Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Әкімшілік-аумақтық бөлініс

12.10.2015

Аудандар, қала атауы

Облыстық/аудан орталықтары

Аумағы, мың.кв.км.

Ауылдық және ауылдық елді-мекендер саны

Облыс әкімшілік    орталығына дейінгі арақашықтық,

км.

Ауылдық және ауылдық округтер   саны

Қарақия ауданы 

Құрық  ауылы

    6.429 700 га.

                 7

       70  км.

              3


Құрық ауылы

  Құрық селолық округі 28 қыркүйек 2001 жылы облыстық маслихаттың №14/123 шешімі негізінде құрылды. Маңғыстау облысының әкімдігінің  09.12.2014 жылғы  №307 бірлескен  қаулысы  мен  облыстық  мәслихаттың 11.12.2014 жылғы № 21/315 санды шешімі негізінде  Құрық селолық елді мекені "ауыл" санатына жатқызылды.  

2016  жылдың желтоқсан айына аудан бойынша халықтың саны  – 35 585 адам. Құрық ауылы бойынша  2016 жылға  халықтың саны - 10845 адам.  

Құрық  ауылы Қарақия ауданының орталығы болып есептеледі, облыс орталығынан 70 шақырым қашықтықта орналсқан.

Көлемі: 168 788,1 га. Жалпы жер көлемінің 15,4 пайызы немесе  26 134,6  га ауылшаруашылық жерлері болып есептеледі.

Құрық  ауылы «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС – нің каспий верфі қызмет атқаратын Каспий теңізінің жағалауында орналасқан.

 Құрық ауылы аумағының үстімен 84 шақырымды құрайтын «Ст.Ералы-Құрық-Ақтау» автокөлік жолы өтеді.

Қазіргі таңда елді – мекенде 1315 аула бар, барлығы табиғи газбен, ауыз сумен, тоқ көзімен, телефон желісімен және ұялы телефон байланысымен толықтай қамтамасыз етілген. Селода  2 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, мектеп – гимназия, 4 балабақша мен 2 шағын орталық, өнер мектебі, ДЮСШ мен спорт кешені, аудандық мәдениет үйі, аудандық кітапхана, аудандық аурухана мен емхана, АТС, телеарна тарату орталығы, Қазпошта бөлімшесі мен Халық банкі филиалы халыққа қазмет етеді.

Мұнайшы ауылы 

Мұнайшы селосының әкімдігі 1 қараша 1991 жылы Қарақия ауданы әкімінің шешімі негізінде құрылды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2014 жылғы №308 бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың  11.12.2014 жылғы №21/331 санды шешімі негізінде Мұнайшы селосы "ауыл"  болып өзгертілді.

2016 жылдың желтоқсан айына адам саны -5714 адам.

Елді - мекен аудан орталығы Құрық ауылынан солтүстік-шығыста 65 км, Жетібай кентінен оңтүстікке қарай 15 км, Қарақия ойысынан шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан. Республикалық маңызы бар Ақтау-Жаңаөзен автожолынынан 2 км қашықтықта орналасқан. Іргесі 1975 жылы осы өңірде ашылған мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланды.

Ауыл арқылы Ақтау — Жаңаөзен, Қарақия — Жетібай — Шетпе автомобиль жолдары, Маңғышлақ — Жаңаөзен темір жолы өтеді.

Мұнайшы кентінің оңтүстігінде 8 км арақашықтықта Жетібай стансасы орналасқан.

Көлемі: 44 498 га. Жалпы жер көлемінің 87,2 пайызы немесе 38 844 га ауылшаруашылық жерлері болып есептеледі.

Бұл елді – мекен табиғи газбен, ауыз сумен, тоқ көзімен, телефон желісімен және ұялы телефон байланысымен толықтай қамтамасыз етілген.

Ауылда 2 орта мектеп, 3 балабақша, мектепке дейінгі білім беру «Ақбота» шағын орталығы, мәдениет үйі, спорт залы, аудандық кітапхана филиалы, 2 аурухана амбулаториясы, АТС, пошта халыққа қызмет етеді.

Қазіргі таңда Мұнайшы ауылының  2025 жылға дейінгі дамуын ескере отырып бас жоспары жасақталуда.

Ауыл аумағының жерінде Қазақстандағы 450 құстар түрлерінің  70 % жуығы және сүтқоректілердің үштен бір бөлігі мекендейді. Өңірде өсетін жануарлар мен өсімдіктердің көп түрлері Халықаралық Қызыл Кітапқа  және Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Болашақ ауылдық округі

Болашақ ауылдық округі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №344 қаулысы және Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/204 шешімі негізінде Болашақ ауылы болып өзгертілді. Болашақ ауылының жалпы аумағы 15043,26 га құрайды. Болашақ, Бопай станцияларының және Ақбөбек, Бастау, Бестөрткүл, Құрмаш, Тайғыр бекеттері кіреді.

Қазіргі таңда Болашақ ауылында бір қабатты 85 /170 пәтер/ үй, 8 /сегіз/ екі қабатты 10 /он/ бөлмелі жатақхана орналасқан. Болашақ ауылында барлық ғимараттар мен әлеуметтік нысандар /мектеп, бала бақша, амбулатория, асхана, наубайхана, 2 /екі/ дүкен, 1 /бір/ монша халыққа қызмет етеді.2016 жылдың желтоқсан айны халық саны-516 адам.

Жетібай ауылы

Жетібай селосының әкімдігі 13 желтоқсан 1993 жылы Қарақия ауданы әкімінің №508 шешімі негізінде құрылды.Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2014 жылғы № 308 бірлескен қаулысы мен 11.12.2014 жылғы № 21/331 санды облыстық мәслихаттың шешімі негізінде  Жетібай селосы  ауыл санатына жатқызылды.

2012  жылдың қараша айына халықтың саны – 12 мың адам. 2016 жылдың  желтоқсан айына халық саны- 12565 адам.

Елді - мекен аудан орталығы Құрық ауылының  шығыс бетке 70 шақырым қашықтықта орналасқан.

Көлемі: 25 019,1 га. Жалпы жер көлемінің 67,7 пайызы немесе 16 931,2 га ауылшаруашылық жерлері болып есептеледі.

Жетібай  ауылының үстінен Атырау, Өзен, Маңғыстау елді – мекендері бағытына теміржол желілері өтеді.

Және де, ауыл аумағының үстімен Бозашы мұнай құбырын Ақтау қаласымен байланыстыратын қазақстанның «Ақтау – Жетібай - Өзен» мұнай құбыры өтеді. Әрі қарай бұл мұнай құбыры «Өзен-Атырау-Самара» құбырымен жалғасады. «Ақтау – Жетібай - Өзен» мұнай құбырының ұзындығы 150 шақырымды құрайды.

Жетібай  ауылы1961 жылы ашылған Жетібай мұнайгаз кенімен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда, бұл елді – мекен табиғи газбен, ауыз сумен, тоқ көзімен, телефон желісімен және ұялы телефон байланысымен толықтай қамтамасыз етілген.

Ауылда 3 орта мектеп, 2 балабақша, аудандық кітапхана филиалы, спорт кешені, өнер мектебі, емхана мен аурухана,  ПТЛ, мәдениет үйі, АТС пен телеарна тарату орталығы халыққа қызмет етеді.

Бостан ауылдық округі

Бостан селолық округі 15 қараша 1992 жылы Маңғыстау облысы әкімінің №254 шешімі негізінде құрылды.

2016  жылдың желтоқсан  айына халықтың саны – 1970 адам.

Селолық округ құрамына Бостанқұм және Қызылсу елді – мекендері кіреді.

Бостан селосы аудан орталығы Құрық селосынан шығыс бетке 170 шақырым қашықтықта орналасқан.

Көлемі: 40 720,5 га. Жалпы жер көлемінің 94,2 пайызы немесе 38 397 га ауылшаруашылық жерлері болып есептеледі.

Бостан селосы Сауысқан су құбыры арқылы толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Елді – мекенде 303 аула бар, барлығы табиғи газбен, телефон желісімен және ұялы телефон байланысымен қамтылған.

Селода 400 орынға арналған орта мектеп, шағын орталық, кітапхана, аурухана амбулаториясы, мәдениет үйі және АТС қызмет етеді.

Қазіргі таңда Бостан селосының 2025 жылға дейінгі дамуын ескере отырып бас жоспары жасақталуда.

Құланды ауылдық округі

 Құланды селолық округі Қарақия ауданы әкімінің 18.12.1993 жылғы №527 санды шешіміне сай құрылды.

 Халық саны 2016 жылдың жнлтоқсан айына -1605 адам.

Құланды селосының әкімшілік орталығы  Құрық ауылының шығыс бетінде 142 шақырым жерде, «Төңірек шын» ойпатының  оңтүстік бағытында  орналасқан.

Құланды селосын Жаңаөзен қаласымен 4,5 км. жол қосады.

Көлемі:18992га.   Жалпы жер көлемінің 60% немесе 11390,4га. ауыл-шаруашылық  жері болып саналады.

Қазіргі таңда елді мекенде аула саны-235., барлығы  табиғи  газбен, жарықпен, сумен, телефон желісімен, ұялы, телефон байланыстарымен толық қамтылған.

Ауылда  жалпы орта білім беретін 320 орындық мектеп, 50 орындық бала бақша, дәрігерлік амбулатория,  АТС, пошта бөлімшесі, телеарна тарату орталығы халыққа қызмет етеді..

Сенек  ауылы

Сенек селосының әкімдігі 18 желтоқсан 1993 жылы Қарақия ауданы әкімінің №527 шешімі негізінде құрылды.

2016  жылдың  желтоқсан айына халықтың саны – 2070 адам.

Село құрамына Аққұдық және Төлеп елді – мекендері кіреді.

Сенек селосы аудан орталығы Құрық селосынан шығыс бетке 185 шақырым қашықтықта орналасқан.

Көлемі: 46848 га. Жалпы жер көлемінің 70 пайызы немесе 33 000 га ауылшаруашылық жерлері болып есептеледі.

Түйе Су кен орны тұрғылықты халықты ауыз сумен толықтай қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда елді – мекенде 347 аула бар, барлығы табиғи газбен, телефон желісімен және ұялы телефон байланысымен қамтылған.

  Селода 516 орынға арналған орта мектеп, 50 орындық балабақша, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана амбулаториясы, АТС және телеарна тарату орталығы халыққа қызмет етеді.


Ақпараттық ресурстар