Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қазақстандағы үлескерлік құрылыс: үлестік қатысу шартымен тұрғын үйді сатып алуда оларды қалай қауіпсіздендіруге болады?

17.08.2016

Біздің әрқайсымыз жеке меншіктегі жылжымайтын мүлік туралы армандаймыз, оны сатып алудың әр түрлі мүмкіндіктері бар. Сіз тұрғын үйді мемлекеттен ала аласыз, оны жекешелендіре аласыз немесе  тұрғын үй құрылысына мемлекеттен жерді алдын ала алып, жеке меншік үйдің құрылысын бастай аласыз, «Қазақстан Тұрғынүйжинақ банкі» АҚ желісі бойынша, ипотекаға сатып ала аласыз немесе бар қаражат есебінен тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатыса аласыз.

Қазақстандағы Үлескерлік құрылыс –  жылжымайтын мүліктің өсіп келе жатқан нарығын ескерумен және азаматтардың ондағы қажеттіліктер себебі ретінде кеңінен таралған тәжірибе. Тұрғын үйдің үлескерлік құрылысы артықшылықтар тобына ие, олардың бастысы қайталамалы тұрғын үймен салыстығанда анағұрлым төмен баға. Сонымен қатар белгілі бір қауіптер де бар, мысалы күтілімдерге сәйкес келмеуі немесе объектіні пайдалануға тапсыру, рәсімдеуде салушы компаниялардың алдауы немесе тікелей құрылысты ұзақ күту. Аталмыш мақалада сіз үлестік қатысу шартымен жылжымайтын мүлікті сатып алуда алаяқтық, алдау және күтпеген оқиғалардан сақтану үшін қандай сақтандыру шараларын қабылдау керектін білесіз.

«Тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың бір тарап тұрғын үй салуды және нәтижелері бойынша екінші тарапқа тұрғын үй-жай түрінде үлесін беруді міндетіне алатын қатынастары. Басқаша айтқанда, сіз ақша төлейсіз, ал сізге тұрғын үйді салады және береді.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт – бұл үлескерлердің қаржысын қатыстыру есебінен тұрғын үй құрылысымен байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін салушы, жобалық компания және банк-агент арасында жасалатын шарт.

Үлескер – бұл жобалық компанияға әрі қарай аударуға арналған, банк-агенттің ағымдық шотына (үлескердің депозиті) ақша енгізу жолымен тұрғын үй ғимараттарының құрылысына қатысатын жеке (уақытша келген шетелдік азаматтарды қоспағанда) немесе заңды тұлға. 

Осылайша, үлестік құрылыс процесіне үлескер азаматтар, деопзитке қаржыны қабылдайтын банк-агент, құрылысшы. Мемлекет өз кезегінде лицензия беруді және тоқтатуды реттейді, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттардың есебін жүзеге асырады және құрылыстың нормаларының сақталуын қадағалайды. Төменде тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысу және аталмыш жағдайда өзін қамтамасыз ету үшін сіз қабылдай алатын шаралар алгоритмі ұсынылған.

1. Өзіңіз үшін тұрғын үй сипаттамасын анықтау және инфрақұрылымға тілектер

Алдымен тұрғын үй үшін болашақта  төлемді енгізу мүмкіндіктері және қаржының болуы, сізбен тұратын адамдардың санына қарай тұрғын үй алудың қандай параметрлерін көздейтініңізді шешу қажет. Сіз қаражат бөле алатын соманы, аудан және тұрғын класын қабырғалар материалын (тұтас/кірпішті), инфрақұрылымның дамуы және орналасуын, аймақта балабақшалардың (сіз баланы кезекке онлайн қоя аласыз немесе кезек нөмірін қарай аласыз), мектептердің болуын және басқа да сізге қажетті аспектілерді анықтау қажет. Ауданды таңдауда қаланың бас даму жоспарымен танысып, құрылыс компанияларының растауына ғана сенбей жоспарға сәйкес, ықтимал таңдалған учаскені бағалаған дұрыс.

Осы жерде салынатын объект қандай кезеңде екенін, өз тұрғын үйіңізді сіз қанша ұзақ күте алатыныңызды түсінген жөн. Біреулерге тұрғын үйдің жоспарлы жобасы ғана қолайлы болуы мүмкін, ал тағы бірқатар адамдарға қабырғалардың салынуы және инфрақұрылымның дамуы қажет. Бұл жерде жобаның аяқталуы неғұрлым жақын болса, тұрғын үй құны да сәйкесінше жоғары екенін ескерген жөн.

2. Тиісті құрылыс компаниясын таңдау.

Қазақстандағы және тікелей Астана және Алматы қалаларындағы құрылыс нарығы тұрғын үйді сатып алу үшін барлық жаңа мүмкіндіктер және шарттарды ұсына отырып, дамуын жалғастыруда. Үлестік қатысумен тұрғын үйді сатып алуда бірінші кезекте, құрылыс компаниясының беделіне, салынған объектілер және олардың сапасына, құрылыс мерзімдеріне және нормаларды сақтау және тұрғын үйді сатып алу шарттарына назар аударған жөн. Дағдарыс кезінде көптеген құрылыс компаниялары да шығынға ұшырады және құрылысты аяқтауда да қиындықтар туындады.

Егер тұрғын үйді ұсынатын құрылыс компаниясы сіз өзіңіз үшін бірінші тармақта анықтаған өлшемдер бойынша сізді қанағаттандырса компанияның адалдығына көз жеткізу қажет. Құрылыстың сапасы туралы пайдалануға берілген үйлерде тұратын адамдардың пікірі айтады. Осы сияқты ақпарат материалдар және құрылымдардың техникалық сипаттамасына қарағанда барынша айқын болады.

Құрылыс компаниясының сенімділігінің бірден-бір көрсеткіші үлескерлердің депозиттік төлемдерін қабылдайтын банк-агент шығуы мүмкін. Жоғары абырой-беделді сенімді банк тұрақсыз немесе күмәнды құрылыс компаниясымен жұмыс істемесі анық.

3. Құрылыс компаниясының және болашақ үйдің қажетті құжаттарын тексеру

Құжаттарды рәсімдеу ең ұнамды рәсім болмаса да, үлкен жауапкершілікті талап ететіндер қатарында. Құрылысшы компанияның және салынатын тұрғын үй құжаттамасының қандай жағдайда болуына көп нәрсе тәуелді, сол себепті төменде ықтимал үлескерге құрылысшы-компания қандай құжаттарды ұсынуға міндетті екені туралы төменде білесіздер.

Тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысуда  сұрау қажет болатын құжаттар және ақпарат

Құрылыс компанияларының үлескерлердің ақшаларын қатыстырумен тұрғын үй құрылысына лицензия алудың ерекше шарттары бар. Құрылыс компаниясы тұрғын аудандарды сатуға мүдделі, ал аталған ақпарат құпия болып табылмайды, осы ақпаратты ұсынуда мәселелер туындамауы тиіс.  

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заңның 6-1-бабына сәйкес үлескерлердің ақшасын қатыстыру есебінен салушыларға тұрғын ғимараттардың құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметке лицензия 2 кезеңге беріледі.  Оны алудың заңдылығын растайтын (сіз лицензияның дұрыстығын онлайн тексере аласыз ) құжаттарды сұрату және таңдалған құрылыс компаниясының айқындылығына сенімді болу үшін осы лицензияны алудың шарттарын білу маңызды болады. Егер осы құжаттар дұрыс болмаса, аталмыш құрылыс фримасымен әріптестік туралы ойланған жөн.

Бірінші кезеңде  үлескерлердің ақшаларын қатыстыру есебінен тұрғын үй ғимараттарының құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметке лицензияның бірінші кезеңінде мынадай біліктілік талаптарын жобалық компанияның растауымен 6 ай мерзімге беріледі:

  • жерді пайдалану құқығында немесе меншік құқығында жобалық компанияда тиісті жер учаскесінің болуы;
  • сараптаманың оң қорытындымен құрылыстың нөлдік циклі кезеңінде жобалық/жобалық-сметалық құжаттаманың болуы;
  • нөлдік циклге құрылыс-құрастыру жұмыстарына рұқсаттың болуы; нөлдік циклге құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың болуы;
  • банк-агентпен шарттың болуы;
  • нөлдік цикл құрылысының эквиваленттік құнынан кем емес мөлшерде немесе тұрғын ғимараттың құрылыс құнынан 15% кем емес  мөлшерде тұрғын үй құрылысының өзіндік капиталдың болуы.

Үлескерлердің ақшаларын қатыстыру есебінен тұрғын үй ғимараттарының құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметке лицензияның екінші кезеңінде мынадай біліктілік талаптарын растауда тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актіге қол қойғанға дейінгі мерзімге беріледі:

  • сараптаманың оң қорытындысымен құрылыстың жобалық/сметалық құжаттамасының болуы;
  • тұрғын ғимаратты салудың нөлдік циклін аяқтау;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген, банк-агенттің тұрғын ғимаратының құрылыс құнынан 15 % кем емес мөлшерде үлескерлердің депозиттерінің болуы;
  • құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестицияларды ұсыну туралы инвестормен келісім және тұрғын ғимараттың құрылыс құнынан 25 % кем емес мөлшерде өзіндік капиталдың болуы немесе толық көлемде құрылысты аяқтау үшін өзіндік капиталдың болуы;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйымдармен шарттың болуы.

Құрылыстың әр кезеңдерінде лицензия алу үшін әр түрлі талаптар талап етіледі, сол себепті тұрғын үй дайындығының деңгейіне байланысты әр түрлі құжаттарды сұрайтын болады.

4. Шарт жасасу

Шарт жасасу үлестік қатысумен тұрғын үйді сатып алудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады, сол себепті дәл осы кезеңде өте мұқият болу керек. Құрылыс және ТКШ істері комитеті үлгілік шартты бекітеді, оның негізінде компания шарты жасалады. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес шарт жасасудың міндетті шарттары бар, дәл осы бапқа сәйкес оны Құрылыс және ТКШ істері комитетінде тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың міндетті талаптары

Егер шарттағы талаптардың кем дегенде бірі болмаса сақ болған жөн, себебі Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру ережелеріне сәйкес бұндай шарт  мемлекеттік органға есепке қойыла алмайды және сәйкесінше заңды болып табылмайды. Шарт салынған тұрғын ғимараттағы оның үлесін үлескерге беру туралы актіге қол қойғаннан кейін есептен алынады.

Егер олар болса, құрылыс компаниясымен айтылған талаптар және міндетті шарттардың сәйкестігіне тармақтар бойынша шарттың мазмұнын міндетті түрде тексеріңіз. Аталмыш шара сізді болашақтағы күтпеген жағдайлардан сақтандырады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарт

______________ қаласы  20 ____ жылғы "____"  _________
  Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, бұдан әрі "Құрылыс салушы" деп аталатын, _____________________ негізінде әрекет жасайтын ________________ атынан_________, бұдан әрі "Жобалау компаниясы" деп аталатын, _______________ негізінде әрекет жасайтын __________ атынан _________, бұдан әрі "Үлескер" деп аталатын,_______________ негізінде әрекет жасайтын _______________, бұдан әрі "Банк-агент" деп аталатын, ________________ негізінде әрекет жасайтын ___________________ атынан ___________ мына төмендегілер туралы осы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

  Шарттың мәні

  1. Шарт бойынша:
  1.1. Құрылыс салушы тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) (бұдан әрі - тұрғын үй ғимараты) салуды ұйымдастырады және кепілдік берілген мерзім ішінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен Шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының сақталуын қамтамасыз етеді;
  1.2. Жобалау компаниясы ____________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үй ғимаратын ______ дейінгі мерзімде салады және оны пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін Үлескерге оның жалпы алаңынан "___" үлесін (тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайын) беру актісі бойынша береді;
  Үй-жайдың жалпы алаңын есептеу 3.02-43-2007 ҚР ҚНжЕ мемлекеттік нормативіне сәйкес анықталады, 1-қосымша (міндетті).
  1.3. Үлескер банк шоты шартын жасайды және Шарттың 4, 5-тармақтарында келісілген мөлшерде және тәртіппен ақша салады әрі тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беруге рұқсат болған кезде тұрғын үй ғимаратындағы үлесін алады;
  1.4. Банк-агент:
  банк шоты шартының талаптарында Үлескердің депозитін қабылдайды;
  Үлескер тұрғын үй ғимаратындағы үлесін алғаннан кейін ақшаны Үлескердің депозитінен Жобалау компаниясына аударады, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді;
  егер Үлескер мен Жобалау компаниясы, жаңа Үлескер Шарттағы міндеттемелердегі тұлғаны ауыстыру туралы келісімге қол жеткізсе, оның ішінде жаңа Үлескер жаңа Банк-агентті таңдаған кезде, Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру/борышты аудару туралы келісімге қол қоюға міндетті.
  2. Осы Шарт Жобалау компаниясы тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беруге рұқсат алғанға дейін жасалады.
  3. Жобалау компаниясы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны бірінші кезеңде алғаннан кейін Құрылыс салушы, Жобалау компаниясы, Үлескер және Банк-агент Шарт жасасуға құқылы.

  Есеп айырысу тәртібі

  4. Үлескер банк шотының шарты бойынша Үлескер депозитіне үлестік қатысу ретінде тұрғын үй немесе тұрғын емес үй-жайдың жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін "_____" есебіне сүйене отырып, "__" теңге сомасында ақша салады.
  5. Үлескер бұл соманы Банк-агентке 20_ жылғы "___" дейін мынадай түрде енгізеді:
  Шарт жасасқаннан кейін _________ күн ішінде Шарттың 4-тармағына сәйкес тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді;
  қалған соманы Үлескер төлемдерді Шартта белгіленген мерзімдерде енгізу жолымен жүргізеді.
  6. Егер Шартты жасасқан Үлескер Шарттың бағасын Шарт талаптарына сәйкес толық көлемде төлеген жағдайда, онда тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін бағаны кейіннен өзгертуге жол берілмейді.

  Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  7. Құрылыс салушы тұрғын үй ғимаратын салуды Шартта көзделген мерзімде ұйымдастыруға және кепілдік берілген мерзім ішінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен Шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  8. Жобалау компаниясы:
  меншікті және қарыз қаражатын инвестициялау жолымен тұрғын үй ғимаратын салуға;
  сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымды тарта отырып, тұрғын үй ғимаратының салыну барысын техникалық қадағалауды жүзеге асыруға;
  Құрылыс салушыға және Банк-агентке инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның есептерін табыс етуге;
  Тараптар Шартқа (оған енгізілетін өзгерістерге (және (немесе) толықтыруларға); Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге) қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, құжаттарды үлес алаңдары мен олардың салынатын тұрғын үй ғимаратында орналасқан орнын көрсете отырып, есепке қою үшін тұрғын үй ғимараты орналасқан жер бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсынуға;
  Шарт облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзіндіні Үлескерге және Банк-агентке беруге;
  Шартта белгіленген мерзімде тұрғын үй ғимаратын салуға және пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін Үлескердің Шарттың 4, 5-тармақтарын толық орындауы талабымен 20 _ жылғы "___" ___ кешіктірмей Үлескерге салынған тұрғын үй ғимаратындағы үлесін (тұрғын үй немесе тұрғын емес үй-жайды) беру актісі бойынша беруге;
  Тараптар Шартқа қол қойғанға дейін Үлескерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды бірінші кезеңде ұйымдастыру бойынша лицензияны көрсетуге міндеттенеді.
  9. Үлескер:
  банк шоты шартын жасасуға және депозитке Шарттың 4, 5-тармақтарында келісілген мөлшерде және тәртіппен ақша салуға;
  Жобалау компаниясының тұрғын үй ғимаратын салудың аяқталғаны (пайдалануға беруге рұқсат алғаны) және тұрғын үй ғимаратындағы үлестің (тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайдың) беруге дайын екендігі туралы жазбаша хабарламасын алып, оны Шартта көзделген мерзімде немесе егер мұндай мерзім белгіленбесе, көрсетілген хабарлама алынған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдап алуға кірісуге;
  Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге ол Шарттың бағасын төлегеннен немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен борышын бір мезгілде жаңа Үлескерге аударғаннан кейін ғана және Шарт есепке алынған сәттен бастап тұрғызылған тұрғын үй ғимаратындағы тиісті үлесті беру туралы актіге Тараптар кол қойған сәтке дейін жол беруге міндеттенеді. Жаңа үлескердің Банк-агентпен немесе жаңа Банк-агент болатын өзге банкпен банк салымы шартын жасасу және Үлескердің депозитіндегі сомаға тең сомада депозитке ақша салу жолымен жаңа үлескердің сатып алынатын талап ету құқығына ақы төлеуді талап ету құқығын басқаға берудің міндетті шарттары болып табылады. Аталған шарттарды орындағаннан және құжаттамалық растағаннан кейін Банк-агентпен соңғысы Үлескерге салымның барлық сомасын қайтара отырып, Үлескермен банк салымы шартын бұзуға міндеттенеді.
  10. Банк-агент:
  Үлескердің депозитін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан төмен емес сыйақы ставкасын есептей отырып, банк шоты шартының талаптарымен қабылдауға;
  Жобалау компаниясы мен Үлескер бірлесіп қол қойған тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) тиісті үлесті Үлескерге беру туралы актіні Үлескер Банк-агентке тапсырғаннан кейін Үлескердің депозитінен Жобалау компаниясына ақша аударуға, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны Үлескерге қайтарып беруге;
  Жобалау компаниясына Үлескерлердің тартылған ақшасы шегінде беретін банк қарызы бойынша сыйақы ставкасы Үлескердің депозиті бойынша сыйақы ставкасының, Банк-агенттің қарызға қызмет көрсету шығыстарының, қарыз берумен байланысты міндетті талаптар мен төлемдер жөніндегі шығыстардың және салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі шығыстардың жиынтық мөлшерінен асырмауға міндеттенеді.
  11. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Үлескер Шарттың 4, 5-тармақтарын орындамаған кезде Жобалау компаниясы тиісті үлесті беру үшін Шартта көзделген күнінен бастап он төрт жұмыс күні өткен соң Шарттың 22-тармағында көрсетілген тәртіпке ұқсас тәртіппен Шартты бұзуға құқылы.
  12. Шарт бойынша Жобалау компаниясы салған тұрғын үй ғимаратына кепілдік берілген мерзімі тұрғын үй ғимараты қабылданған күнінен бастап "___" жылды құрайды (объект пайдалануға қабылданған күнінен бастап екі жылдан кем болмауға тиіс).

  Форс-мажор

  13. Еңсерілмес күш (форс-мажор) мән-жайы Құрылыс салушының, жобалау компаниясының, Үлескердің, Банк-агенттің тарапынан бақылауға бағынбайтын және Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін оқиғаны білдіреді.
  14. Еңсерілмес күш (форс-мажор) мән-жайы мынадай: әскери қимылдар, табиғи және дүлей зілзалалар, індет, карантин сияқты оқиғаларды қамтиды (бірақ шектелмейді).
  15. Егер осы Шарттың 13-тармағында көрсетілген мән-жайларды тиісті мемлекеттік органдар тиісті түрде растаса, олар заңды болады.
  16. Мыналар еңсерілмес күш (форс-мажор) мән-жайларына жатпайды:
  1) Құрылыс салушының, Жобалау компаниясының, Үлескердің, Банк-агенттің қасақана және байқамай істеген іс-қимылдарынан туындаған оқиғалар;
  2) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған тарап алдын алуға және еңсеруге болатын оқиғалар;
  3) ақшалай қаражаттың болмауы немесе төлемнің жүзеге асырылмауы.
  17. Форс-мажордың нәтижесінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауда кедергіге ұшыраған тарап форс-мажор басталғаннан бергі 5 жұмыс күні ішінде форс-мажордың туындағаны туралы басқа Тараптарды жазбаша хабардар етеді.
  18. Егер бұл форс-мажордың салдары болып табылса, форс-мажор мән-жайларының әсеріне ұшыраған тарап осындай салдарларды жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған жағдайда, Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы осы Шартты бұзу немесе одан бас тарту ретінде қаралмайды.
  19. Форс-мажор тоқтағаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде зардап шеккен тарап форс-мажордың тоқтағаны туралы екінші Тарапқа жазбаша хабарлайды және осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл ретте осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор мән-жайлары әсер еткен уақытқа мөлшерлес ұзартылады.
  20. Банк-агент Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды адамдардың осы Шарттың талаптарына сәйкес ашылған жинақ шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы шешімі/қаулысы түскен жағдайда, сондай-ақ Үлескердің ақшасына тыйым салынған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны акцептсіз алу құқығы бар үшінші тұлға қатысқан кезде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

  Тараптардың жауапкершілігі

  21. Үлескер тұрғын үй ғимаратының құрылысын жүзеге асыру кезінде Құрылыс салушының, Жобалау компаниясының және инвестордың қаржылық және өзге де тәуекелдері үшін жауапты болмайды.
  22. Шарттың міндетті талаптары бұзылған жағдайда, Тараптардың кез келгені Шартты орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға және "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлей отырып, оның бастапқы жағдайға келтірілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шығындардың өтелуін талап етуге құқылы.
  Шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда, бастамашы Тарап облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына Шартты орындаудан бір жақты бас тартуды есепке алу туралы өтініш ұсынады. Бұл ретте бастамашы Тарап екінші Тарапты өтініш берілген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде бір жақты бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
  23. Құрылыс салушы мен Жобалау компаниясы толық және дұрыс ақпарат ұсынбаған жағдайда, Үлескер мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
  Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, Банк-агент Үлескердің банк шотының шарты бойынша төлеген ақшасын қайтаруға міндетті.
  24. Үлескер өзіне тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) үлесін беру туралы актіге қол қойылғанға дейін Жобалау компаниясынан өз үлесінің Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес еместігін беру туралы актіде көрсетуді талап етуге, не беру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Жобалау компаниясы осы мәліметтерді актіге енгізуге міндетті.
  25. Жобалау компаниясы Үлескерге салынған тұрғын үй ғимаратындағы үлесін (тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайын) беру мерзімін бұзған жағдайда, бұзу Үлескердің шарттың 4, 5-тармақтарын орындамауының салдарынан болғанын қоспағанда, Жобалау компаниясы мерзімі өткен әрбір күнге Үлескердің Шарт бойынша төлеген сомасының 0,1 % мөлшерінде Үлескерге тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шығындарды өтейді;
  Үлескер - заңды тұлғаға тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) Шартта белгіленген мөлшерде өтейді.
  26. Кепілдік берілген мерзім ішінде жұмыстың Шарттан ауытқығанын немесе әдеттегі қабылдау тәсілі кезінде анықталуы мүмкін емес (көрінбейтін кемшіліктер), оның ішінде Жобалау компаниясы әдейі жасырған өзге де кемшіліктерді анықтаған Үлескер бұл туралы Тараптар келіскен мерзімде өз таңдауы бойынша Жобалау компаниясынан:
  1) кемшіліктердің Тараптар келіскен мерзімде өтеусіз жойылуын;
  2) Шарт бағасының мөлшерлес азайтылуын;
  3) кемшіліктерді жоюға жұмсалған өз шығыстарының өтелуін талап етуге құқылы.
  27. Шарттың 4 және 5-тармақтарында белгіленген төлем енгізудің Шартта белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда, Үлескер Шартта белгіленген кезең ішінде Банк-агентке Үлескердің депозитіне салу арқылы төлеуге жататын соманың мерзімі өткен әрбір күніне 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
  28. Жобалау компаниясы мен Үлескер Тараптардың келісімімен айқындалатын өз міндеттемелерін орындауға қатысы бойынша өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

  Қосымша ережелер

  29. Жобалау компаниясы белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензияны бірінші кезеңге алғаннан кейін Құрылыс салушы, Жобалау компаниясы, Үлескер және Банк-агент Шарт жасасуға құқылы.
  30. Осы Шарт салынып жатқан тұрғын үй ғимараты орналасқан жер бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынған сәттен бастап ол Тараптар арасында жасалған болып есептеледі.
  31. Шарт жасалғаннан кейін оған Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі немесе оларды міндетті түрде есепке ала отырып, қосымша келісімдер жасалуы мүмкін.
  32. Үлескердің міндеттемелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Шартқа сәйкес ақша толық көлемде төленген және тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) үлес қабылдап алынған сәттен бастап орындалған болып есептеледі.
  33. Жобалау компаниясының міндеттемелері тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беруге рұқсат алынған және Үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) тиісті үлесті беру туралы актіге тараптар қол қойған сәттен бастап орындалған болып есептеледі.
  34. Банк-агенттің міндеттемелері Шартқа сәйкес ақша Үлескерлердің депозиттерінен Жобалау компаниясына аударылған және Үлескерге жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақша қайтарып берілген сәттен бастап орындалған болып есептеледі.
  35. Құрылыс салушының міндеттемелері кепілдік берілген мерзім аяқталғаннан және кепілдік берілген мерзім кезеңінде туындаған, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен Шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының бұзылуын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі.
  36. Тұрғызылған тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) үлес Үлескерге берілгенге дейін оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелін жобалау компаниясы көтереді. Тараптар беру актісіне кол қойғаннан кейін үлестің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі Үлескерге өтеді.
  37. Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада жасалды.
  38. Сәулеттік жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бөлігінде Шартқа міндетті қосымша: үй-жай құрылысының жоспары, қабаттылығы, сондай-ақ жобалау құжаттамасына сәйкес тұрғын үй ғимаратындағы Үлескерге берілуге тиіс үй-жайға қатысты сапалық сипаттамалары.
  39. Шартты орындауға байланысты туындауы мүмкін барлық даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
  40. Егер Шартта оны өзгерту жағдайлары мен талаптары көзделген болса, Шарт жасалғаннан кейін Тараптардың келісімі бойынша Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
  41. Үлескер Шартты мерзімінен бұрын бұзуға және үлескердің депозиті сомасын банк шотының шарты жасалған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде талап етуге құқылы.
  Осы мерзім аяқталғаннан кейін Үлескердің ақшаны талап етуі:
  Жобалау компаниясының Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылған;
  Жобалау компаниясы Шартта көрсетілген тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беру мерзімін бұзған жағдайларда ғана мүмкін болады.
  42. Шарттың 41-тармағында көзделген жағдайларда Шарт бұзылған кезде Банк-агент Үлескердің депозитіндегі ақшаны және жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны Үлескерге қайтарып береді.
  43. Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Тараптардың бірінің бастамасы бойынша Шарт бұзылуы мүмкін.
  44. Тараптардың өзара келісімі бойынша Шартты бұзу кейіннен есептен шығару үшін бір-біріне кінәраттары жоқ екендігін көрсете отырып, жазбаша түрде жүргізіледі.

  Тараптардың заңды мекен-жайлары және банктік деректемелері

  __________________  ____________________
  ___________________  ____________________
  ___________________  ____________________

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша үлескердің, банк-агенттің және салушының міндеттемелерін орындауы

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес әр қатысушыда шарт бойынша міндеттерінің өзінің шеңбері бар.

Үлескер өзінің міндеттемелерін мынадай жағдайда орындайды:

  • шартта белгіленген мерзімде уақытылы шарт бағасының төлемдерін төлегенде;
  • шартқа сәйкес тұрғын үйдегі/тұрғын ғимараттағы  үлесті қабылдайды және ақшаларды толық көлемде төлегенде.

Жобалық компаниясы өзінің міндеттемелерін мынадай жағдайларда орындайды:

  • тұрғын ғимаратты пайдалануға енгізуге рұқсат алынған және тұрғын үйдегі/тұрғын ғимараттағы тиісті үлесін үлескерге беру туралы акт қойылғанда.

Банк-агент мынадай жағдайларда өзінің міндеттемелерін орындайды:

  • шартқа сәйкес үлескерлердің депозиттерінен  ақшаны жобалық компаниясына аударғанда және үлескерге жинақталған сыйақы мөлшерінде ақшаны қайтарғанда.

Салушы өзінің міндеттемлерін мынадай жағдайларда орындайды:

  • кепілдік мерзім аяқталғанда;
  • кепілдік мерзім кезінде туындаған жобалық/жобалық-сметалық құжаттамада және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген құрылыс объектісінің көрсеткіштері сапасының  бұзылуларын жою бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін.

Үлескерге оны бергенге дейін тұрғызылған үйде/тұрғын ғимараттағы үлестің кездейсоқ өлім немесе кездейсоқ жарақаттану тәуекелін жобалық компания атқарады. Беру актісіне қол қойғаннан кейін кездейсоқ өлім немесе кездейсоқ жарақаттану тәуекелі үлескерге ауысады. Сондықтан беру актісіне қол қойғаннан кейін үйдің жобалық-сметалық құжаттама сипаттамасына сәйкестігіне көз жеткізіңіз.


Ақпараттық ресурстар