Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
"Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ
Изменено: 09.10.2015
Қаралды: 125

Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылы 07 наурыздағы «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты», «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты», «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемелерін құру туралы №48 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабы 3-тармағының 7-тармақшасына, 25-бабына сәйкес «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылды.

19 сәуір 2002 жылғы №171 шешімімен «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, №172 шешімімен құрылымы мен штат санының лимиті 3 қызметкермен бекітілді.

Мееров Ахмет Қалжанұлы 

Маслихат хатшысы

Азаматтарды қабылдау кестесі: әр айдың екінші аптасының сәрсенбі күні сағ.10.00 -12.00.

Байланыс мәліметтері: 872937  21255



1966 жылдың 28 шілдесінде Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Ералиев поселкесінде дүниеге келген.

1973-1983 жылдары Ералиев поселкесіндегі №6 орта мектепте білім алған.

1983 жылдың желтоқсан айынан 1984 жылдың қыркүйегіне дейін Маңғыстау атом электр комбинатында жөндеуші болып жұмыс жасаған.

XI.1984 – XII.1986 жылдары Кеңес армиясы қатарында.

II.1987 – XII.1987 жылдары Ералиев автотранспорт мекемесінде жөндеуші.

XII.1987–VI.1993 жылдары Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқып, филолог мамандығын алған.

VII.1993–V.1994 жылдары Қарақия аудандық әкімшілігінде жастар ісі жөніндегі маман.

V.1994–IX.1995 жылдары Қарақия аудандық маслихатының маманы, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған.

IX.1995 – XII.1999 жылдары Қарақия аудандық маслихаттың бөлім меңгерушісі.

XII.1999 ж – күні бүгінге дейін II, III, IV, V сайланған Қарақия аудандық маслихатының хатшысы.

«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медаль иегері.

Үйленген, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

Мекен жайы:

130300 Маңғыстау облысы Қарақия  aуданы

Құрық  ауылы Досан батыр көшесі №8

Байланыс телефоны/факс: /872937/ 21255

электрондық мекен-жәй: 


Мәслихаттардың құзыретiне:

1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;

4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;

5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;

6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны їшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

7) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;

8) алынып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;

9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;

9-2) бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;

10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;

12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;

12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру;

12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту;

13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы ҚазаҚстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады.

2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мөшелерін бес жылға қызметке тағайындау, сондай-ақ оларды қызметтен босату жатады.

2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне қағидаларды бекіту жатады, олардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.

3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орман пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін эмиссия үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекітеді.

6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.

7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.


  Алтыншы сайланған Қарақия аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары:

  1. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.

  2. Заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия.


ШЕШІМ  №1/6     25.03.2016ж.

Аудандық мәслихаттың тұрақты   комиссияларының мүшелерін   сайлау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

   1.Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері сайлансын:

  

   1) Экономика  және  бюджет  жөніндегі  тұрақты  комиссия:

  - Көшенов Қыйлымғали Тұрсынғалиұлы  - комиссия  төрағасы;

  - Есенқосов Есболай Жиенқұлұлы  - комиссия  мүшесі;

  - Дүсіпов Бақтыгерей Алтыбайұлы   - комиссия  мүшесі;

  - Әділбеков Жұмабай Зинуллаұлы  - комиссия  мүшесі;

  - Аманиязова Мейрамгүл Базарбайқызы  - комиссия мүшесі.

  2) Заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі  тұрақты комиссия: 

  - Нұғманов Айсағали Жанғожаұлы   - комиссия  төрағасы;

  - Төлеғожаев Жетібай Қуанайұлы  - комиссия  мүшесі;

  - Бүркітов Қалмырза Нұрбаулыұлы  - комиссия  мүшесі;

  - Қуандық Бағлан Қыдырбекқызы  - комиссия  мүшесі;

  - Бекова Айсұлу Қыдырғожақызы  - комиссия  мүшесі;

  - Наурызмағанбетов Қалпақ    - комиссия  мүшесі.

    Сессия төрағасы                                                                         Е.Есенқосов 

    Аудандық мәслихаттың   хатшысы                                    А.Мееров 

 


 

 
Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…