Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Онлайн тәртібіндегі зейнетақы қызметтері
Онлайн тәртібіндегі зейнетақы қызметтері
Жарияланды: 13.02.2018
Қаралды: 206

«БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтерді оңтайландыру және жаңғырту жолында салымшыларға (алушыларға) Қор кеңсесіне келмей-ақ және құжаттарды толтырмай-ақ Қордың негізгі қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа, заманауи қызметтерін ұсынады.

Қор 2017 жылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, сол өтініштердің мәртебесін қадағалау, деректемелерге өзгерістер/толықтырулар енгізу, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алу тәсіліне ауыстыру мүмкіндігі сынды қызметтерді іске асырды. Бұл қызметтер салымшылар (алушылар) үшін тәулік бойы қолжетімді.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті зейнеткерлік жасқа толған азаматтар және мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген, 1-ші немесе 2-ші топтардағы мүгедектігі бар адамдар жолдай алады.

Осылайша, БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезең барысында, яғни жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап төлемдерді алғанға дейін оларға онлайн тәртібінде қызмет көрсетуге дайын. 

Қызметтерді қолдану үшін Қор сайтында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан алған өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен авторлану қажет. Электрондық қызметтер бөлімінде авторланғаннан кейін пайдаланушыға дербес деректердің нысанын толтыру және өтініш беру ұсынылады.

2018 жылғы 1 қаңтарға қарай салымшылар (алушылар) БЖЗҚ сайтындағы электрондық қызметтердің барлығын, олар іске қосылған сәттен бастап пайдаланған. Осылайша, 250-ге жуық салымшы онлайн түрде ЖЗШ ашты, 50-ге жуық алушы төлемге өтініш берді, 1,2 мыңға жуық адам өз деректемелеріне өзгерістер енгізді және 500-ге жуық салымшы ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу тәсілін интернет-хабарландыру тәсіліне ауыстырды.

Бұдан басқа, тіркеуден өтпестен ЭЦҚ арқылы БЖЗҚ сайтында Жеке кабинетте авторлануға болады. Ол үшін хабарландыру тәсілін таңдау немесе оны интернет байланысына ауыстыру туралы қосымша келісімге алдын ала қол қою қажет. Кабинетте ЖЗШ жағдайы туралы үзінді-көшірмені кез келген қолайлы уақытта және кез келген кезеңге алуға, сондай-ақ зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алуға болады.

 


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…