Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 «Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Нормативтік құқықтық акті Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 04 сәуір 2014 жылы №2380 болып тіркелді

    Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихаты

    Ш Е Ш І М

    Құрық ауылы   № 16/169   06 наурыз 2014 жыл


    Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы

    11 шілдедегі №11/120 

    «Қарақия ауданында

    аз қамтамасыз етілген отбасыларға

    (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің

    мөлшерін және тәртібін айқындау

    Қағидасын бекіту туралы» шешіміне

    өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1303 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 09 тамызда №2286 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2013 жылғы 15 тамызда №33 (544) жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

    Көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

    «2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» деген тарауда:   7 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;».  

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия  аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).  

    4. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Мееров) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.

    5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы Аудандық мәслихаттың   хатшысы

    Қ.Әбдірахман   А. Мееров

    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk