Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданына қарасты бөлімдер, мекемелер, кәсіпорындар, әскери бөлімшемен арнаулы және орта оқу орындарының көркемөнерпаздары арасында «Маңғыстау жұлдыздары» аудандық өнер фестивалін дайындау және өткізу туралы
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 73

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ өскелең ұрпақты өнерге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас дарындарды анықтау, олардың шығармашылық қызметін одан әрі ынталандыру үшін көмек пен қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  2015 жылдың 29-шы қыркүйекпен 01-ші қазан күндері аралығында ауданға қарасты бөлімдер, кәсіпорындар, әскери бөлімшемен арнаулы және орта оқу орындарының көркем өнерпаздары арасында «Маңғыстау жұлдыздары» атты фестивалі өткізілсін.

2.  Құрық селосының әкімінің міндетін атқарушы (А.Сарқұл), аудандық

мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Н.Молдабекова):

дарындарды, жекелеген орындаушылар мен көркемөнерпаздар ұжымдарын анықтау және қатыстыру бойынша тиісті жағдайлар жасауды;

фестиваль өтетін күні залды безендіруді, музыкалық аппаратураны, көрермендер тартуды қамтамасыз етсін.

3.  Фестивальді ұйымдастыру комитетінің құрамы, ұйымдастыру тәртібі

бекітілсін (1,2 - қосымшалар).

4.  Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі   (Д.Сабитова)

ақпараттық жұмыс пен іс-шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында жазып көрсетілуін ұйымдастырсын.

5.  Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің   орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.

  Аудан әкімі  Ә.Дауылбаев

 

 

 

  Қарақия ауданы әкімдігінің

  2015 жылғы «___» ______

  № ___ қаулысына 1 қосымша

Ұйымдастыру комитетінің құрамы:

Бекқайыров Асылбек  Аудан әкімінің орынбасары,

Бақытжанұлы  ұйымдастыру комитетінің төрағасы

Молдабекова Надира  Аудандық мәдениет, дене шынықтыру

Алтановна  және спорт бөлімінің басшысының  міндетін атқарушы,

  ұйымдастыру комитеті төрағасының  орынбасары 

Сатқанбаева Алмагүл  Аудандық Мәдениет үйінің әдіскері,

Яхшымамедовна  ұйымдастыру комитетінің хатшысы 

 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Әлпіш Фарида  Аудандық Мәдениет үйі директорының

Бектемірқызы  міндетін атқарушы

Аяғанов Сағындық  Аудандық ІІБ басшысы, полиция майоры

Күзембайұлы  (келісім бойынша)

Сабитова Дина  Аудандық ішкі саясат және

Жауымбайқызы  тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Байбосынова Клара  Аудандық білім бөлімінің басшысы

Хисарқызы

Абдынасырұлы Сәдуақас  Аудандық «Қарақия»  қоғамдық-саяси

  газетінің бас редакторы

Сарқұл Амангелді  Құрық ауылы әкімінің міндетін

Қаныбекұлы  атқарушы 

Асанов Қуаныш  Жетібай ауылының әкімі

Сырымұлы

Джулбаев Руслан  Мұнайшы ауылы әкімінің міндетін

Оңғарбайұлы  атқарушы

Еркеғұлов Бауыржан  Сенек ауылының әкімі

Құрмантайұлы

Асанов Шаттық  Бостан ауылының әкімі

Сырымұлы

Төкенов Санат  Құланды ауылының әкімі

Теңелұлы

Муханов Жетек  Болашақ ауылының әкімі

Абдірахменұлы 

 

 

 

  Қарақия ауданы әкімдігінің

  2015 жылғы «___» ______

  № ___ қаулысына 2 қосымша

Фестивальді ұйымдастыру тәртібі

1.  Жалпы ережелер

1.  Фестивальға  ауданға қарасты бөлімдер, мекеме,кәсіпорындар, әскери

бөлімшемен арнаулы және орта оқу орындарының көркемөнерпаздары қатысады.

2.  Фестивальдың ұйымдастырушылары аудандық мәдениет, дене

шынықтыру және спорт бөлімі және аудандық Мәдениет үйі болып табылады.

2.  Фестивальдың мақсаты мен міндеті

3.  Фестиваль жастардың рухани мәдениеті мен шығармашылық бастамашы-

лығын дамыту және жетілдіру мақсатында өткізіледі.

4.  Фестиваль мақсаттары:

дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін

іске асыруына жағдайлар жасау;

  шығармашыл жастар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін қалыптастыру;

  тұрғындардың бос уақытын ұтымды пайдаланылуын жетілдіру;

  жастарды мәдени, қоғамдық саяси өмірге тарту;

  ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениетін, ұмыт қалған халық шығармашылық жанрларын жандандыру, дамыту;

  өнерді дамытуға жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару;

  елжандылық пен бірлікке тәрбиелеу.

3.  Фестиваль өткізудің тәртібі мен шарттары

5.  Фестивальға 16 жастан жоғары  ауданға қарасты бөлімдер, мекеме

кәсіпорындар, әскери бөлімшемен арнаулы және орта оқу орындарының көркемөнерпаздары қатыса алады.

6.  Фестивальдің негізгі тақырыбы: Қазақ хандығының 550 жылдығы мен

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

7.  Фестиваль екі кезеңнен тұрады:

1.  Ауданға қарасты ауылдарда іріктеу кезеңі;

2.  Ақтау қаласында өтетін фестивальдің облыстық кезеңі.

8.  Аудандық іріктеу кезеңі  ішкі жоспар бойынша өткізіледі:

1.  29.09.15ж, сағат 10-00де- Сенек Мәдениет үйі (Сенек, Аққұдық, Болашақ ауылдарының өнерпаздары үшін);

2.  29.09.15ж, сағат 15-00 де – Бостан Мәдениет үйі (Бостан, Құланды ауылдарының өнерпаздары үшін);

3.  30.09.15ж, сағат 10-00де- Жетібай Мәдениет үйі (Жетібай ауылының өнерпаздары үшін);

4.  30.09.15ж, сағат 15-00 де – Мұнайшы Мәдениет үйі (Мұнайшы ауылының өнерпаздары үшін);

5.  01.10.15ж, сағат 10-00де Аудандық Мәдениет үйі (Құрық, ст.Ералы, Аппақ ауылдарының өнерпаздары үшін).

 

9.  Аудандық «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалі жеңімпаздарының

қорытынды концерті, марапаттау рәсімі Қарақия аудандық Мәдениет үйінде 2015 жылдың 01 қазан күні, сағат 15-00 де өтеді.

  10.Фестивальдің аудандық туры келесі номинациялардан тұрады:

  -  Аспаптық халықтық музыка (оркестр, домбырашылар ансамблі);

  - Дәстүрлі өнер (жыршы, дәстүрлі ән);

  - Эстрадалық музыка (соло, дуэт, трио, квартет, вокалдығ топтар);

  - Поэзия (көркемсөз, проза, өлең);

  - Хореография (халықтық, эстрадалық, жеке би және тақырыптық би);

  - Классикалық музыка (хор, вокалдық топтар, жеке ән салу);

  - Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика);

  - Айтыс;

  - Фестивальдің тақырыбына сай драмалық көрініс.

11. Әр өнерпаз бір номинацияға қатыса алады.

12.Фонограмма мини дискіде, жанды дауыс (-) түрінде қабылданады.

13.Өткен фестивальдерде жеке орындаушылар арасында бірінші орын алған

жүлдегерлер қатыстырылмайды.

14. Аудандық «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінің жеңімпаздары Ақтау

қаласында өтетін облыстық кезеңіне жолдама алып, 2015 жылдың 20-шы қазанында Қарақия ауданы атынан ұйымдастырылатын толықтай бағдарламасымен концертке қатысады. 

4.  Фестиваль қазылар алқасының бағалауы

15.Қазылар алқасы концерттік бағдарламаға ұсынылған орындаушыларға

мынадай талаптар бойынша бағалайтын болады:

  орындаушылық шеберліктері;

  сахна мәдениеті, киімі;

  орындайтын шығармаларының мазмұндылығы;

  репертуардағы жаңашылдық;

5.  Қорытындысын шығару

11.Бағдарламасын ұсынған орындаушылардың арасынан жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

12. Қазылар алқасы бір жүлдені екі жеңімпазға бөліп беруге немесе жүлделі орындарды мүлдем белгілемейді.

13. Жүлделі орындармен қатар ынталандыру жүлделері тағайындалады.

14. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.

6.  Өтінім беру және қатысу шарттары:

15. Фестивальға қатысу жөніндегі ұсыныс-өтінімдер 2015 жылдың 15-ші қазан айына дейін қабылданады.

  Фестивальге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)  Қатысушының төлқұжатының көшірмесі;

2)  Шығармашылық өмірбаяны.

Барлық аталған құжаттар мына мекен-жайға жолданады:

130300, Құрық ауылы, 1-шағынаудан «Аудандық Мәдениет үйі» ғимараты

Байланыс телефондары: 21485, 22271.

 


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…