Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15/145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 44

Нормативтік құқықтық акт Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 10 шілдеде 2014 жылы №2476 болып тіркелді

Маңғыстау  облысы  Қарақия  аудандық  мәслихаты

Ш Е Ш І М

Құрық ауылы  № 19/204    10 маусым 2014 жыл


Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы

20 желтоқсандағы №15/145 «Әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарының тізбесін

айқындаудың Қағидасын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15/145 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2347 болып тіркелген,  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 қантарда жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

9 тармақта:

1) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:

«1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:    «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын

«Ардақты ана» атағын алған, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен  марапатталғанкөп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік

2

көрсеткіш;    бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі

мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;

3) тармақша келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге.»;

4) тармақшаның екінші абзацындағы «6 (алты) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;

5) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:

«5) 6 қазан – Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні:

«бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;

9 тармақ келесідей мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

  «7) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

8) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

9) 16  желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.»;

13 тармақ алынып тасталсын;

15 тармақтың екінші абзацында «бала кезінен мүгедектер» деген сөздерден  кейін «, мүгедек студенттер;» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия  аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).  3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық

жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.   

3

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.   

Сессия төрағасы    Аудандық мәслихаттың

    хатшысы

  М.Аманиязова    А. Мееров

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарақия аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы

_________________________

10 маусым 2014 жыл

«Қарақия аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы

_________________________ 

10 маусым 2014 жыл


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…