Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
«Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 147

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағыҚазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органыныңүлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы ПрезидентініңЖарлығына сәйкес, Қарақия ауданыныңәкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.Бегниязов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Бековке жүктелсін.

  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі  Ә. Дауылбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Бегниязов Ержан Сақтапұлы

_________________________

«___»_______________ 2015 жыл

 

                                                                                                                                                                              Қарақия ауданы әкімдігінің

                                                                                                                                                                              2015 жылғы 13 сәуірдегі

                                                                                                                                                                              136 қаулысымен бекітілген


Қарақия ауданы әкімдігінің   2015 жылғы 13 сәуірдегі 136қаулысымен бекітілген

«Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.«Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130300, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі,№ 6 ғимарат.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде - государственное учреждение «Каракиянский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии».

10. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

  Аудан аумағында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету. 

16. Міндеттері:

1) ауыл шаруашылығын және ветеринариялық қызметті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, олардың дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру болып табылады.

  17. Функциялары:

1) жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын әзірлеу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

5) жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

6) жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

7) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

8) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

10) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

11) эпизоотиялық зерттеп-қарау актісін беру;

12) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

13) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

14) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;

16) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

17) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

18) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

19) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

20) республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылау және қадағалау;

21) ветеринариялық есепке алу және есептілікті жүргізу;

22) ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қадағалау және бақылауды жүзеге асыру;

  23) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындау және анықтау;

  24) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылау және қадағалау;

  25) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

  26) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы , мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

27) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

28) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;

29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу;

30) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

31) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

32) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

18.Құқықтары мен міндеттері:

1) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

3) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдауға;

  4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтама беруге;

5) мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында білдіруге;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

  19. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

  20. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарақия ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  21. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

6) шарттар жасасады;

7) сенімхаттар береді;

8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

9) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

23. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

26. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

27. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  28. «Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…