Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 89

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі №206 қаулысы. 

Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызында № 2802 болып тіркелді.


Қарақия ауданының шалғайдағы

елді мекендерінде тұратын балаларды

жалпы білім беретін мектептерге

тасымалдаудың схемасы мен

тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2.  Қарақия ауданы әкімдігінің «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К.Байбосынова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.

4.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Аудан әкімі    Ә. Дауылбаев

Қарақия ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «_____»__________

№ ____ қаулысына

1-қосымша

Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауды (бұдан әрі - тасымалдау) ұйымдастыру туралы аудан әкімдігінің қаулысын қабылдау

оқу орындарының әкімшілігімен қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды (ішкі істер органдарымен бірлесіп іс-шаралар жоспары, тасымалдаушы мен көлік туралы мәліметтер, балалардың тізімі, тасымалдауға жауаптыны белгілеу) бекіту

Заңнамада белгіленген тәртіппен балалардың міну орындарынан жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауын жүзеге асыру

Қарақия ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «_____»__________

№ ____ қаулысына

2-қосымша

Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

1.  Қарақия ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

2. Балаларды тасымалдау жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

3. Автобустардың қозғалыс кестесiн оқу орындарының әкімшілігі бекітеді.

4. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсетуді өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.

5. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.

6. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде оқу орындарының әкімшілігі маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

7. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болады және жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары аялдама пункттерiнен бөлек орналасады.

Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.

Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.

8. Оқу орындарының әкімшілігі балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

9. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр) жол берілмейді.

Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда оқу орындарының әкімшілігі  рейстi алып тастайды.

10. Автобустардың қозғалыс кестесiн оқу орнының әкімшілігі бекітеді.

Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайтын кезде), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі.

11. Балаларды жаппай тасымалдау және алыс қашықтықтарға тасымалдау оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15-тен астам емес балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда орындалады.

12. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде оқу орындарының әкімшілігі патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының мiндеттi белгiлеуі бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн жол полициясы органдарын хабардар етедi.

13. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге тасымалдауға дайындық кезiнде оқу орындарының әкімшілігі балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

14. Балалардың тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде оқу орындарының әкімшілігі келесідей мәселелер кiретiн, арнайы бағдарлама бойынша балалармен тұрақты сабақтар өткiзудi ұйымдастырады:

1) жиналу орындарында және автобусты күту уақытында қауiпсiздiк тәртiбiнiң ережелерi туралы;

2) отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы;

3) автобустың қозғалу уақытындағы және аялдауы кезiндегi тәртiп ережелерi туралы;

4) тасымалдау кезiнде қауiптi немесе төтенше жағдайлар туындағандағы тәртiп туралы;

5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi туралы (ересек балалармен сабақ өткiзу кезiнде).

Сабақты өткiзу кезiнде жол қозғалысы процесiнде және тасымалдау уақытында туындайтын iс жүзiндегi жағдайларды талқылау үшiн көрнектi құралдарды пайдалану көзделуi тиiс.

15. Балаларды тасымалдау үшiн келесідей жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

16. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргiзушiсіне тыйым салынады:

1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

2) жүру маршрутын өзгертуге;

3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

3. Қорытынды

17. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…