Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпанындағы №50 қаулысы.
Изменено: 31.03.2016
Қаралды: 42

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы

29 ақпанындағы №50  қаулысы.  

Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы

28 наурызында № 2990 болып тіркелді.   

«Қарақия аудандық кәсіпкерлік

және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса беріліп отырған «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

2. «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Жубаназаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Бековке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


  Аудан әкімі     Ә.Дауылбаев

1

Қарақия ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «29» ақпандағы

№ 50  қаулысымен бекiтiлген

«Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

1. Жалпы ережелер

1.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

3.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 130300, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 8 ғимарат.

9.  Мемлекеттік органның толық атауы:

2

мемлекеттік тілде - «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  орыс тілінде - государственное учреждение «Каракиянский районный отдел предпринимательства и промышленности».

  Мемлекеттік органның құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.   

10.  Осы Ереже «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  Егер «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның өнеркәсіптік секторының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті, туризмді және туристік индустрияны дамыту және қолдау.

14. Міндеттері:

1) кәсіпкерліктің дамыған инфрақұрылымын қалыптастыруға қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық жағдайларын жасау;

2) ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығару үшін озық техника мен технологияны өндіріске енгізу;

3) кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер және қаржыландырудың басқа да нысандарын ұсынуға белсенді қатысу;

4) кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет ету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру;

3

5) туризмді және туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

15. Функциялары:

1) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімін қалыптастыру;

2) ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жасауда және атқаруда, кәсіпкерліктің және өнеркәсіптің дамуының жобасын әзірлеу және орындалуын қадағалау;

3) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

4) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторингті жүргізу;

5) аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізу және бағаны тұрақтандыру бойынша саясатты жүзеге асыру;

6) сауданы дамыту мен реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз ету;

7) ауданда кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;

8) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

9) аудан тұрғындарымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша алынған несиелер жөнінде мәліметтерді дайындау және тоқсан сайын талдау жүргізу;

10) «Жылдыңүздіккәсіпкері» конкурсын ұйымдастыру және өткізу;

11) орта және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың аудандық бағдарламасының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;

12) туризмді және туристік индустрияны қолдаудың және дамытудың аудандық бағдарламасының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;

13) бөлімнің  құзіретіне кіретін бағыттар бойынша өңірлік бағдарламаларды жасау;

14) сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда біріңғай саясатты жүргізу.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, мемлекеттің  қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан, өзінің құзіреті шеңберінде қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға құқылы;

2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулылары мен маслихатының шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу;
    3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

4

Мемлекеттік мекемеге ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Қарақия ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1)  қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

2)  заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

3)  өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

4)  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

5)  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

20.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

21.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі  оған  меншік  иесі  берген  мүлік,  сондай-ақ  өз  қызметі

5

нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24.  «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…