Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 178 қаулысы.

    Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы

    14 маусымдағы № 178 қаулысы.

    Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 шілдесінде № 3080 болып тіркелді.

    Қарақия ауданының аумағында

    стационарлық емес сауда объектілерін

    орналастыру орындарын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Бековке жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


       Аудан әкімі    Ә.Дауылбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қарақия аудандық кәсіпкерлік

    және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Жубаназаров Нұржан Өтепбергенұлы

    «14» маусым 2016 жыл.

    «Қарақия аудандық жер қатынастары

    бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Атадусов Айдар Аймұратұлы

    «14» маусым 2016 жыл.

    «Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық

    шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль

    жолдары бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Байбузов Болат Шаңдыұлы

    «14» маусым 2016 жыл.

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

    министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау

    комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың

    құқықтарын қорғау департаментінің  Қарақия аудандық

    тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы»

    Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Есмурзаева Қолғанат Қазмолдақызы

    «14» маусым 2016 жыл.

    «Қарақия аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің бастығы

    Аяғанов Сағындық Күзембайұлы

    «14» маусым 2016 жыл.

                                                                                                                                             Қарақия ауданы әкiмдiгiнiң
                                                                                                                                             2016 жылғы «14» маусымдағы

                                                                                                                                              № 178 қаулысымен бекітілген

    Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Орналасу орындары

    1

    Құрық ауылы, «Алишер» орталық базарының оңтүстік шығыс жағы

    2

    Құрық ауылы, 3 шағын ауданы, «Дана» дүкенінің солтүстік жағы

    3

    Құрық ауылы, 2 шағын ауданы, 4 үйінің шығыс жағы

    4

    Құрық ауылы, 2 шағын ауданы, «Жолболдин» алаңы

    5

    Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 119 шақырымының оңтүстік жағы

    6

    Жетібай ауылы, орталық базардың оңтүстік батыс жағы

    7

    Жетібай ауылы, Әлиев шағын ауданы, «Сүйінқара» мешітінің оңтүстік жағы

    8

    Жетібай ауылы, Мәдениет үйінің алдындағы ашық алаң

    9

    Мұнайшы ауылы, Салтанат шағын ауданы, «Салтанат» мейрамханасының солтүстік шығыс жағы

    10

    Ақтау – Жаңаөзен – Мұнайшы – Жетібай тас жолы қиылысында орналасқан «Гелиус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағар май құю станциясына қарсы 30 метр қашықтықта

    11

    Құланды ауылы, М.Өскінбайұлы көшесі, «Тұлпар» азық-түлік дүкенімен «Аружан» балабақшасының аралығы

    12

    Бостан ауылы, Мәдениет үйінің шығыс жағы

    13

    Сенек ауылы, С.Мәтіков көшесі, мәдениет үйінің шығыс жағы

    14

    Сенек ауылы, Ә.Темірханов көшесі, «Алтын-Нұр» азық-түлік дүкенінің шығыс жағы


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk