Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Тарихы

09.10.2015

Қарақия ауданы - Маңғыстау облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1973 жылы құрылды. 1997 жылға дейін Ералиев ауданы деп аталды. Аудан құрамындағы 10 елді мекен 4 ауылдық, 3 ауылдық округке біріктірілген. Орталық – Құрық ауылы. Ауданның жер бедері негізінен жазық, солтүстік-шығысы Үстірт аумағында. Мұнда Қазақстандағы теңіз деңгейінен төмен жатқан барлық ойыстар орналасқан. Ауданның батысындағы Ащысор (–39 м) мен Қарақия (–132) ойыстарын Маңғыстау мен Кендірліқиясай үстірттері бөліп жатыр. Қарынжарық ойысы (–70 м) мен Қарашек к-нің қазаншұңқырлары (–21 м) Үстірттің оңтүстік бөлігімен шектеседі. Ауданның ең биік жері Батыс Үстірт кемерлі шыңындағы Қараман шоқысы (340 м). Шығысындағы Үстірт бөлігінің жер бедері төрткілді болып келеді. Батысындағы Каспий теңізі жағалауы жарқабақты. Мұнда Қазақ шығанағы, Кендірлі, Ақсу, Тоқмақ шығанақтары бар. Бұларды кезінде Исан түбегі деп атаған. Мұнда теңіз адының әсерінен пайда болған неше түрлі ғажайып бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі. Қарақия ауданының жер қойнауында мұнай мен газдың, ұлутастың, уранның кендері мол. Маңызды мұнай кен орындарына Жетібай жатады. Олар 20 ғасырдың 60 жылдарынан бері кеңінен пайдаланылып келеді. Қарақия ауданының климаты континенттік. Каспий теңізі тек ауданның жағалық өңірі климатына ғана әсері бар. Аудандағы қаңтар айының орташа температурасы –7С, шілдеде 26С. Қыста қар жамылғысы жұқа және ұзақ жатпайды. Жауын-шашын тым аз, жылдық орташа мөлш. 75 – 100 мм. Жыл бойы желді болып тұрады. Сор, сортаңды сор, ауданның көтеріңкі келген тұсында қиыршықты сұр, сортаңды сұр топырағында, негізінен жыңғыл, сексеуіл, изен, жүзгін, бұйырғын, т.б. сораң шөптер өскен. Ауданда емдік шипалы өсімдіктер көптеп кездеседі. Олар: ерқұны, жалбыз, киікоты, жантақ, жусан, адыраспан, т.б. Жабайы аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шиебөрі, күзен, ақбөкен, арқар, қарақұйрық, т.б. бар. Мұнда кеміргіштердің 40, құстардың 100, өсімдіктердің 400 түрі өсіріледі.  Халықтың басым бөлігін (99%) қазақтар құрайды. Одан басқа орыс, татар, украин, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Қарақия ауданының бір ерекшелігі – мұнда егістік пен шабындық жерлердің болмауы. ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 498,8 мың га. Жерінің басым көпшілігі (80%-ға жуығы) жайылымнан тұрады. Осыған байланысты аудан ауыл шаруашылық бағытында негізінен төрт түлік мал өсіруге маманданған. 1995 жылға дейін Қарақия ауданында қаракөл қойын өсіретін 2 кеңшар (Қарақұдық және Ералиев атындағы), Құланды жылқы зауыты және Қызылөзен түйе кеңшары жұмыс істеген. 1996 жылдан бастап олардың негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Білім беру саласы бойынша ауданда 15 орта, 2 бастауыш, 1 жұмысшы жастар мектебі, 2 өнер мектебі, 1 балалар мен жасөспірімдер мектебі және 9 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері бар.  Қарақия ауданында денсаулық сақтау жүйесінде 10 денсаулық сақтау мекемесі  ұсынылған, оның ішінде  Құрық , Жетібай ауылында 2 стационар, 2 емхана, Сенек, Құланды, Бостан, Мұнайшы ауылында 4 дәрігерлік амбулатория, Ералиев және Аққұдық кентінде 2 медициналық пункт бар. Аудан аумағында Бекет ата, Шопан ата жер асты мешіттері орналасқан.

icon___c554fae8321cbd522ebbcefc7fa02d58.

icon__oypatyi__fe9ab0aa6a334c7149ddb9ac9

icon___bfdc8d75cadb62881691d677fcd8089c.

 
Ақпараттық ресурстар