Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Мақтанышым - Астана
Мақтанышым - Астана
Жарияланды: 02.02.2018
Қаралды: 424

       31 қаңтар күні аудандық Мәдениет үйінде, аудандық Мәдениет үйі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай «Мақтанышым Астана» атты пікір талас, дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Пікір-таласқа ауданымыздағы барлық мектептердің жоғары сынып оқушылары, белсенді жастар мен мектеп ұстаздары, Қарақия аудандық Мәдениет үйлерінің қызметкерлері мен аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Жиынның басында Аудандық Мәдениет үйінің директоры Әлпіш Фарида Бектемірқызы сөз алып, жастарға және жиынға қатысушыларға жас Астанамыздың өркениеті мен  бүгінгі келбеті, аз жылдарда әлем таныған Астана мүмкіндігіне ие болып отырғанын мақтанышпен жеткізіп, жастардың болашақта Астанамыздың ірі оқу орындарынан білім алып, ел үшін еңбек етер азамат болып өсулеріне ақжарма тілегін жеткізді. Пікір талас ерекше көңілді болып өтті себебі, қатысушы жастарға алдын-ала даярланған Астана туралы түрлі сұрақтар таратылып, жастардың көпшілік алдында тартынбай жауап беруіне мүмкіншілік жасалды. Аудандық кітапхана қызметкері Зайтонова Ардақ Астана туралы өз баяндамасын оқыса, арнайы сөрелерге қойылған Астана мен Елбасы туралы сыр шертетін кітап көрмелері жастардың көңілінен шықты. Кештің жүргізушісі, аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Нұртай Қонайұлы, ауданымызға танымал ақын Жомарт Астана туралы сиясы кеппеген өз өлеңдерін оқыса, ауданымызға танымал әнші Ербол мен Аймираның тамаша Астанаға арналған әндері көпшіліктің ықыласына бөленіп, жастарды риза етті. Пікір талас соңында қатысушыларға Аудандық Мәдениет үйі атынан бағалы кітаптар естелікке тапсырылды.

    Міне құрметті оқырман пікір-талас осылай өз деңгейінде тартымды болып мәресіне жетті. Еліміздің әр түкпірінде жастарды рухани азықтандыратын осындай игі шаралар көп болғай!

                                                                                    Аудандық Мәдениет үйі


Аудан әкімі
Беков Қыдырберді Әндірұлы
On-line кеңесші
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  • Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
  • Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытуд…
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабыл…
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу
  • Дәрігерді үйге шақыру
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медиц…
  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
  • Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы…
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж…
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тә…
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі…
  • Архивтік анықтамаларын беру
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
  • Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) ж…
  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
  • Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама…
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу…