Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты

12.10.2015


Құрылған уақыты: 

1973 г.

Әкімшілік орталығы:                  

  Құрық ауылы

Әкімшілік бөліну:

Ауылдық елдi мекендер  аудандық маңызы бар

Әкімшілік-аумақтық бөлініс

1.Құрық ауылы

2.Жетібай ауылы

3.Мұнайшы ауылы

4.Бостан ауылдық округі

5.Құланды ауылдық округі

6.Сенек ауылы

7.Қарақия ауданының «Болашақ» ауылдық округі

Аудан әкімдері:

  1998-2000  Букенбаев Е.

  2000 -2004 Нуров С.

  2004-2006  Бисенов Б.

  2006-2009  Батаев Б.

 2009жылдан  қазіргі уақытқа дейін Дауылбаев Ә.

Жер көлемі:

  6 429 700 г.а.

Халқы:

  34 620 адам

Ұлттық құрамы:

қазақтар

  33261

Телефон коды:

  +7 7292

Пошта индекстері:

  13300


Өнеркәсіп

ауданда ЖШС »Ерсай», ЖШС »Болашақ Атырау», ЖШС»АктауНефтеСервис», ЖШС»ОSК», ЖШС »ОСС», ЖШС »ОТК», ЖШС» Маңғыстауэнергомұнай», ЖШС »Мұнайтелеком», ЖШС «Хазар Мұнай», »ЖШС «ТасболаОйл», ЖШС »Сенек», ЖШС «Мангистаугеология», ЖШС Жетибаймунайгаз», «Өзенмұнайгаз» АҚ, ЖШС »КаспийОйлГаз» өндірістік орындары бар.

Ауыл шаруашылығы 

Аудан бойынша 325 шаруа қожалықтары тіркелген, оның 28 шаруа қожалығы егінмен, ал 297-сі мал шаруашылығымен айналысады.


Шағын және орта бизнес

2016 жылы ауданда 2319 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 106,3 пайызға көбейіп, оның ішінде заңды тұлғалар- 63, дара кәсіпкерлер – 2018 бірлікті құрады.

Аудан бюджетіне кәсіпкерлік субъектілерінен түскен табыс салығының көлемі 37 млн. 593 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116 пайызға жоғарылаған.  Қазіргі таңға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асырудың негізгі құралы болып табылатын шағын кәсіпкерлікті дамытатын мақсатты мемлекеттік бағдарламалар «Бизнестің жол картасы-2020», Жұмыспен қамту 2020  және  Агробизнес 2020.

Құрылыс

ауданда мектеп, бала бақша құрылыстарын салу үшін жылына жергілікті, республикалық бюджеттен қаражаттар бөлініп отырады. Құрылыс жұмыстарының ауқымы , млн теңге есебімен – 9 772 ,4

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Негізгі капиталға салынар инвестиция көлемі 2016 жылға 83 млн.  280 мың теңгені құрады.

Сауда саттық 

Аудан бойынша 2 сауда саттық базары бар. Олар Құрық ауылында «Алишер»,

Жетыбай ауылында «Жаңай» сауда саттық базарлары.

Инфраструктура

Боржакты-Ерсай темір жолы, ауыл ішінде су, газ, тоқ жүйелері .

Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер

Аудан бойынша аудандық мәслихат шешіміне сай, мереке күндері мүгедектерге жылына 1 рет 5 айлық есептік көрсеткіштен, қарттар күніне орай жылына 1 рет 2 айлық есептік көрсеткіштен әлеуметтік көмектер беріледі. Жұмыспен қамту -2020  бағдарламасы  аясында  5 жұмыс түріне 43,9 мың теңге бөлінді, жоспар  бойынша  жұмыс орындары құрылды.

Білім және жастар саясаты

Аудандық білім бөлімінің құрамында 15 жалпы білім беретін  мектеп  жұмыс істейді, оның ішінде 12 орта мектеп, 1 орталау орта  мектеп Аққұдық селосында және екі бастауыш мектеп, олар № 2 мектеп Ералиев станциясында  және № 9 бастауыш мектеп Құрық селосында. Сонымен қатар,  2 өнер мектебі,  1 кешкі мектеп, 1 "Жастар ресурстық орталығы" жұмыс жасайды.

Денсаулық және спорт

 Ауданда 10 дәрігерлік  мекеме  қызмет атқарады. Олар 2 мемлекеттік аурухана, 2 стационар, 2  аудандық  емхана, 4 дәрігерлік амбулатория . Аудан бойынша 1 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. 

Онда футбол, волейбол, бокс, қазақша күрес, таэквандо, каратэ-до, самбо, грек-рим күресі, дзюдо, тоғыз құмалақ үйірмелері жұмыс жасайды.

Кеңістіктік даму

 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы № 308 қаулысы және Маңғыстау облысы мәслихатының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 7/82 шешіміне сай Қарақия ауданына қарасты Болашақ ауылдық округі құрылды. Болашақ ауылының жалпы аумағы 15043,26 га құрайды. Болашақ, Бопай станцияларының және Ақбөбек, Бастау, Бестөрткүл, Құрмаш, Тайғыр бекеттері кіреді.

Бюджет 

2016 жылға  арналған  аудан бюджетінің  кіріс көлемі 11 млрд.  316 млн. 216 мың теңгеге  нақтыланып, 100 пайыз толық орындалды.

Ақпараттық ресурстар