Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 76

Нормативтік құқықтық акті Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 21 қаңтар 2014 жылы №2344 болып тіркелді

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихаты

Ш Е Ш І М

Құрық селосы № 15/145 20 желтоқсан 2013 жыл

 

 

 Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың Қағидасын

бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының

заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).

  3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қарақия аудандық мәслихатының интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2

Сессия төрағасы Аудандық мәслихаттың

  хатшысы

Б.Дусупов   А.Мееров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Қарақия аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы

20 желтоқсан 2013 жыл

____________________

 

«Қарақия аудандық экономика және

қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы

20 желтоқсан 2013 жыл

____________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

    Қарақия аудандық мәслихатының

2013 жылғы 20 желтоқсандағы 

  № 15/145 шешiмiмен бекiтiлген

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы

 

  1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексiнің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Осы қағида әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

3. Осы қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

3) ең төменгі күнкөрiс деңгейi – Маңғыстау облысының статистикалық органы есептейтін, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
  5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

7) уәкілетті орган –  әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;  

  8) уәкiлеттi ұйым – «Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық» (бұдан әрі - Орталық) Республикалық  мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облыстық филиалы;

 

 

4

  9) әлеуметтік көмек екінші дәрежелі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай түрде алушылардың есепшоттарына аудару арқылы ұсынылады.

10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Қарақия ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.

Осы қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.

4. Осы қағида әкімшілік – аумақтық бірліктерге сәйкес Қарақия ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатындағы адамдарға қолданылады.

  5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушыларға) өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай- ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда берілетін көмек түсініледі.

  6. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетiлген тұлғаларға әлеуметтiк көмек осы қағидада көзделген тәртiппен көрсетiледi.

  7. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетiледi.

  8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

Учаскелік және арнайы комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

 

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау

және әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн белгiлеу тәртiбi

 

9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай, келесі мөлшерде көрсетіледі:

1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.

2) 1986 жыл 26 сәуір – Чернобыльдағы АЭС апат күні:

Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектеріне – 60 000 (алпыс мың) теңге;

1986-1987  жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға – 50 000

(елу мың) теңге;

1988-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға – 20 000

(жиырма мың) теңге.

5

3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне  – 100 000 (жүз мың) теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектерден басқа)–60 000 (алпыс мың) теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 000 (елу мың) теңге;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне – 40 000 (қырық мың) теңге;

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі заңының 4 бабының 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға – 10 000 (он мың) теңге;

4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) – 6 (алты)  айлық есептік көрсеткіш; Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш; Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын санатындағы тұлғаларға – 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш.   5) 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:   Барлық  топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;       6) 1 қазан –  Халықаралық қарттар күні:   Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 (жетпіс) жастан жоғары зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш. 10. Он сегіз жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысы есепке алмай ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.   11. Әлеуметтік көмек: онкологиялық, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға өтініштері бойынша табыстарын есепке алмай жылына бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.     12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға табысы есепке алмай әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей жылына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. 13. Өтініш жазған айдан бастап тоқсан сайын негізгі азық - түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты табысы есепке алмай мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға ай сайын – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.   14. Өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, емделуге, дәрі – дәрмек алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін

6

арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Шекті шама 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.   15. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жылына бір рет, білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және ай сайын бөліп төлеу арқылы жабатын тамақтану мен тұру шығындарына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген 1,5 (бір жарым) еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларына, келесі санаттағы тұлғаларға: бала  кезінен мүгедектер;   тұлдыр жетім;   балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілері;   ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болуы; жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы;         ата-анасының біреуі қайтыс болуы;   бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейінгі балалар (бірақ, әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін).     16. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

 

  17. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей Орталықтың немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Қарақия ауданы әкімдігі бекітетін тiзiм бойынша көрсетiледi.

Айтулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға Қарақия ауданы әкімдігі ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітеді.

18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса келесі құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

3) осы қағидаға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) құрамы

туралы мәлiметтердi;

4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

5) өмiрлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты;

  6) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжат;

  7) туу туралы куәлік (жоғары оқу орнындағы студенттерге);

  8) білім беру қызметінің келісім шарты (жоғары оқу орнындағы студенттерге);

7

Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесіне байланысты адамның (отбасының) өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсетуге хабарласа алады:

1) отбасының ересек мүшесі;

2) қамқоршы (қорғаншы);

3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген

тұлға.

19. Құжаттар салыстырылып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде 

ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

20. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

    21. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша, осы Қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

  Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттарымен уәкiлеттi органға жiбередi

22. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

23. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

24. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен

құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
25. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерi көрсетіледi.

  26. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағиданың 22 және 23 тармақтарында көрсетiлген жағдайда, уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiнен құжаттарды қабылдаған

8

күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

  27. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылдаған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

28. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл

iшiнде қайта көрсетiлмейдi.

29. Отбасының жиынтық табысы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237 бұйрығына сәйкес есептеледі.

  30. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

  1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден

бас тартқан, жалтарған;

  3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы

бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

  31. Әлеуметтiк көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржылық жылда Қарақия ауданының бюджетімен қарастырылған құралдар шегінде жүзеге асады.

Әлеуметтiк көмекті төлеуді әлеуметтiк көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы жүзеге асырады.

 

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару

үшiн негiздемелер

 

32. Әлеуметтiк көмек мына жағдайларда тоқтатылады:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
    33. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

 

5. Қорытынды ереже

 

    37. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

 

 

9

Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15/145 шешіміне
№1 қосымша

 

 

Отбасының тіркеу нөмірі

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

_________________________________ _________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекен-жайы,телефон)

 

р/с/

Отбасы мүшелерінің Т. А. Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш берушінің қолы _____________________Күні ____________________
 
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды
адамның Т. А. Ә. _________________________
(қолы)

10

Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15/145 шешіміне
№2 қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

20___ ж. «____»__________________

_______________________________
(елді мекен)

1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._____________________________________
2. Тұратын мекен-жайы _________________________________________
_____________________________________________________________________

3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған болған өмірлік қиын жағдай __________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)_______ адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш беруші-
ге туыстық қатысы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілі-
гін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы) туралы мәліметтер

Өмір-
лік қиын жағдай

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  Еңбекке жарамды барлығы_________________________________ адам.
  Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _________________ адам.

Балалардың саны_______________________________________________

жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар________адам, оқу құны жылына ___________ теңге.

Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
  5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше -көрсету керек):
______________________________________________________________________________

Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
   

12

Отбасының табысы:

Р/с№

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

 

 

 

 

 

 

 

 
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

__________________________________________________________________________________________________________________қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)_________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
 

7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

9. Балалардың мектепке керек-жарақпен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі

______________________________________________________________________________

13

10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы_______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Комиссия төрағасы: ___________________ ________________________

Комиссия мүшелері: ___________________ ________________________

  ___________________________________________

      ___________________________________________

___________________ _____________________
  (қолдары) (Т.А.Ә.)
 

Жасалған актімен таныстым: __________________________________________
  (өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)
 
 

Тексеру жүргізілуден бас тартамын ___________________________________________________ өтініш
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің)Т.А.Ә. және қолы, күні
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)



 

 

 

 

 

 

 

14

Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15/145 шешіміне
№3 қосымша

Учаскелік комиссияның №________ қорытындысы

20 __ жыл «____»_______________

Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

_________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
______________________________________________________________________________
  (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
 
 Комиссия төрағасы: ___________________ ________________________

Комиссия мүшелері: ___________________ ________________________

  ___________________________________________

  ___________________________________________

___________________ _____________________
    (қолдары) (Т.А.Ә.)
 Қорытынды:
қоса берілген құжаттармен _____данада
20 __ жыл «____» ___________________қабылданды 

Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы:________________________________________________________________
 

15

Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15/145 шешіміне
№4 қосымша

АРНАЙЫ ШАРТ

Қарақия ауданы   «___» _________201__жыл
 

«Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының атынан___________________________________________, әрі қарай – Орындаушы деп аталатын, (басшының Т.А.Ә.) және____________________________________________________________
(студенттің, ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдің Т.А.Ә.) білім беру қызметін төлеу үшін әлеуметтік көмек алушыларға, Қазақстан Республикасының оқу орындарында академиялық бакалавр деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге (студентке, ата-анасына немесе заңды өкіліне) (әрі қарай - әлеуметтік көмек), әрі қарай – Студент деп аталатын, «Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау Қағидасының» ____тармағы ____тармақшасына сәйкес келесілер туралы осы арнайы Шартты жасасты.

1. Шарттың мәні

1. Орындаушы оқу орнымен берілетін бакалавриатта оқудың күндізгі бөлімі бойынша білім беру қызметін көрсету шартының, оған қосымша келісімшарт немесе ағымдағы жылға білім беру грант бағасының негізінде оқуға төлеу мөлшері туралы анықтаманың негізінде білім беру қызметінің бағасын төлейді; 2. Орындаушы ең төменгі бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде тамақтану мен күн көріс шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетеді.   3. Төлеу «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы» бюджеттік бағдарламаның 007 коды, «Жеке тұлғаларға трансферттер» 322 ерекшелігі бойынша жүргізілетін болады. 4. Студент мемлекеттік жалпылай білім беру стандартының толық көлемді біліміне ие.
5. Студент алынған төлемді тағайындау бойынша қолданады. 

2. Жақтардың міндеттері

6. Студент міндетті:   1) 10 жұмыс күннің ішінде әлеуметтік көмек алған күннен бастап оқуға төлеу туралы түбіртекті Уәкілетті органға ұсыну; 2) 10 жұмыс күннің ішінде төленетін әлеуметтік көмектің өзгерістеріне қатысты барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты орны өзгергені туралы, соның қатарында

16

Қазақстан Республикасынан тыс кету, анкеталық мәліметтер, банк деректемелері туралы хабарлау;
3) ерікті тәртіпте артық төленген соманы қайтару.   7.Орындаушы міндетті: 1) белгіленген мерзімде Студентке әлеуметтік көмек төлеу;   2) белгіленген мерзімде Студенттің тұруына, тамақтануына ең төменгі 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтану мен күн көріс шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер төлеу.

4. Жақтардың құқықтары

8. Студент құқылы:   1) Орындаушының іс-әрекетіне шағым беруге.   9. Орындаушы құқылы:  1) Студенттен келісімнің шарттарын уақытылы орындауын талап етуге; 2) Студентке келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға;     5. Арнайы шарттың тоқтатылуы

10. Әлеуметтік көмектің тоқтатылуы келесі жағдайда: 1) Алушының қайтыс болуы;   2) Алушының әкімшілік - территориялық бірлігіне сәйкес тұрақты тұрғылықты орнынан шегінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы шекарасынан шығуы;   3) Өтініш берушінің дерексіз ақпарат ұсынғаны туралы анықталуы;    4) Оқуының тоқтатылуы. Әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген жайттардың басталу айынан тоқтатылады. 11. Артық төленген сома өз еркімен немесе Қазақстан Республикасының заңнама тәртібімен қайтарылуы тиіс. Осы шарт заңдық күші бар, мемлекеттік тілде екі данадан әзірленген.

6. Шарт мерзімі

12. Осы Шарт екі жақтың қол қою күнінен бастап заңды күшіне енеді және ____________201__ жылдан бастап ____________201__ жылға дейін қолданыста.
13. Келісімнің мерзімінен бұрын бұзылуы тек іс-әрекеттегі заңнамада қарастырылған негіз бойынша жүргізіледі.   14. Жақтас - бастамашы шарты мерзімінен бұрын бұзуы туралы шарттың шамамен бұзылуы күніне дейін он жұмыс күннен кешіктірмей, келесі жаққа жазбаша түрде хабарлауы керек.

7. Тараптардың заңды мекенжайы және деректемелері

 

17

Орындаушы Студент

«Қарақия аудандық жұмыспен қамту Т.А.Ә.__________________     және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»    (студенттің A.Т.Ә, ата-анасының
мемлекеттік мекемесі ______________________________
130300, Маңғыстау облысы   бірі немесе заңды өкілі)
Қарақия ауданы

Құрық селосы «Досан батыр» Жеке куәлік № ____________________
көшесі №4    берілген күні______________________
ЖСН: 430300000418 ЖСН _____________________________
ЖСК: KZ32070103KSN4303000     Тұрғылықты мекен-жайы____________
«ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық     __________________________________
комитеті» мемлекеттік мекемесі __________________________________  БСК KKMFKZ2A   Телефон _________________________ Телефон 2-14-94 ______________________     Басшы ______________________________ _________________________________  

(қолы)  (қолы)

Т.А.Ә________________________   Т.А.Ә_________________________

____________________________ ______________________________

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…