

    қолы__________________________

    Тікелей басшы

    __________________________________

    (тегі, аты-жөні)

    күні_______________________________

    қолы______________________________

     

      «Қарақия ауданы әкімінің аппараты»

      мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен

      қаржыландырылатын аудандық атқарушы

      органдарының «Б» корпусы мемлекеттік

      әкімшілік қызметшілерінің қызметін

        бағалаудың әдістемесіне

      4-қосымша

      нысан

    Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ______________________________________________________

    (мемлекеттік органның атауы)

    ________________________________________________________________________________ (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

    Бағалау нәтижелері

    р/с

    Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

    Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі (болған жағдайда)

    Комиссияның ұсынымдары

    1.

    2.

    ...

    Комиссия қорытындысы:

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Тексерген:

    Комиссия хатшысы:_______________________________  Күні: ________

       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

    Комиссия төрағасы:________________________________  Күні: ________

     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

    Комиссия мүшесі:__________________________________  Күні: ________

       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk