Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
«2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 83

Нормативтік құқықтық акт Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 19 қаңтар 2015 жылы №2596 болып тіркелді

Маңғыстау  облысы  Қарақия  аудандық  мәслихаты


Ш Е Ш І М І

Құрық  ауылы   № 24/247    

29 желтоқсан 2014 жыл


«2015-2017 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару  туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №21/304 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2567 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер     – 10 678 748 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша     – 8 139 430 мың теңге;

салықтық емес түсімдер

бойынша     – 7 037 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан 

түсетін түсімдер    –  42 058 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша  –  2 490 223  мың теңге.

2) шығындар     –  10 678 748 мың теңге.

3) таза бюджеттік кредиттеу     –  58 780  мың теңге:

бюджеттік кредиттер  –  80 271 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  –  21 491 мың теңге.

4) қаржы активтерімен

операциялар бойынша сальдо     –  0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу  –  0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін

сатудан түсетін түсімдер   –  0 теңге.

  5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  58 780 мың теңге.

2

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)  – 58 780  мың теңге;

қарыздар түсімі    – 21 491  мың теңге;

қарыздарды өтеу    – 21 491 мың теңге;

бюджет қаражатының

пайдаланатын қалдықтары    – 0 теңге.

2. Аудандық бюджетте 2015 жылға республикалық бюджеттен төмендегідей ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері және бюджеттік кредиттер бөлінгені қаперге алынсын:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;

мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төленетін еңбекақы деңгейін арттыруға;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге;

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға.

3. Облыстық бюджетке аудару үшін 2015 жылға аудандық бюджетте 3 096 015 мың теңге бюджеттік алулар қаралғандығы ескерілсін.

4. Әлеуметтік көмектерді келесідей мөлшерде белгілеуге құқық берілсін:

1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:

«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

2) 1986 жыл 26 сәуір – Чернобыльдағы АЭС апат күні:

Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектеріне – 60 000 (алпыс мың) теңге;

3

1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға – 50 000 (елу мың) теңге;

1988-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға – 20 000 (жиырма мың) теңге.

3) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) 9 мамыр – Жеңіс күні:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 000 (жүз мың) теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектерден басқа) – 60 000 (алпыс мың) теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 000 (елу мың) теңге;
    Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне – 40 000 (қырық мың) теңге;
   
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Реcпубликасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 4 бабының 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға – 10 000 (он мың) теңге;

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге.

5) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) – 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын санатындағы тұлғаларға – 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш;  бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші

4

топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

7) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні:

жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 (жетпіс) жастан жоғары зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.

8)6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

9) Он сегіз жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысы есепке алмай ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

10) Әлеуметтік көмек: онкологиялық, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға өтініштері бойынша табыстарын есепке алмай жылына бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш.

11) Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға табысы есепке алмай әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей жылына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.

12) Өтініш жазған айдан бастап тоқсан сайын негізгі азық - түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты табысы есепке алмай мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға ай сайын – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.

13) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

5. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін жергілікті өкілдіорганмен келісу бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды.

6.  Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі 4 қосымшағасәйкес бекітілсін.

7.  2015 жылға секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламасының тізбесі 5 қосымшағасәйкес бекітілсін.

8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Есенқосов).

9. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қарақия аудандық мәслихатының интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

10. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы     Аудандық мәслихаттың

  хатшысы

  Н.Челеева     А.Мееров

 «КЕЛІСІЛДІ»

«Қарақия аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

Әбдіхалықова Алия Жұмабайқызы

____________________

29 желтоқсан 2014 жыл


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…