Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қызметі

    Миссиясы, негiзгi мiндеттерi,  

    функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. «Қарақия  аудандық  ішкі  саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің  миссиясы:

      Бөлімнің  қызметін  сапалы  және  уақытылы  ақпараттық – талдамалық,  құқықтық,  хаттамалық – ұйымдастырушылық, құжаттамалық  және  өзгедей  қамтамасыз  ету.

      Мәдениетті  мемлекеттік  қолдау,  Қазақстан  Халқының  мәдени  мұрасын  сақтау  және  дамыту;

      Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  мәдениет  саласындағы  құқықтарымен  бостандықтарын  қамтамасыз ету;

      Тарихи  және  мәдени  мұраны  қорғау  олардың  дамуына  сабақтастықты  қамтамасыз ету;

      Қазақтың ұлттық  мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;

      Қазақ халқының және этностық диаспораларының  тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер  жасау;

      Мәдени  қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;

      Қазақстан  халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңестікке кіруін қамтамасыз ету болып табылады.

      Тілдерді оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету; 

      15. Міндеттері:

    Қоғамдық  саяси  тұрақтылықты  жасақтауға  және  жүзеге  асыруға,  сондай – ақ  еліміздің  егемендігін,  нығайту,  қоғамдық  өзгерістерді  демократияландыруға  және  қоғам  бірігейлігін  арттыруға  қатысу;

    Мемлекеттік  органдардың  және  лауазым  иелерінің  мемлекеттік  ішкі  саясат  жөніндегі,  сондай – ақ  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілеріне облыс,  аудан  әкімдерінің  бөлім  қызметіне  жататын  мәселелері  жөніндегі  актілеріне  бақылау  жасау;

    Қазақстан – 2050 Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағытын  негізгі  басымдықтарын  түсіндіріп,  насихаттауға,  қоғамды  демократияландыру институтттарының  нығаюуына  қатысу;

    Қазақстан  Республикасының  қоғамдық – саяси  және  ішкі  саясат  мәселелері  жөніндегі  заңнамаларын  түсіндіріп,  насихаттауға  бағдарламалардың  жүзеге  асырылуын  үйлестіру;

    Қазақстанды дамытудың  ұзақ  мерзімдік  басымдықтары аясында  ішкі саясат мәселелері жөніндегі  алынған ұсыныс  пікірлерді  жасақтау;

    Аудандағы  қоғамдық – саяси  оқиғалар  мен  мақсаттарға,  олардың  дамуына  жан – жақты  зерттеу  жүргізіп,  зерделеп  отыру;

    Аудан  деңгейінде  мемлекеттік  ақпарат  саясатын  жүзеге  асыру,  мемлекеттік  тапсырысты  жүзеге  асырудағы  аймақтық  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қызметтерін  үйлестіріп  отыру;

    Аудандағы  қоғамдық – саяси  жағдайды  біліп  отыру  үшін  социологиялық  саясаткерлік  зерттеуді  жүргізу;

    Саяси  партиялармен,  қоғамдық  бірлестіктермен,  кәсіподақтармен,  қоғамдық – саяси және  діни  ұйымдармен,  бұқаралық ақпарат  құралдарымен,  көпшілік  өкілдерімен  қарым – қатынаста  болу;

    Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    Қазақстан Республикасының халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

    Ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық  тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

    Мәдени құндықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

    Халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;

    Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық техникалық базасын нығайту;

    Дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

    Мәдени саласында Қазақстан Республикасының конститутциялық құрлысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруді, соғысты әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ  қатігездікке  және  зорлық – зомбылыққа  табынуды  насихаттауға  немесе  үгіттеуге  жол  бермеу  шаралар  қолдану;

    Мәдени  құндылықтардың  заңсыз  әкетілуіне  және әкелуіне, оған меншік  иесі  құқығының  басқаға  заңсыз  берілуіне  тосқауыл  қою,  оларды  кез  келген  заңсыз  иеленуден  қайтарып  алуға  шаралар  қолдау;

    Мәдениет  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастық  үшін  жағдайлар  жасау;   

    Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес,  азаматтардың  ұлттық-мәдени  бірлестіктерге  қатысу  еркіндігін,  мәдениет  ұйымдарын  құруды,  шетелдердегі  отандастармен  мәдени  байланыстарды  кеңейтуге  қатысуды  қоса  алғанда,  ұлттық  және  мәдени  өзіндік  ерекшілігін  қорғау  дамыту  құқықтарын  іске  асыруды қамтамасыз ету;

    Мемлекеттік, мемлекеттік  емес  ұйымдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  қызметінде  тілдерді  қолдануға  байланысты  туындайтын  қоғамдық  қатынастарды  реттеу; 

    16. Функциялары:

     Ішкі саяси жағдайларға мемлекеттік реттеулер жасауға, қызметтерін үйлестіруге, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін талдау, іс-қимылдарын алдын-ала білу, қоғамды біріктіруге, ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп, насихаттауға арналған жұмыстарды жүргізіп, ұсыныстар беруге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің орындалысын бақылауды қамтамасыз ету;

      Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша әкімнің өкімдерінің, шешімдерінің жобаларын сараптамадан өткізу, дайындау және өзге де құжаттарды жасақтауға қатысу;

      Үкімет органдарының қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы жұмыстары және аудан жөніндегі тарату қызметін жетілдіру жұмыстарына қатысу;

      Өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімнің тиісті басқармасын ұйымдастыру және ақпараттық байланыспен қамтамасыз ету;

      Өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша поселкелік, селолық, уәкілетті органдардың жұмысын бақылап отыру;

      Аудан әкімі аппаратын ақпараттық талдау қызметімен қатамасыз ету;

      Облыстық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шараларды саяси тұрғыдан қамтамасыз етіп отыру;

    Поселке, село әкімдерінің, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ішкі саясат жөніндегі ақпараттық – насихаттау қызметіне бақылау жасап, үйлестіріп отыру;

      Ауданның  ішкі саяси өміріндегі мәселелер бойынша әкімдіктің мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысу;

      Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты анықтайтын, Қазақстан Республикасындағы адам құқы мен еркіндігіне байланысты тұжырымдамалар жасақтап оларды жүзеге асыруға қатысу;

      Ақпараттық базаны /компьютерлік, текстілік/ жасақтауда, толықтыруды, қорытуды, топтастыруды қамтамасыз ету;

      Саяси партиялар, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғаушылармен, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету;

      Аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтатын және демократияландыруды өрістетін аудандық және аймақтық ғылыми практикалық шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

      Театр, музыка және кино өнері,  кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс  қызмет  саласында  ауданның  мемлекеттік  мәдениет  ұйымдарын  құрады,  сондай-ақ  олардың  қызметін  жасауды  және  үйлестіруді  жүзеге асырады;

      Жергілікті маңызды бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      Ауданның сауықтық мәдени – бұқаралық іс – шараларын, сондай-ақ әуесқой  шығармашылық  бірлестіктер  арасында  байқаулар,  фестивальдер  және  конкурстар  өткізуді  жүзеге  асырады;

      Ауданның  мемлекеттік  мәдениет  ұйымдарын  аттестаттаудан  өткізеді;

      Өз  құзыреті  шегінде  мәдениет  саласындағы  коммуналдық  меншікті  басқаруды  жүзеге  асырады;

      Ауданның  мәдени  мақсаттағы  объектілерінің  құрылысы,  реконструкциясы  жөнделуі  бойынша  тапсырысшы  болады.

      Мемлекеттік  мәдениет  ұйымдарын  қолдауды  және  материалдық – техникалық  қамтамасыз  етуде  жәрдем көрсетеді.

      Ауданның  мемлекеттік  кітапханаларының біріне  «Орталық» мәртебесін береді;

      Ауданның  аумағында  тілдерді  қолдану  және  дамытудың  өңірлік  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі  іс – шаралар  жоспарын  әзірлейді  және  оның  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  етеді.

      Мемлекеттік  тілді  және  басқа  тілдерді  дамытуға  бағытталған  аудандық  деңгейдегі  іс – шараларды жүргізеді.

      Облыстардың атқарушы органдарына  ауылдардың (селолардың), кенттердің, ауылдық (селолық)  округтердің атауы  және  олардың  атауларын  өзгерту,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  өзгерту  туралы  ұсыныстар  енгізеді;

      Жергілікті  мемлекеттік  басқару  мүддесін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      Бөлімнің ішкі бөлімдерінің жарғысын бекітуге, олардың жарғыларына қосымшалар мен өзгертулер енгізу;

      Бөлім  өзіне қарасты  мемлекеттік  мекемелері мен  мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының шығыс сметасы мен кіріс шығыс қаржылық жоспарын бекітуге;

      Бөлімнің және оған  қарасты мемлекеттік  мекеме  мен  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорынның  балансына берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану  тиімділігін  тексеруге;

      Бөлімге  қарасты  мемлекеттік  мекеме  мен  мемлекеттік  коммуналдық  бөлім  және  оған  қарасты  коммуналдық  мемлекеттік  мекеме  мен  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорынның  қаржы  шаруашылық  және  өзге  де қызмет  түрлеріне  тексерулер  жүргізуге;

      Аудан  әкімінің  келісімімен  бөлімге  қарасты  мемлекеттік мекемелер  мен  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорындардың  бастықтарын  қызметке  тағайындайды  және  қызметтен  босатады;   

      «Қарақия  аудандық  ішкі  саясат,  мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  көзделген  өзге  де  функцияларды  жүзеге асырады.

      17. Құқықтары  мен  міндеттері:

      Мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  құқықтарды  иемденіп  алуға  жүзеге  асыруға;

      Ережеде көрсетілген  мақсаттарды  жүзеге  асыруға  қаражаттарды  пайдалануға;

      Сотта  талап  қоюшы  және  жауапкер  болуға;

      Қазақстан  Республикасының  заңдарына  қайшы  келмейтін  өзге  де  құқықтарды  жүзеге  асыруға  құқығы  бар;

      Қазақстан  Республикасының  заңдарын  сақтауға;

      Белгіленген  тәртіппен  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеуге;

      Қазақстан  Республикасының  заң  актілеріне  сәйкес  жауапкершілікте  болуға  міндетті.


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk