Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қарақия ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» және төрайымдары туралы мәліметтер.
Қарақия ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» және төрайымдары туралы мәліметтер.
Жарияланды: 08.06.2018
Қаралды: 135

Қарақия ауданы бойынша  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» 2016 жылы 52 адамнан тұратын 7 елді мекенде құрылды.

Кеңестің мақсаты: әйелдер арасында азаматтық белсенділікті дамыту, әйелдер басқаратын қоғамдық ұйымдарды ашу, тәжірбие алмасу, шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыру арқылы ауыл әйелдерінің белсенділігін көтеру, ауылдың дамыуы мен көркеюінедегі әйелдердің рөлі мен үлесін арттыру, азаматтық қоғамды дамытудағы ауыл әйелдерінің үлесін жұртшылыққа мойындату.

Аудан бойынша құрылған  «Аналар кеңесі» төрайымдары туралы мәліметтер:

  Сенек ауылының «Аналар кеңесінің» төрайымы 

Асанова Зоя Әділханқызы 1963 жылы 20-сәуірде Гурьев облысы,  Балықшы  ауданы, Еркінқала поселкесінде дүниеге келген.

1969 жылы - Маңғыстау облысы, Ералиев ауданы, Сенек орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып - 1979 жылы мектепті аяқтаған.

1979-1980 ж.ж. Сенек орта мектебінде ұзартылған күн тобында жұмыс жасап, 1980-1984 ж.ж. Гурьев педагогикалық институтының  ПИМНО факультетін аяқтаған.

1984 жылдан  күн бүгінге дейін, Сенек ауылының, Қашаған Күржіманұлы атындағы  орта мектебінде мұғалім.

Отбасында 5 адам. Жолдасы, үш баласы бар. Бәріде жоғарғы білімді,  әр салада қызмет атқарады.

Марапаттары:

1999 ж - Білім министрінің «Құрмет Грамотасы»

2011 ж - «ҚР Тәуелсіздігіне - 20 жыл» мерекелік медалі

2013 ж - «Маңғыстау облысына -40 жыл» медалі,

2016 ж - Облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты», аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты» және грамоталарымен марапатталған.


  Жетыбай ауылының «Аналар кеңесінің» төрайымы   

  Челеева Несібелі Көшкінбайқызы 1955 жылы 8 желтоқсанда  Балқан облысы, Красноводск қаласында дүниеге  келген.

  1963 жылы Маңғыстау облысына қоныс аударғаннан кейін, №3 Жетібай орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1973 жылы 10 сыныпты аяқтаған.

  1979 жылы Атырау педогогикалық училищесін, 1983 жылы Атырау педогогикалық институтын бітірген.

  1975 жылдан бастап № 8 орта мектебінде бастауыш сынып, тарих қоғамтану пәнінің мұғалімі болып жасап, 1990 -1992 ж.ж. оқу ісінің меңгерушісі, 1992-2016 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған.  Жалпы бір мектепте 42 жыл еңбек өтілімі бар.

  Марапттары:

  1998 ж - «Білім үздігі» белгісі.

  2001ж - Тәуелсіздіктің 10 жылдығына,

  2011ж - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» 

  2015 ж - Мәжіліс спикері Қ.Тоқаевтың «Алғыс хатымен»

  Маңғыстау облысы Әкімдігі жанындағы «Отбасы және Әйелдер ісі» жөніндегі комиссияның «Әйел басқарған үздік кәсіпорынның»

«Білім» номинациясы бойынша 2 орынға ие болды.

2015ж- Маңғыстау облысының Білім Басқармасының «Құрмет грамотасымен»

  2016ж - А.Айдарбаевтың Тәуелсіздікке 25 жыл «Алғыс хатымен» марапатталған.

 

Құланды ауылының «Аналар кеңесінің» төрайымы   

  Әмірбекова Назымгүл Сайынқызы  12.09.1968  жылы Маңғыстау облысы, Тұщықұдық совхозында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі  жоғары.

  Назымгүл Сайынқызы 1988 жылдың тамыз айынан 2010 жылдың қазан айлары аралығында, Құланды орта мектебінде пионер вожатый, бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып әдіскері және мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

  Осы уақыт аралығында балаларға білім беруде, оларды тәрбиелеуде жетістіктері өте көп. Білім, тәрбие берген балалары аудандық, облыстық жарыстарда, сайыстарда орын алып мектептің үнемі абыройын көтеріп келді.

  Қазіргі таңда Құланды ауылындағы «Аружан» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгеруші  қызметін атқарып келеді. Ұжымда  беделді. Облыстық, аудындық, ауылдық сайыстарға ұжымы, тәрбиеленушілері үнемі ұйымшылдықпен қатысып орындар алып, балабақшаның да абыройын көтеруге үнемі атсалысып отырады.

  Сонымен бірге, мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ, аудандық, облыстық тұрғыдан «Мақтау қағазы», «Алғыс хаттарының» иесі.


  Қарақия ауданының «Аналар кеңесінің» төрайымы

  Төлесбаева Айғаным  1945 жылы  Түрікмен ССР-і  Тахта  Базар  ауданы, Каломор  совхозында  дүниеге  келген. 1962 жылы  ГГПИ-ға оқуға  түсіп, филология  факултетін  бітірген.1966 жылы  еңбек  жолын  Маңғыстау  облысы,жыңғылды  ауылында  Кубышев  атындағы  мектеп-интернаттан  бастаған.

  Ұрпақ  тәрбиесінде  49  жыл  қарапайым  ұстаз  ретінде  еңбек  еткен ұстаздық  жолда  іс-тәжірбиелері  мектепшілік  аудандық, облыстық , республикалық,  көлемде  таратылды. Оның «Отбасы  тәлім-тәрбиесі», «Алыс  сапар  алғашқы  қадамнан  басталады»,  «Дамыта  оқыту»,  «Тіл  ұстарту» ,  «Тәрбие  көзі  халықта» ,  «Атаулы  мектеп  тынысы»,  (1977 жылы 22 наурыз), « Өзімізге  сын  көзбен  қарасақ», (1998жылы  10 сәуір), «Ащы  да болса  шындық  керек», «Мақал- мәтелдер  не  дейді», атты  мақалалары  мен  ойтолғамдары  «Маңғыстау»,  «Түлеген  түбек», «Қарақия»  газеттерінде, «Сабақ  мақсатына  орай  сабаққа  дайындалу  тәжірибем»  деген  мақаласы  «Қазақстан  мектебі» журналында  жарық  көрген.

  Өз  білімін  көтеру  мақсатында  1974 жылы Алматы  қаласында, 1971, 1986, 1987, 1990, 1995, 2001, 2005  жылдары  Атырау , Маңғыстау  облыстық  мұғалімдер  білімін  жетілдіру  институты  жанынан  курстан  өткен. Ұстаздық  жолдағы  іс-тәжірбиелері  аудандық, облыстық  және  «Қазақстан  мектебі»,  «Қазақ  тілі мен  әдебиеті»  журналдары мен  облыстық , аудандық  газеттерде  ой- пікір, жиған –терген  рубликаларында  жарияланды.

  Соңғы жылдары  «Абай  афоризмдерінің  туу  негіздері», «Абай  зор  психолог-педогог», «Атаулы  мектеп  тынысы», «Әжейлер  мен  қыз – келіншектер  тағылымы», «Ұрпақ  тәрбиесі  - ұлт  тағдыры»,  «Технология  талаптары  және  қазақ тілі  әдебиеті сабағы»,  «Қайта  оралған  бес  арыстың  ауылындағы  бес  анық», «Игілігі  ұзағынан  болғай»  «Мемлекеттік  тілді  тұғырлы  ету  жолдары»  ой  бөлісу  мақсатында «Ұрпаққа  орнымен  ақыл  айтса»,  «Аналар  тілегі  ел  амандығы»,  «Аналарды  референдумды  қолдауға шақырамыз»,  «Ұлттық  сусынның  қадірі»  мақалалары мен  лебіздері  басылымдарда  жарияланды.

  Олар «Мен  сенген  азамат»,  «Елбасының  кемел  саясатына  сенемін», «Елбасы. Ұлттық  идея. Астана.», « Бүгінгі  ұрпақ  мәңгілік  ел  иесі». 2015  жылы  қаңтар  айында  «Тағылым, лебіздер, сурет- шежіре, ақ  тілек» атты  кітабы  баспаханадан  басылып  шықты.

  Отбасында  6  бала  тәрбиелеп  өсірген,  Жолдасы Көпбергенов  Серікқали  стомотолог- дәрігер. 3 қызы, 2  келіні  апайдың  жолын  қуған  ұстаздар.

  Үлкен  ұлы  Айтжан  Т.Жүргенов  атындағы  Өнер  Академиясын  бітірген. Еліне  қылқалам  өнерімен  танылып  келеді.

  Кенже  ұлы  бұрғышы  маман. Ұзақ  жылғы  еңбегі  бағаланған  ұстаз  бірнеше  рет  мектеп  әкімшілігі мен кәсіподақ , аудандық, облыстық, республикалық  тұрғыдан  мақтау  грамотасы  мен «Алғыс  хаттар»  иесі.

  27.03.1985 ж  « Ана  даңқы  медалы» 1- дәрежелі. 

  11.09.1986.ж. « Халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері» 

  29.09.1989 ж. « Еңбек  ардагері »  медалі.

  25.08.2005 ж. « Қазақстан  Конституциясына  10 жыл»  медалі.

  19.10.2010. «Күміс  алқа»  алқасымен. 

  14.04.2009ж. «Ы.Алтынсарин»  төс  белгісі.

  2009 ж. «Маңғыстау  облысына  35  жыл» медалі.

  2011 ж. «Маңғыстау  мұнайына  50  жыл» медалі.

  2013  ж. «Маңғыстау  облысына  40 жыл»  медалі. 

  2013 ж. «Қарақия  ауданына  40  жыл»  медалі.

  2013 ж.«Құрметті  қызметкер»  медалдарымен марапатталды.


Бостан  ауылының «Аналар кеңесінің» төрайымы

  Нұрғараева Базаргүл Сәуірбайқызы 1965 жылы 15 қарашада Шетпе ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Ұштаған ауылында мектеп табалдырығын аттап - 1983 жылы бітірген.

  1983 жылы Гурьев мәдени – ағарту учелищесіне оқуға түсіп, 1985 жылы «Кітапхана ісі» мамандығын алып шығады.

  1985 жылы Қарақұдық учаскесінде кітапханашы болып  еңбек жолын бастап, 1989 жылы Бостан ауылына қоныс аударады. Сол жылдан бері Бостан ауылының кітапханасында, күні бүгінге дейін кітапханашы қызметін атқарып келеді.

  Отбасылы, бес баланың анасы.

  Марапаттары:

  2002 ж - «Үздік кітапханашы – 2002»

  2003 - 2005 ж – «Ауыл жылы» және облыстық, аудандық, ауыл әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.


Мұнайшы ауылының «Аналар кеңесінің» төрайымы

  Багдабаева Несібелі Етрекқызы 03.30.1971жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келген. 1978 жылы В.Кубишев атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданды. 1986 жылы Ақтау педагокикалық училищесіне түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шыққан.

  Еңбек жолын 1991жылдан -1997 жылға дейін, В.Кубишев атындағы училищеде аға тәлімгер болып жасап, 2003-2007жылы Ш.Есенов атындағы педагокикалық факультетінде педагогика- психология мамандығында оқып шықты.

2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, Мұнайшы ауылы №7 орта мектебінде педагог психолог қызметін атқарып келеді.

                                    Қарақия аудандық "Қоғамдық келісім" маманы А.Баймағанбетова


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…