Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Аудандық маслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15/164 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Нормативтік құқықтық акт Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 26 маусымда 2014 жылы №2460 болып тіркелді

    Маңғыстау  облысы  Қарақия  аудандық  мәслихаты

    Ш Е Ш І М

    Құрық ауылы  № 19/203    10 маусым 2014 жыл


    Аудандық маслихаттың 2013

    жылғы 20 желтоқсандағы №15/164

    «2014-2016 жылдарға арналған

    аудандық бюджет туралы» шешіміне

    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1.  Аудандық мәслихаттың  2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/164 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 15 қаңтарда №2341 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 28 қантарда жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет қосымшаларға сәйкес,  оның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер    – 8 643 199 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер бойынша    – 7 188 998 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер

    бойынша    – 13 979 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан

    түсетін түсімдер    – 70 718 мың теңге;

    трансферттер түсімдері бойынша    – 1 369 504 мың теңге.

    2) шығындар    – 8 645 490 мың теңге.

    3) таза бюджеттік кредиттеу    – 73 907 мың теңге;

    бюджеттік кредиттер  – 91 674 мың теңге;

    бюджеттік кредиттерді өтеу    – 17 767 мың теңге.

    4) қаржы активтерімен

    2

    операциялар бойынша сальдо    – 28 000 мың теңге;

    қаржы активтерін сатып алу  – 28 000 мың теңге;

    мемлекеттің қаржы активтерін

    сатудан түсетін түсімдер  – 0 теңге.

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – 104 198 мың теңге.  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру   (профицитін пайдалану)    – 104 198 мың теңге; 

    қарыздар түсімі    – 91 674 мың теңге;  қарыздарды өтеу    – 17 767 мың теңге;  бюджет қаражатының  пайдаланылатын қалдықтары    – 30 291 мың теңге.

    6 тармақта «2000» саны «5000» санымен ауыстырылсын;

    7 тармақта

    1) тармақша келесі редакцияда жазылсын: 

    «1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:

    «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғанкөп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

    3) тармақша келесі абзацпен толықтырылсын:

    «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге.»;

    4) тармақшаның екінші абзацындағы «6 (алты) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын, келесі абзацпен толықтырылсын:

    «бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

    5) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

    «5) 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

    «бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

    7 тармақ келесідей 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:

      «11) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:  бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек

    3

    балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    12) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:

    бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    13) 16  желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

    бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

    Көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Есенқосов).

      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімді мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы    Аудандық мәслихаттың

        хатшысы

        М. Аманиязова        А. Мееров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қарақия аудандық экономика

    және қаржы бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы

    ____________________

    2014 жыл 10 маусым


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk