Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ VІ сайланған Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жұмысының Х А Т Т А М А С Ы
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ VІ сайланған Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жұмысының Х А Т Т А М А С Ы
Жарияланды: 14.05.2018
Қаралды: 102

                                                  

11 мамыр 2018 жыл                                                                                                                   Бостан  ауылы

                                                                                                                                                       

Жиынға төрағалық етуші:  Аудандық мәслихаттың хатшысы – А.Мееров

Қатысқандар: Қарақия аудандық мәслихатының депутаттары, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Қ.Беков, аудан әкімінің орынбасарлары, Бостан ауылы тұрғындары.

КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

1.  Бостан ауылының жаңадан салынатын 7 көшелердің атауына байланысты көпшілік тыңдау.

Сөз: А.Мееров – Құрметті депутаттар, құрметті Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысына қатысушылар! Бүгінгі комиссия отырысына ұсынылған Бостан ауылының жаңадан салынатын 7 көшелердің атауымен таныстырып өтейін:

1. Бауыржан Момышұлы – (1910-1982 жж) Кеңес одағының Батыры, әскери қолбасшы, майдангер жазушы;

  2. Дінмұхаммед Қонаев – (1912-1993 жж) көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері;

3. Қасым Қайсенов – (1918-2006 жж) Қазақстанның Халық қаһарманы, көрнекті жазушы;

4. Мәншүк Мәметова – (1922-1943 жж) Кеңес Одағының Батыры;

5. Хиуаз Доспанова – (1922-2008 жж) Ұлы Отан соғысының майдангері, әскери ұшқыш, Халық қаһарманы;

6. Рақымжан Қошқарбаев – (1924-1988 жж) Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тіккен Батыр, Халық қаһарманы;

7. Әлия Молдағұлова – (1925-1944 жж) Кеңес Одағының Батыры.

Сөз: Аудандық мәслихаттың  заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Д.Сабытова – Құрметті тұрақты комиссия отырысына қатысушылар. Күн тәртібіндегі мәселені ауыл, аудан тұрғындарының назарына жеткізу үшін «Қарақия» газетінің 1.02.2018 жылы №7-8 (848-849) санында жарияланды.

Қарақия ауданы әкімінің 19 сәуір 2018 жылғы Қарақия ауданының әкімі Қ.Бековтың ұсынысына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 13 бабына және мәслихат регламентіне сәйкес, заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысы ұйымдастырылып отыр. Осыған сәйкес өз пікірлеріңізді айта отырыңыз.

Сөз: Ауыл тұрғыны, ақсақал Т.Абдуллаев – Мен ауылымыздың көшелеріне, жоғарыда аталған атаулардың берілетінін орынды деп ойлаймын, өте қатты қуанып отырмын. Сондықтан, мен ұсынысты толықтай қолдаймын.

Сөз: аудандық мәслихаттың депутаты М.Аманиязоважоғарыда Сіздер ұсынған көше атаулары маған өте ұнады. Ұлы Отан соғысында жауынгерлердің өшпес ерлігін қанша айтсақ та, жазсақ та артық етпейді. Мұндай шаралардың болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі зор. Мен өзім қолдаймын.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселені қорыта келе, заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Бостан ауылы тұрғындары мен аудандық мәслихат депутаттарының пікірін ескере отырып, аудан әкімдігі ұсынған көшелер атауларының нұсқасы мақұлдансын.

2. Ұсынылған көше атаулары облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілсін.

  3. Көпшілік тыңдауы бойынша өткізілген тұрақты комиссия отырысы хаттамасы Заңнамаға сәйкес, интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Заңдылық, депутаттар  өкілеттігі

және  әлеуметтік  мәселелері  жөніндегі

тұрақты  комиссия  төрайымы     Д.Сабытова

Хаттамалаған                                А.Сүлейменова


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…