Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Мүлікті жария ету жалғасуда
Изменено: 08.08.2016
Қаралды: 51


  «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ Заңына сәйкес мүлікті жария ету жалғасуда.

   Мүлiктi жария ету мерзiмi 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Мүлiктi жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі  2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

    Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілеріне қолданылады.

    Мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) –Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

    Мынадай мүлік:

    1) ақша;

    2) бағалы қағаздар;

    3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

    4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

    5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

   6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

    Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

    1) екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi;

    2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

    3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

    4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болады. Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді.

    Мүлікті жария ету үшін Қарақия ауданы әкімдігінің жанынан  мүлікті жария ету жөніндегі комиссия құрылды. Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

    Мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Құрық ауылы, Досан Батыр к-сі,№8 ғимарат, (аудан әкімдігінің ғимараты) немесе телефон бойынша 2-18-28 (комиссия хатшысы).

                                 Қарақия ауданы әкімінің аппараты 


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…