Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

    Нормативтік құқықтық акті Маңғыстау облысының Әділет департаментінде қаңтар 201 жылы №болып тіркелді

    Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихаты

    Ш Е Ш І М

    164   20 желтоқсан 2013 жыл

     

    2014-2016 жылдарға арналған

    аудандық бюджет туралы

     

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда №2323 болып тіркелген) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға арналған бюджет келесі көлемде бекітілсін:

    1) кірістер   – 7 733 784 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер бойынша – 6 464 762 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер

    бойынша   – 3 471 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан

    түсетін түсімдер – 20 718 мың теңге;

    трансферттер түсімдері бойынша – 1 244 833 мың теңге.

    2) шығындар – 7 706 784 мың теңге.

    3) таза бюджеттік кредиттеу – 74 899 мың теңге;

    бюджеттік кредиттер   – 91 674 мың теңге;

    бюджеттік кредиттерді өтеу   – 16 775 мың теңге.

    4) қаржы активтерімен

    операциялар бойынша сальдо – 27 000 мың теңге;

    қаржы активтерін сатып алу – 27 000 мың теңге;

    2

    мемлекеттің қаржы активтерін

    сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге.

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – 74899 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру  (профицитін пайдалану) – 74899 мың теңге;  

    қарыздар түсімі   – 91 674 мың теңге; қарыздарды өтеу   – 16 775 мың теңге;   бюджет қаражатының пайдалананылатын қалдықтары – 0 теңге.

    2. Аудандық бюджетте 2014 жылға республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер қаралғаны ескерілсін:

    Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру;

    Үшдеңгейлік жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыру;

    3. Аудандық бюджетте 2014 жылға республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер қаралғаны ескерілсін:

    Жетібай станцасындағы 624 орындық орта мектептің құрылысы;

    Құланды ауылындағы 624 орындық орта мектептің құрылысы;

    Жетібай ауылындағы Астана және Аэропорт шағын аудандарына орта және төменгі газ құбырын тарту құрылысы, Жетібай ауылындағы Ауыл-2 шағын ауданына үш ГТП (газ таратушы пункт) орнатуымен төменгі қысымды газ құбырын тарту құрылысы;

    Жетібай стансасының, Мұнайшы ауылының, Жетібай ауылының су құбыры тартылмаған шағын аудандарына су құбырын тарту құрылысы;

    4. Аудандық бюджетте 2014 жылға республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер қаралғаны ескерілсін:

    Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға.

    5. Облыстық бюджетке аудару үшін 2014 жылға аудандық бюджетте 2 386 928 мың теңге бюджеттік алулар қаралғандығы ескерілсін.

    6. Аудан әкімдігінің 2014 жылға арналған резерві 12 120 мың теңге сомасында қаралғандығы ескерілсін.

    7. Әлеуметтік көмектерді келесідей мөлшерде белгілеуге құқық берілсін:

    1)22 наурыз – Наурыз мерекесі:

    «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.

    2)1986 жыл 26 сәуір – Чернобылдағы АЭС апат күні:

    3

    Чернобылдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектеріне – 60 000 (алпыс мың) теңге;

    1986-1987 жылдардағы Чернобылдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға – 50 000 (елу мың) теңге;

    1988-1989 жылдардағы Чернобылдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға – 20 000 (жиырма мың) теңге.

    3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

    Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне  – 100 000 (жүз

    мың) теңге;

    жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобылдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектерден басқа) – 60 000 (алпыс мың) теңге;

    жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 000 (елу мың) теңге;

    Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне – 40 000 (қырық мың)  теңге;

    «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Реcпубликасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 4 бабының 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға – 10 000 (он мың) теңге.

    4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

    Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) – 6 (алты)  айлық есептік көрсеткіш; Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш; Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын санатындағы тұлғаларға – 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш. 5) 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:     Барлық  топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.   6) 1 қазан –  Халықаралық қарттар күні: Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 (жетпіс) жастан жоғары зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.

    7) Он сегіз жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысы есепке алмай ай сайын – 5 (бес)  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

     

    4

    8) Әлеуметтік көмек: онкологиялық, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға өтініштері бойынша табыстарын есепке алмай жылына бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    9) Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға табысы есепке алмай әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей жылына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    10)  Өтініш жазған айдан бастап тоқсан сайын негізгі азық - түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты табысы есепке алмай мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға ай сайын – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

    8. Жергілікті өкілді органның келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайтын, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

    9. 4  қосымшаға сәйкес аудандық бюджеттің, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған 2014 жылға арналған даму бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

    10. 5 қосымшаға сәйкес аудандық бюджеттің атқарылу үрдісінде секвестрге жатпайтын тізбесі бекітілсін.

    11. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының экономика  және  бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Есенқосов).

      12. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қарақия аудандық мәслихатының интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

    13. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы Аудандық мәслихаттың

    хатшысы

    Б.Дусупов А. Мееров

    5

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қарақия аудандық экономика

    және қаржы бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы

    ____________________

    2013 жыл 20 желтоқсан

     
    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk