Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
"Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" ММ қызметі
Изменено: 15.10.2015
Қаралды: 74

Экономика  және қаржы бөлімінің  функциялары

  12. Аудандық  экономика және  қаржы бөлімі заңдылықтармен  белгіленген тәртібінде  мынадай  функцияларды  жүзеге асырады:

  1) аудандағы  әлеуметтік-экономикалық  саясаттың негізгі  бағыттарын  әзірлеудің  сала аралық  және өңір аралық  үйлестіруін  жүзеге асыру;

  2) аудандағы стратегиялық, экономикалық  және бюджеттік  жоспарлау процестерін  жетілдіру;

  3)  ауданның  бес  жылға  арналған  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  болжамы  жоспарының жобасын  әзірлеу;

  Бюджеттік  инвестициялардың  орындалу  мониторингін  жүзеге асыру, тиімді орындалуына  ұсыныстар енгізу;

  5) ауданның аймағында  бірыңғай мемлекеттік  қаржылық саясатын, жүзеге асыру;

  6) Қарақия ауданы  әкімдігімен Қарақия  ауданының  коммуналдық меншігіне  қатысты  жүргізілетін  мемлекеттік саясатына және  орындалуына,  қаржыларды басқару саласындағы  мақсаттары мен басымдықтарын  анықтауға қатысу;

  7) аудандық  деңгейдегі  жергілікті бюджетті  орындау, есеп-кассалық қызметін  көрсету және  бұлардың  орындалуына  бақылау жасау;

  8)жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Бағдарламасын және  оны іске асыру жөніндегі  іс-шаралар  жоспарын қалыптастыру,  олардың орындалу мониторингін жүзегее асыру;

  9) аудан  бюджетін нақтылау (түзету)  туралы ұсыныстарын әзірлеу;

  10) үш жылдық кезеңге арналған  аудан бюджеті туралы, бюджетке өзгерістер мен  толықтырулар  енгізу  туралы  мәслихат шешімдерін және  осы шешімдерді  іске асыру туралы әкімдік қаулыларын  әзірлеу;

  11)  үш жылдық кезеңге  арналған жалпы  сипаттағы  ресми  трансферттер  көлемдері  туралы мәслихат  шешімдері жобаларын  әзірлеу;

  12) аудандық  салық  комитетімен  бірлесіп,  жергілікті бюджеттің  түсімдерін болжамдау;

  13) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік  бағдарламаларына  арналған  бюджет шығыстары  лимиттерін  қалыптастыру, атқарушы  органдардың  функциялары  мен  штаттық  кестелерін  талдауды  жүзеге асыру;

  14) аудан  бюджетін  әзірлеуде,  аудандық  бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің бюджеттік  өтінімдері  туралы  қорытындыларын  қарау, талдау  және  әзірлеу;

  15) Ұсынылған  бюджеттік  бағдарламалардың  тиімділігіне  бағалау жүргізу;

  16) аймақтық  әлеуметтік-экономикасын  дамытудың  болжамдырын  әзірлеу  және  іске асырылуын  жүргізу;

  17) түсімдермен  қаржыландырудың  жиынтық жоспарын,  міндеттемелер  бойынша  жиынтық қаржыландыру  жоспарын  жасау және  бекіту.

  18) республикалық бюджеттен бюджеттік бағдарламалар  әкімшіліктеріне  бөлінетін болжамды  көлемдер мен  мақсатты  трансферттерді бөлу;

  19) мемлекеттік сатып алудың  жиынтық есебін  беріп  отыруын  бақылауды  қамтамассыз ету ;

  20) коммуналдық меншіктің  мәселелері бойынша  аудан әкімдігінің  мүдделерін  көрсету және  оның мүліктік  құқықтарын  қорғау.

  21) өз құзыретінің  шектерінде  коммуналдық меншікті  иелік ету,  пайдалану  және билік ету бойынша  өкілдіктерін  жүзеге асыру;

  22) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстық жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу.

  23)  жылжымайтын  мүлік  объектілерін , сондай-ақ қаланың/ ауданның  елді  мекендері  инфрақұрлымының бір бөлігі(су құбырлары, электр желілері  және т.б) болып табылатын  мүліктерді қоспағанда,  аудандағы  коммуналдық меншіктегі  мүліктерін есептен шығаруды  жүргізу;

  24) мемлекеттік  ұйымдардың  түгендеу  есептерін  және коммуналдық  кәсіпорындардың қаржы – шарушылық  қызметі  бойынша  есептерін белгіленген  уақытта тапсыру  бойынша бақылауды  қамтамассыз ету;

  25) коммуналдық  меншік объектілерінің  техникалық  төлқұжатын дайындау бойынша  жұмыстарды  қамтамассыз ету;

  26) ауданның  мемлекеттік  ұйымдарының  арасындағы  мүліктерді  қабылдап  алу –тапсыру  құқықтарын  іске асыру;

  27)  ауданның коммуналдық  меншік  объектілерін  кейіннен сатып алу  құқығынсыз  мүліктік жалдауға  (жалға ) беруді жүгізу;

  28)  аудандық  коммуналдық  меншік  мүлігін  сақтау және  пайдалану мәселелері  бойынша  тексерістер жүргізуді  коммуналдық меншіктің мемлекеттік объектілерін жиынтық  есебін жүргізуді  коммуналдық  меншікті  мақсатты  және тиімді  пайдалануына  заңнамамен  белгіленген  тәртібінде  бақылау жасауды іске асыру;

  29) мемлекеттік, салалық  және өңірлік  бағдарламаларды  бөлім  құзіретіне кіретін бағыттар бойынша әзірлеу;
  30)  экономика және қаржы бөлімі, өз құзіретіне  жататын  мәселелері  бойынша,  Қазақстан Ресубликасының  қолданыстағы заңнамалық  актілеріне сәйкес,  нормативтік құқықтық актілерінің  жобаларын дайындау;

  31)  аудандық мемлект органдарының, сондай-ақ  бұларға  қарасты  мемлекеттік ұйымдардың  қызметіне қатысу, өз құзіретіне  жататын мәселелері  бойынша  мемлекеттік емес  ұйымдарымен  әрекеттестік  пен  қарым-қатынастарыды ұйымдастыру;

  32) аудан бойынша  бюджеттік  прогрестерге  әдіснамалық жетекшілік ету;
  33) Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  экономика және қаржы  бөліміне басқа жүктелген функцияларын жүзеге асыру.

  34) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

  35) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады;

  36) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда –саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

  37) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізінде беру құқығымен мүлікті жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

  38) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай –ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату,

акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

  37) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болады;

  38) аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

  39)  аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

  40) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

  41) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай –ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етеді;

  42) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етеді;

  43) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай –ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

  44) сенімгерлік басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

  45) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу –сату шарттарын әзірлеу мен жасауды және сатып алу –сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады 

  46) «Мемлекеттік мүлік туралы» қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де заңнамамен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



Экономика және  қаржы бөлімінің құқықтары

  13. Экономика және қаржы бөлімі  негізгі  мақсаттарын  жүзеге  асыру және  өз фунцияларын  іске асыру  үшін,  белгіленген тәртіпте құқылы;

  1) аудандық  әлеуметтік  экономикалық саясаттың  негігі  бағыттары  бойынша  аудан әкімдігіне  ұсыныстар  енгізеді;

  2) ауданның  әлеуметтік-экономикалық  даму болжамының  жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Бағдарламасын  іске асыру  жөніндегі  іс шаралар  жоспары  іске асыруының  мониторингін  жүзеге асыруға;

  3)  мемлекеттік органдарынан , басқа  ұйымдар  мен  жеке  тұлғалардан  ақпараттарды  сұратуға және алуға;

  4)  салықтық органнан  аудан  бюджетінің, түсімдерінің  сомалары  жөніндегі  Қазақстан  Республикасының  экономика және бюджеттік  жоспарлау мен  қаржы Министрлігімен  белгіленген  нысандары мен  мерзімдері бойынша  есептерін,  барлық заңды  тұлғалардан  бухгалтерлік баланстарын  және салық салу объектілері  мен  құрлымы  жөніндегі  басқа  мәлімметтерін,  қаржы шаруашылық  қызметі есептерін және  бюджеттің  орындалысын  ұйымдастыру үшін, сондай-ақ  экономика және қажы бөліміне  жүктелген  және  құзыретіне  кіретін  басқа  функцияларды  атқару үшін  қажетті  статистикалық  және басқа мәлімметтерін  алуға;

  5) аудан  бюджетінің  шығындарын  нақты  түсіп  жатқан  кірістеріне сәйкес қаржыландыруын  іске асыруға;

  6)  облыс бюджетінен  несие алған  жағдайда,  берілген несиенің  уақытылы және толықтай  қайтарылуын  іске асыруға ;

  Коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорындармен  таза табыстың  бөлігінің жергілікті бюджетке уақытылы және толықтай аударылуына;

Коммуналдық меншікке жататын  мемлекеттік  тұрғын емес  жайларын мүліктік жалға  беруінен,  объектілерін және  жер учаскелерін  сатылудан түскен  түсімдерінің  жергілікті бюджетіне  толықтай және  уақытылы түсуіне;
  жергліті бюджет  ебінен  қамтамассыз етілетін мемлекеттік  мекемелерінің, оралымды басқру және шаруашылық құқығыдағы  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыдарының  қаржылық есептігне  бақылау  жасауды  жүзеге асыруға,  бақлау жасауға; 

Бекітілген  аудандық бюджеттік бағдарламаларының (қосымша  бағдарламаларының) экономикалық тиімділігіне  және  мақсаттылығына  баға беруге;

7) қаржылық тәртіпті  сақталуында  және  басқа  өз құзыретінің  мәселелерінде  бұзушылықтар  анықталған жағдайларда,  тиісті органдарға жергілікті  бюджеттен  қаржыландыратын  мемлекеттік  мекемелерге, оралымды  басқару және  шаруашылылқ  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік кәсіпорындарға,  аудандық коммуналдық  меншік акциялардың мемлекеттік  үлестері бар  заңды  тұлғаларға  тексеріс жүргізу  жөнінде  ұсыныстарды енгізуге ;

8) анықталған  коммуналдық меншікті  ұрлау,  бұзушылық жасау және  басқа да  коммуналдық  меншікті  басқарумен  байланысқан заң  бұзушылықтар  фактілері бойынша  мәліметтерді  тергеу  органдарға  жолдаугға;

9)бюджеттік  қаржыларын  заңсыз немесе  мақсатсыз пайдаланған, сондай-ақ  қаржыларды жұмсау жөніндегі  есептерді  жолдамаған  жағдайларда, бюджетке даусыз  тәртібінде өндіріп алуды (қайтарып алуды ) өткізуге ,  мемлекеттік мекемелерінің аудан бюджетінен қаржыландыруына  шек қоюға немесе  тоқтатуға ;

10) салық комитетімен  бірлесіп , жергілікті  салықтардың  төлеу мерзімін  ұзарту мәселелерін қарауға;

11) аудандағы бюджеттік  мекемелердегі  бухгалтерлік  есеп және  есеп беру  бойынша  әдістемелік  басшылық көрсетуді  жүзеге асыруға;

  12) өз құзіретінің  шеңберінде  нормативтік құқықтық актілерді дайындауға және әдістемелік ұсыныстарды  дайындауға  және бекітуге;

13) заңды  және  жеке  тұлғалармен  шартқа отыру  және  коммуналдық меншік объектілерді сату,кепілге беру,  жалға, лизингке, сенігерлік басқаруға  беру бойынша  өзара  міндеттемелерінің  шарттарын және  түрлерін анықтауға;

14) коммуналдық мемлекеттік мекемелер  мен  кәсіпорындарға  қатысты  коммуналдық меншік құқығының  субъектісіне  жататын  құзыретінің  мәселелері  бойынша  шешімдерді  қабылдау;

15) Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  басқа  да  экономика және  қаржы  бөліміне жүктелген  құқықтарды  жүзеге асыруға  құқығы  бар.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…