Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы  24 ақпандағы  № 66 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 сәуірде  № 2651 санды болып тіркелді


    «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

    2. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Қылаубаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Туркменбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі  Ә. Дауылбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі»

    мемлекеттік мекемесі басшысының

    міндетін атқарушы

    Қылаубаева Гүлмира Толыбайқызы

    _________________________

    «___»_______________ 2015 жыл.

    Қарақия ауданы әкімдігінің

    2015 жылғы 24 ақпандағы

    № 66 қаулысымен бекітілген

    «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    1. Жалпы ережелер

    1.  «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданының аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    3. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

    4. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    6. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.

    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 6 үй.

      9. Мемлекеттiк органның толық атауы:«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

    10. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.

    11. Осы Ереже «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

    12. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    14.«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

    2. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

    15. Миссиясы: аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.

      16. Міндеттері:

      1) Қарақия ауданының бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

    2) құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көліктік коммуникациялар туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөнінде және абаттандыру, көгалдандыру, құрылысты (объектілерді) консервациялау, объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

    3) қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.

    17. Функциялары:

    1) аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

    2) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындайды және конкурстарды өткізеді;

    3) ауданың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар

    объектiлерiнiң құрылысын ұйымдастырады;

    4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;

    5) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконсрукциялануына техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

    18. Құқықтары және міндеттері:

    1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізуге;

    2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;

    3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдармен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыруға;

    4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізуге;

    5) құзыретіне сәйкес қабылдауға болжамдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындауды, әзірлеуді жоспарлауға;

    6) әзірлеуші «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылатын Қарақия ауданы әкімдігімен бұрын қабылданған құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуына және қолдану өзектілігіне мониторинг жүргізуге;

    7) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингті қамтамасыз етуге;

    8) Қарақия ауданы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға;

    9) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытында орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, олар тиісті орындалмаған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шараларды қабылдауға;

    10) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік нысанына қарамастан лауазымды тұлғалардан «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

    11) құрылыс нормалары мен техникалық шарттардың қағидаларын бұза отырып жобадан ауытқумен орындалған мердігер ұйымдарының жұмыс өндірісі кезіндегі бұзушылықтарды жоюды талап етуге.

    12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

    3. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      19. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      20. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

    21. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

    1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

    2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

    3) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

    4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

    5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

    6) шарттар жасасады;

    7) сенімхаттар береді;

    8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

    9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

    10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

    11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

    12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және

    тәртіптік жаза қолданады;

    13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

    14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    4. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

    22. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

    «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

    23. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

    24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

    5. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

    25. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

    26. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

    6. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта

    ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk