Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Шағын және орта бизнестің дамуы
Изменено: 20.09.2016
Қаралды: 73

       Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында "Шағын және орта бизнестің дамуы – еліміздің экономикалық саясатының басымдықты бағыттарының бірі екендігін, шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылатындығын. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса – Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болатындығын атап өткен болатын.

       Бүгінгі таңда, ауданымызда кәсіпкерлік саласы кең қанат жайып, жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып келеді.

       Мәселен, 2016 жылы ауданда 2310 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 106,3 пайызға өскен. Оның ішінде заңды тұлғалар саны - 63, дара кәсіпкерлер саны - 2018 және шаруа қожалықтар саны - 229. Оларда ресми түрде 2547 адам қызмет етеді.

2016 жылдың бірінші жарты жылдықта өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 288 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,7 пайызға өскен.

2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық төлемдерінің көлемі 515,9 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 127,6 пайызға артық түскен.

Аудан бойынша 315 сауда және қызмет көрсету нысандары халық игілігіне жұмыс жүргізуде: Оның ішінде: 208 сауда нысандары (206 – дүкен, 2 – орталық базар)35 - тұрмыстық қызмет нысандары, 52 - сервистік қызмет нысандары.

  Кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында «ЕрсайКаспианКонтрактор» ЖШС-гі Орталық Азияның Евразия Қорымен бірлесе отырып, «Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша конкурс өткізіп, аталған конкурске 24 кәсіпкер бизнес жобасын ұсынған болатын, олардың ішінде 8 кәсіпкер грант иегері атанды.

  Олар:

2014 жылы

1)  ЖК Кикбаев Кайрат «Аяқ киім жөндеу» шеберханасын ашуға – 850 000 тг.;

2)  ЖК Азанов Асқар «Такси» қызметін ашуға – 860 000 тг.;

3)  ЖК Қарымсақова Ақшагул «Тігін» цехын ашуға – 784 000 тг.;

4)  ЖК Мырзабеков Амандық «Бөдене шаруашылығы» ашуға – 900 000 тг.;

5)  ЖК Кенжебекова Бақыт «Сұлулық салонын» ашуға – 968 000 тг..

2015 жылы

6)  ЖК Жұбанышова Бексұлу «Наубайхана» цехын ашуға – 786 000 тг.;

7)  ЖК Салатов Төреғали «Токарлық цехын» ашуға – 842 000 тг.;

8)  ЖК Салатова Кенжегүл «Жылыжайға гул өсіру» жобасына қолдау тауып, 1 232 660 тг. грант иегерлері атанды.

ЖК Мырзабеков Амандыққа бөдене шаруашылығын одан әрі кеңейту мақсатында а.ж. сәуір айында Құрық ауылынан 0,9 га жер телімі берілді. Қазіргі таңда 60 бөдене, 100-ге жуық тауық және қаз құстарын өсіріп, жұмыртқаларды қол жетімді бағамен тұрғындарға беруде.

Сонымен қатар, шағын өнеркәсіптік бизнестің дамуын ынталандыру, сол арқылы Қарақия ауданының экономикалықдамуына ықпал ету мақсатында Құрық ауылынан арнайы аграрлық аймаққа жер телімі бөлінді.

Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы аграрлық аймаққа инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджетке сұраныс берілді. Аталған жобаның жалпы құны 382 598 000 тг. құрап отыр.

Жоба іске қосылған жағдайда кемінде 150 жұмыс орнын ашылады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасының орындалысы

  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында 2013-2015 жылдары субсидияланған және кепілдендірілген жобалар:

  ЖК Б.Абдуллаева - Жетібай аулындағы «Тұмар» балалар ойын кафесі - 7,8 млн. тг.

  ЖК Ж.Бисенбаев - Жетібай ауылындағы «Балабақша құрылысы» - 20 млн. тг.

  Жетібай ауылындағы «Аян Ақтау» ЖШС - «Уатылған тастан қосымша құс жемдерін өндіру» жобасы - 40 млн. тг.

  ЖК Г.Бекпауованың Құрық ауылындағы «Көкөніс өнімдерін консервілейтін цех» жобасы – 4 млн. тг.

  Сонымен қатар, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап ауданымызда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау мақсатында Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарақия аудандық филиалы өз жұмысын жүргізіп келеді.

  2015 жыл бойынша 395 бастаушы кәсіпкерлерге консультативтік кеңес беріліп қызмет көрсетілді. Аудан бойынша «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімде оқу курстарынан 54 адам оқытылып, арнайы сертификаттарын алды.

  Ағымдағы жылы 187 бастаушы кәсіпкерлерге консультативтік кеңес берілді, «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімде оқу курстарынан 53 адам оқытылып, арнайы сертификаттарын алды.

Ағымдағы жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге төменгі пайызбен (6 пайыз) микрокредит беру жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарлама бойынша микрокредит (несие) алуға бүгінгі күні 8 кәсіпкер ниет білдіруде, олардың 4 (төрт) жобасы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалына құжаттары толықтай тапсырылып, комиссияда қаралуда.

Олар:

1)  ЖК Кадиев Асқар «Дүкен құрылысына қажетті құрал жабдықтар алуға - 4 млн. тг.

2)  ЖК Кубиева Айша  «Автокөлік жөндеу орталығын ашуға - 6 млн. тг.

3)  ЖК Бағдабаев Аманғали «Мал шаруашылығына (түйе малын өсіру)» - 4 млн. тг.

4)  ЖК Сұлтанов Дәурен «Мал шаруашылығы (түйе малын өсіру)» - 2 млн. тг.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «АзияТенизГрупп» ЖШС-гі 725 млн. тг. Құрық аулында жатақхана құрылысын салуға алынған несиенің пайыздық мөлшерін субсидиялау шарты бойынша екінші деңгейлі банктен ағымдағы жылы оң қорытындысын алып, қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аймақтық үйлестіру кеңесінде комиссияда қаралуда.

Және де, ЖК кәсіпкер Бекпауова Гүлжамалдың «Құрық ассорти» концервілік цехына инфрақұрылым тартуға 4 млн тг. қаражат қаралып, газ желісі жүргізілді. Бүгінгі күні аталған цех жылына көкөніс өнімдерінен 12 мың банкі концервілік өнімін шығаруда.

                                     Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…