Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Сайлау учаскелерін құру туралы
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 59

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешімі.

Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 тамызында № 2813 болып тіркелді.


Сайлау учаскелерін  құру туралы

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін Қарақия ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

  2. Мыналардың:

«Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Қарақия ауданы әкімінің 2011 жылғы 7 қазандағы №92 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-4-124 болып тіркелген, «Қарақия »газетінде 2011 жылы 27 қазанда жарияланған);

«Қарақия ауданында сайлау учаскесін құру туралы» Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2634 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2015 жылы 26 наурызда жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.

3. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Таубаевқа  жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі    А. Дауылбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қарақия аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

Атағараев Дуйсенбай Айткалиевич

_________________________

«_____»  ___________ 2015 жыл.

  Қарақия ауданы әкімінің

  «____»_____ 2015 жылғы

№____ шешіміне қосымша

 

 

Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелері

№ 145 сайлау учаскесі

Орталығы: Құрық ауылы, «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-71.

Шекарасы: Құрық ауылының 1 шағын ауданының, 2 шағын ауданының №4-47 үйлері, С.Датұлы, Қ.Сүйеуов, Ардагер көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

№ 146 сайлау учаскесі

Орталығы: Құрық ауылы, «Құрық орта мектеп гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-45.

Шекарасы: Құрық ауылының 2-шағын ауданының 49-55, 100-101 үйлері; 3, 3«а», 4, 5, 9, 10, 13, 14 шағын аудандарының үйлері, Сәтпаев көшесінің №29-38 үйлері, Маметова көшесінің №25-49а үйлері, Т.Алиев көшесінің № 29-48 үйлері, Жангельдин көшесінің №16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 28а үйлері, С.Әлиев көшесінің №16-38а үйлері, Абай көшесінің 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14-28а үйлері, Ш.Уәлиханов көшесінің №17-28а үйлері, Карьер көшесінің үйлері, Барлаушылар Массиві көшесінің үйлері.

№ 147 сайлау учаскесі

Орталығы: Құрық ауылы, «Құрық селосының № 6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-11-89.

Шекарасы: Құрық ауылының Жолаушылар массиві көшесінің үйлері, Сәтпаев көшесінің №1-28 үйлері, Жангельдин көшесінің №1-14а, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27 үйлері, Маметова көшесінің № 1-24 үйлері, Т.Алиев көшесінің № 1-28а үйлері, С.Әлиев көшесінің 1-14а үйлері, Абай көшесінің № 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13 үйлері, Ш.Уәлиханов көшесінің № 1-14а үйлері, Автобаза, Қазақ ауыл, Авиатор, Сельхоз, Подстанция көшелерінің барлық үйлері, «Ерсай» жұмысшылар қалашығы, №2018 әскери бөлімінің «Жыланды» шекарашылар заставасы, «Песчаный», «Жыланды» техникалық бақылау бекеттері.

№ 148 сайлау учаскесі

Орталығы: Ералиев станциясы, «№ 2 бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 7-15-40.

Шекарасы: Ералиев станциясы, Маңғыстау шағын ауданы.

№ 149 сайлау учаскесі

Орталығы: Мұнайшы ауылы, «Мұнайшы селосының № 5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 27-2-03.

Шекарасы: Мұнайшы ауылының Теміржолшы, Ардагер, Арман, Көктем, Бәйтерек шағын аудандарының, Қазақ ауыл көшесінің барлық үйлері, Шұкырой, Асар, Шынжыр-1, Шынжыр-2, Қонайқора, Бисенбай, Тасболат, Кожабай қыстақтарындағы үйлер.

№ 150 сайлау учаскесі

Орталығы: Мұнайшы ауылы, «Мұнайшы селосының № 7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 28-2-73.

Шекарасы: Мұнайшы ауылының Салтанат, Жаңақұрылыс, Акбөбек-1, Акбөбек-2, Мұрагер, Жаңақұрылыс-2, ВПЧ-18 шағын аудандары.

№ 151 сайлау учаскесі

Орталығы: Жетібай ауылы, «Жетібай селосындағы № 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. телефон/факс: 8/72937/ 26-2-30.

Шекарасы: Жетібай ауылының Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандары.

№ 152 сайлау учаскесі

Орталығы: Жетібай ауылы, «Жетібай ауылының № 4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.

Шекарасы: Жетібай ауылының Астана, Аэропорт, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандары.

№ 153 сайлау учаскесі

Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия ауданы әкімдігінің «Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-51.

Шекарасы: Жетібай ауылының Мұнайшы-1, Т.Аубәкіров, М.Өскінбаев шағынаудандары, «Жаңақұрылыс» шағын ауданының №103-156, 217-230 үйлері.

№ 154 сайлау учаскесі

Орталығы: «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Жетібай мәдениет үйі» бөлімшесінің ғимараты.телефон/факс: 8/72937/ 26-1-30.

Шекарасы: Жетібай ауылының «Жаңақұрылыс» шағынауданының барлық үйлері.

№ 155 сайлау учаскесі

Орталығы: Жетібай ауылы, «Жетібай селосының № 8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.

Шекарасы: Жетібай ауылының Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы, Ұлутас, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері.

№ 156 сайлау учаскесі

Орталығы: Сенек селосы, «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Сенек мәдениет үйі» бөлімшесінің ғимараты, телефон/факс: 31-4-52.

Шекарасы: Сенек селосындағы барлық үйлер.

№ 157 сайлау учаскесі

Орталығы: Аққұдық селосы, «Аққұдық орталау мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 41-010.

Шекарасы: Аққұдық селосындағы барлық үйлер.

№ 158 сайлау учаскесі

Орталығы: Бостан селосы, «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Бостан мәдениет үйі» бөлімшесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 61-177.

Шекарасы: Бостан селосындағы, Қызылсу, Бостанқұм елді мекеніндегі барлық үйлер.

№ 159 сайлау учаскесі

Орталығы: Кұланды селосы, «Құланды орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 71-020.

Шекарасы: Құланды ауылындағы және Төлеп елді мекеніндегі барлық үйлер.

№160 сайлау учаскесі

Орталығы: Болашақ ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Болашақ селолық округінің №10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72959/ 42-120.

Шекарасы:Болашақ және Бопай ауылдарындағы барлық үйлер.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…