Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қарақия ауданы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттің 2014 жылдың есепті мерзіміне ( I – жартыжылдық есебіне) орындалысы

09.10.2015

Қарақия ауданы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттің 2014 жылдың есепті мерзіміне ( I – жартыжылдық есебіне) орындалысы туралы  ақпарлама

2014-2016 жылдарға арналған аудан бюджеті осы күнге дейін үш рет нақтылаумен екі рет түзету еңгізілген. Нақтыланған бюджет көлемі, кірістер бойынша 8 591,7 млн теңге, кірістің 3 категориясы бойынша жылдық жоспары 7 023,7 млн теңге, есепті кезеңге жоспары 2 693,9 млн теңге, нақты түсім 100 пайыз орындалды. Шығындар көлемі 8 595, 0 млн теңге болып бекітіліп, есепті кезеңге жоспары 3 584,3 млн теңге, игерілім 95,2 пайыз құрады. Оның ішінде даму бағдарламасына 2 115, 6 млн теңге, немесе аудандық бюджеттің 24 пайызын құрайды, есепті кезеңге жоспары 861 495 мың теңге, игерілімі 70,8 пайыз, себебі конкурс процедураларына байланысты.

Республикалық бюджеттен түсетін ағымдағы нысаналы трансферттердің жылдық жоспары 478 501 мың теңге, есепті кезеңге жоспары 164 681 мың теңге,  игерілімі 88,2 пайыз. Республикалық бюджеттік кредиттер сомасы 91 674 мың теңге («Дипломмен ауылға»), есепті кезеңге жоспары 13 890 мың теңге,  100 пайыз игерілді.

«Өңірлерді дамыту»  бағдарламасына  10  нысан бойынша  97 048 мың теңге қарастырылды, есепті кезеңге жоспары 25 849 мың теңге, орындалысы 19 584 мың теңге, немесе 75,8 пайыз құрады.  Жоспар бойынша толықтай конкурсқа беріліп, келісім - шарт жұмыстары жасақталып жұмыстары жасалуда.

Республикалық бюджеттен +10 пайызы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру»  бойынша 10 жұмыс түріне, 63 жұмыс орнына қаражат бөлінді, оның ішінде 29 жұмыспен қамту орталығы арқылы , көлемі – 158 996,0 мың  теңге, есепті кезеңге жоспары  31 966 мың теңге, игерілімі  98,8 пайыз. Жоспарланған қаржы көлемі толықтай конкурсқа беріліп, келісім - шарттары жасақталып, жұмыстары жасалуда, толық нәтижеге қол жеткізіледі.

2014 жылдың екінші жарты жылдығына қойылатын мақсат республикалық бюджет есебінен «Балапан» бағдарламасына бөлінген қаржы есебінен 5460 мың теңге және бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек мөлшері 10 пайызға өсуіне бөлінген қаржы көлемінен 5608 мың теңгені, барлығы 11068 мың теңге артық қаражат көлемі қаралуына байланысты қайтаруға Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына хат жолданған болатын. Қалған жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебі 100 пайыз көлемінде игеріледі.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша

1. Аудандық экономика және қаржы бөлімі, жұмысшы орган ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 ақпан 2009 жылғы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына және Маңғыстау облысының әкімдігінің 28 наурыз 2014 жылғы №57 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы қаулысын басшылыққа ала отырып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан мамандарға жеңілдіктер берілетін іс-шаралар іске асырылды.

2014 жылы ауданға жергілікті бюджеттен көтерме жәрдемақы алуға 52 маманға 6742,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде білім беру саласы бойынша 15 маманға 1944,5 мың теңге, денсаулық саласы бойынша 9 маманға 1166,8 мың теңге, мәдениет саласы бойынша 1 маманға 129,6 мың теңге, мәдениет саласы бойынша 1 маманға 129,6 мың теңге барлығы 26 маманға 3370,6 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. Қалған 26 маманның қаржысын 2 жартыжылдықта толықтай игерілетін болады. Ережеге сәйкес 5 жыл (көтерме жәрдемақы алған мамандар) жұмыс тұрақтылығы сақталуы тиіс.

2014 жылы  аудан бойынша республикалық бюджеттен бюджеттік кредитке 91674,0 мың теңге қаралды.

Оның ішінде  білім беру саласы бойынша 4 маманға 11112  мың теңге, спорт саласы бойынша 1 маманға 2778,0 мың теңге, барлығы 5 маманға 13890,0 мың теңге берілді. Қалған 28 маманның 77784,0 мың теңгесін 2 жартыжылдықта игерілетін болдаы. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 15 (он бес) жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдың 0,01%-мөлшерінде белгіленеді.

Бір маманға 1500АЕК(айлық есептік көрсеткіш)*1852=2 778 000 теңге.

Аудандық білім бөлімінің  құрамында 15 жалпы білім беретін  мектеп  жұмыс істейді, оның ішінде  12 орта мектеп, 1 орталау орта  мектеп  Аққұдық селосында және екі бастауыш  мектеп , олар  №2  мектеп  Ералиев станциясында және №9  бастауыш мектеп Құрық селосындағы.

Ауданымызда 2 мектеп  шағын комплектілікті деп саналады ,- Аққұдық  орталау орта мектеп Аққұдық селосында және № 10 орта  мектеп Болашақ станциясында орналасқан.

Құрық селосында ”№3 кешкі сырттай  жұмысшы жастар орта мектебі”  мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды , оның құрамында Мұнайшы  және Құланды  оқу –консультация пунктілері  жұмыс істейді.

Құрық  селосында "Құрық балалар өнер мектебі", жанындағы "Асыл мұра" аула клубы  МККК  және Жетыбай  кентінде “Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетыбай балалар өнер мектебі”, жанындағы "Ауылым" аула клубы  МККК, жұмыс жасайды, қатысатын оқушы саны  - 834.

Есеп беріліп отырған мерзімге оқушылар  құрамы мектеп алды даярлық пен 7522 оқушы құрайды, оның  ішінде 1-4 сыныпта -3148 оқушы, 5-9 сыныпта -2896 оқушы , 10-11 сыныпта 589 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында – 889 оқушы.  Жылдың басындағы есеппен салыстырғанда оқушы саны 34 балаға көбейіп отыр, оның  ішінде 1-4 сыныпта -12 оқушыға көбейді, 5-9 сыныпта -2 оқушыға көбейді , 10-11 сыныпта 3 оқушыға көбейді, мектеп алды даярлық сыныбында  17 оқушыға көбейді.

”№3 кешкі сырттай  жұмысшы жастар орта мектебі”  мемлекеттік мекемесінің контингенті  5 оқушыға көбейіп отыр.

Педагогикалық ставкамен штат құрамында  ішінара өзгерістер бар.

”№3 кешкі сырттай  жұмысшы жастар орта мектебі”  мемлекеттік мекемесінің педагогикалық ставкасының 1,6 бірлікке көбеюі, себебі күндізгі мектептен өзгешелігі тарификация 2-ші оқу жартыжылдығына қайта жасақталады.

Қашаған орта мектебінің  жанындағы интернатта  бала саны  азайып отыр, оқу жылының аяғында  15  тәрбиеленушімен қалды .  2014 жылдың 1 қаңтарынан  бастап бір  балаға 1күндік тамағының құны  768  тенге құрайды, 01 сәуірден бастап бағасы 717 теңге құрайды. Кассалық шығыс 1442,475 мың теңге құрайды.Бала күн саны - 1,9 мың бала-күн.

Құрық орта мектеп -гимназиясының жанындағы интернатта  34  бала  тәрбиеленеді .  тамақтануына  2168,570 мың теңге жұмсалды. 2014 жылдың 1 қаңтарынан  бастап бір  балаға 1күндік тамағының құны  685,71  тенге құрайды, 01 сәуірден бастап бағасы 688 теңге құрайды. Бала күн саны -  3,2 мың бала -күн . 

  Селолық мекендеріндегі  мектептердің мамандарына  лауазымдық  жалақысы  25%жоғарылау  төленеді. Сондай төлемді  1043,9  бірлікке төленді, оның ішінде 805,42 педагогикалық ставкаға және 238,5  штат бірлігіне .Кассалық шығыс  71722 мың тенге., методкабинет  бойынша 9,0 штат бірлігі  711,8 мың.тенге, өнер мектебінде  94,5 штат бірлігімен пед.ставкаға  5987,0 мың.тенге , кешкі мектеп бойынша 2,5  әкімшілік персонал мен 17,4 пед.ставкаға  кеткен қаржы  1395,0 мың.тенге, «Қарақия аудандық білім беру  бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы» мемлекеттік мекемесінде жасайтын 3,0 штат бірлікке 272,6 мың теңге жұмсалды.

Ауданымыздың 12 мектебінде  жетім,жартылай жетім , аз қамтылған  жанұяларының 1037 балаларына  тегін тамақ беруі ұйымдастырылған. Кассалық шығыс 26179,5 мың.тенге. 98,3  мың бала-күн.

1-сынып оқушыларының ыстық тамақтануын  ұйымдастыруына 742  оқушыға 18536,3  мың теңге жұмсалды. 69,4  мың бала-күн. 

2014-2015 оқу жылына 1-ші сыныпқа келетін  оқушыларға  жергілікті  бюджеттен  939 оқушыға бірыңғай оқушы формасы сатып алу  үшін қаралған қаражат 5412,0  мың теңге , шілде, тамыз  айларына жоспарланған.

Жергілікті бюджеттен жетім, жартылай жетім , аз қамтылған  жанұяларының 1147 балаларына қысқы киім сатып алуға әр балаға 12250 теңге есебінен 14059,0 мың теңге қарастырылған, игерілгені жоқ..

Жергілікті бюджеттен жетім, жартылай жетім , аз қамтылған  жанұяларының 375  балаларына  Жетыбай кентіндегі  №3,4,8 орта мектептерінің, Мұнайшы кентіндегі №5,7 орта мектептің, Құрық селосындағы Құрық орта мектеп-гимназиясы, Қашаған атындағы орта мектептің, Қарақұдық  орта  мектептің жанынан маусым-шілде айларында 1- ауысымдық жазғы балалар сауықтыру демалыс лагері  жұмыс жасап  жатыр.  Бюджеттен 11633,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілгені 10019,3 мың теңге.  1-күндік тамақ құны 916 теңге құрайды.6,4 мың бала-күн.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен жетім, жартылай жетім , аз қамтылған  жанұяларының 120  балаларына басқа қалаларға жолдама сатып алу арқылы жазғы балалар сауықтыру демалыс лагері ұйымдастырылады, бағасы 55127 теңге құрайды.  Бюджеттен 6618,0 мың теңге қаражат бөлінді. Игерілгені  жоқ.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 15 наурыз 2011 жылғы №20-48/05-58 хаттамасының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24 наурыз 2011 жылғы №14-12-4/618 хатының негізінде республикалық бюджет есебінен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағу үшін әр балаға айына 18520 теңге есебінен  барлығы 3128,0 мың теңге  қаражат қарастырылды, аудандық білім беру бөлімі арқылы қаражат  мектептер бойынша 13  оқушыға төленеді. Орындалысы 1535,2 мың теңге құрайды.

Мектеп ғимараттарын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 10607,0 мың теңге қаражат қарастырылды, игерілгені  250,0 мың теңге,  ол Қашаған атындағы орта мектептің өрт дабылдатқыш жүйесінің жөндеуден өткізуі.

Жергілікті бюджеттен 067 бағдарламасы бойынша  414 ерекшелікте барлығы 25935,0 мың теңге, игерілгені  17211,7 мың теңге. Оның ішінде, 2 мектепке (12+1) конфигурациялық компьютерлік сынып, №3 кешкі мектепке (5+1) конфигурациялық компьютерлік сынып және 9 мекемеге 22 дана персоналдық компьютер сатып алуға барлығы қарастырылған 6636,0 мың теңгенің игерілгені 5645,7 мың теңге. Медициналық жабдықтар сатып алынуына қарастырылған 3787,0 мың теңгеден игерілгені 2247,7 мың теңге, спорттық жабдықтар сатып алуға қарастырылған 7327,0 мың теңгеден игерілгені 5325,7 мың теңге және басқа  құрал-жабдықтар сатып алуға  үнемделген қаражат есебінен  1801,0 мың теңгенің  игерілгені 851,1 мың теңге. Болашақ  стансасындағы №10 орта мектепке  қарастырылған 5965,0 мың теңгеден игерілгені 2723,1 мың теңге. 

003 бағдарламасы бойынша  414 ерекшелікте барлығы 1177,0 мың теңге, игерілгені  650,9 мың теңге. Жетібай селосындағы №4 орта мектептің жанынан ашылатын жазғы сауықтыру демалыс лагерін ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтар сатып алу үшін 988,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 462,5 мың теңге және  №6 орта мектепке 3 дана сплит система сатып алуға 189,0 мың теңге қарастырылып, игерілгені 188,4 мың теңге.

Маңғыстау облысының  әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 333 «Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға ( жалға алуға ) беру қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес мүлікті жалдауға ( жалға алуға ) беру қағидасына сәйкес жыл басынан  40 келісім шарт тіркелді оның ішінде 35 мектептердің асханасы бойынша, 1 автокөлік, 4 мемлекеттік мекеме ғимараты бойынша келісім шарт тіркелді.

Жыл басынан түскен түсім  соммасы 2 218, 9 млн теңгіні құрайды, жыл аяғына дейін бұл түсім жалғасады. 

Аудан бойынша сауда-саттық арқылы сатылған мүліктер жоқ. Аудан бойынша жекешелендіруге шығарылған аудандық орталық кітапхана ғимараты сауда-саттыққа аукцион арқылы 3 рет шығарылғанымен, сатып алуға ниет білдірген алушы болмады, кәзіргі таңда қайта сауда саттққа шығаруға құжаттары жасақталып жатыр.

Сонымен қатар баланс ұстаушысы «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны теңгеріміндегі мүлік «Ақатау-Құрық» су құбыры аукцион арқылы 2013 жылы 3 рет шығарылды, сатып алуға ниет білдірген  алушы болмады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №615 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жармасыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын рәсімдеу қағидасы бекіту туралы» қаулысының 2 тармағының 6 тармақшасының 2 тобы бойынша қайталама шикізат ретінде (қара,түсті және асыл металдар сынықтары,көнерген материал,отын және басқа шикізат) кіріске алынатынын ескерте отырып шығыстауға келісім берілді, келісім шарт мәліметі бойынша нысан 77 436 031 теңгеге бағалаған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркуйектегі №1103 қаулысымен бекітілген, Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасына сәйкес «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жалпы құны 7 458 000 (жеті миллион төрт жүз елу сегіз мың) теңгені құрайтын мүліктерін «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына сыйға берді.

  Аудан бойынша жаңадан құрылысы аяқталып тапсырылған 7 нысан, оның ішінде:

1) Бостан селосындағы 50 орындық бала бақша ғимараты.

2) Құрық селосына кіре берістегі стелла,

3) Құрық селосының 1 ықшам ауданнындағы №65,66,67,68 тұрғын үйлеріне арналған сыйымдылығы 60м3 септик.

4) Сенек селосындағы екі пәтерлі екі коммуналдық тұрғын үй.

5) Мұнайшы селосында құрылысы аяқталған 4 қабатты коммуналдық тұрғын үйдің 1 кезегі. 

6)  Мұнайшы селосында құрылысы аяқталған 4 қабатты коммуналдық тұрғын үйдің 2 кезегі. 

7)Жетібай селосының кентшілік су құбыры құрылысы.

Құрылысы басталған 17 нысанның ішінде қаражаты толық бөлініп пайдалануға тапсырылатыны 9 нысан, қалғаны өтпелі болып тұр, олар балабақша, су ағар, клуб және тоқ желілері.

 


Ақпараттық ресурстар