Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Құрық ауылы әкімінің шешімі Құрық ауылы №207 01.06.2016 жыл Қарақия ауданы әкімдігі Құрық селосы әкімінің 2010 жылғы 7 мамырдағы №356 «Құрық селосының теңіз жағалауындағы «Саңырауқұлақ» демалыс орнына Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің атын беру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Құрық ауылы әкімінің шешімі

    Құрық ауылы  №356  07.05.2010 жыл

    Құрық селосының теңіз жағалауындағы

    «Саңырауқұлақ» демалыс орнына

    Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің

    атын беру туралы

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасын басшылыққа алып, аумақ тұрғындарының пікірін және Қарақия аудандық ономастика комиссиясының 09 сәуірдегі 2010 жылғы ұсынысын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Құрық селосының теңіз жағалауындағы «Саңырауқұлақ» демалыс орнына Ұлы Отан соғыс және еңбек ардагеріЖолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің аты берілсін.

      2.Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

      Село  әкімі Ж. Байтілеу



    Құрық ауылы әкімінің шешімі

    Құрық ауылы  №233  29.10.2015 жыл

    «Құрық селосының теңіз жағалауындағы

    «Саңырауқұлақ» демалыс орнына Жолболдин

    МуханмедиМергенбаевичтің атын беру туралы»

    Құрық ауылы әкімінің 2010 жылғы 7 мамырдағы

    № 356 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Маңғыстау облысы әділет департаментінің 09 қазан 2015 жылғы №10-11-3703 санды ұсынысына сәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Құрық селосының теңіз жағалауындағы «Саңырауқұлақ» демалыс орнына Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің атын беру туралы» Құрық ауылы әкімінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 356 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 7 мамырында №11-4-106 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2010 жылдың 27 мамырында жарияланған) шешімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі және 1-тармағындағы «селосының» сөзі «ауылының» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

    2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі».

    2. «Құрық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Ү.Төрехан) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл әкімі      А.Сарқұл


    Құрық ауылы әкімінің шешімі

    Құрық ауылы  №207  01.06.2016 жыл

    Қарақия  ауданы  әкімдігі

    Құрық селосы әкімінің 2010 жылғы

    7 мамырдағы №356 «Құрық селосының

    теңіз жағалауындағы «Саңырауқұлақ»

    демалыс орнына Жолболдин Муханмеди

    Мергенбаевичтің атын беру туралы»

    шешімінің  күші  жойылды  деп тану туралы

    «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарақия  ауданы  әкімдігі Құрық селосы әкімінің 2010 жылғы 7 мамырдағы №356 «Құрық селосының теңіз жағалауындағы «Саңырауқұлақ» демалыс орнына Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің атын беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-106 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірінде «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған)  шешімінің  күші жойылды деп танылсын.

    2. Құрық ауылы әкімі аппаратының бас маманы  (С.Есенкелдіұлы) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

                                                                                                                            Ауыл әкімі   А.Сарқұл


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk