Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
"Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту құру және ережесін бекіту туралы
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 53

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 63 қаулысы. 

Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 2648 санды болып тіркелді.


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органыныңүлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы ПрезидентініңЖарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 4 үй.

2. Қоса беріліп отырған «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

3. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.

4. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ә.Әбдіхалықова) коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне тиісті толықтыру енгізсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі    Ә. Дауылбаев

Қарақия ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 24 ақпандағы № 63

қаулысымен бекітілген        

«Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Е  Р  Е  Ж  Е  С  І

1. Жалпы ережелер

  1. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  6. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 4 үй.

  8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  9. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.

  10. Осы Ереже «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  11. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  12. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  13. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасын, ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

15. Міндеттері:

1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;

2) «Азаматтық хал актілері жазбалары» ақпараттық жүйесін жүргізу;

3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету.

16. Функциялары:

1) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

4) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

7) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

«Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға және алуға;

2) аудан әкімдігінің мәжілістеріне, аудан әкімінің жиналыстарына қатысуға;

3) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

4) мекеменіңқұзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

5) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

6) мекеменің мүддесін барлық құзіретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырылады.

19. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарақия ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

4) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

5) құжат айналымын ұйымдастыруды және қадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;

6) «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;

7) «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.

«Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

«Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi

21. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

24. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесініңЕрежесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

25. Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесініңЕрежесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Қарақия аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…