Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Маңғыстауда Швейцария мен Қазақстан арасындағы бірлескен мәлімдеме жасалды

    153
    10 июля

    Бүгін Маңғыстау облысына Швейцарияның экономика, білім және зерттеу министрі Иоганн Шнайдер-Амманн бастаған делегациясы келді. Мәртебелі меймандар облыс әкімдігінің ғимаратында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңісбек Қасымбек және  облыстың ірі кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында  бірлескен келісімге қол қойылды.

    Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 миллиард АҚШ долларын құраған. Бұл 2016 жылға қарағанда 14% жоғары. Сондай-ақ,  дәл осы кезең бойынша, Швейцарияның Қазақстанға жасаған экспорты да 14% -ға өскен.

    «Швейцария біз үшін Еуропадағы Қазақстанның стратегиялық және маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, екі жақты мүдделерге байланысты өзара ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысымыздың тағы бір дәлелі» - деді Жеңіс Махмұдұлы. 

    Ресми статистикаға сүйенсек, соңғы 12 жылда Швейцариядан Қазақстанға салынған инвестицияның көлемі 20 миллиард доллардан астан. Қазіргі таңда елімізде энергетика, көлік, инновация, медицина сияқты т.б. салаларда Швейцария капиталының қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Одан бөлек, тағы бірнеше қазақстандық-швейцариялық бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.  Олар инженерлік, құрылыс, агроөнеркәсіптік және тау-кен өнеркәсібі секілді салаларда жұмыс істейді.

    Кездесу кезінде сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысы мен Швейцария арасындағы жалпы тауар айналымы $ 7 млрд-тан асты, оның 99,9% -ы мұнай экспорты. Облысымызда Швейцария капиталының қатысуымен 11 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Тауар айналымы Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық маңызы бар қуатты транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетінің арқасында дамып келеді, сол арқылы Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Солтүстік Еуропаны біріктіретін «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерінің ықпалы артып жатқанын»  атап өтті.

    Швейцариялық мейман, Иохан Шнайдер Амман бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты нығайту бағытында арнайы ұйымдастырылғаны жайында және Швейцариядағы инновация мен цифрландырудың дамуы туралы әңгімелеп берді. Шетелдік қонақтар кездесуден кейін «Морпорт Ақтау» ЕЭА  №1 субзонасы,  «Ақтау Морпорт»,  «Құрық порты» ЖШС,  «Kazakhstan Pipe Traders» (Tenaris) ЖШС және «Arcelor Mittal Tubular Products» АҚ кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов Түрікменстанның Төтенше және өкілетті Елші…
  • Маңғыстауда ауыр аурулардан зардап шеккендерге дәрі-дәрмек сатып алуға қосымша 1…
  • Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ цифрландыру саласындағы әрекетте…
  • Ақтау - «Ақылды үйге» қосылуды бастаған алғашқы қала
  • Әйглі шахматшы Динара Сәдуақасова Ақтаудағы турнирге келді
  • Маңғыстау облысының әкімі Мәжіліс депутаттарымен кездесті
  • Елбасы Маңғыстау халқына алғыс айтты
  • Маңғыстауда Швейцария мен Қазақстан арасындағы бірлескен мәлімдеме жасалды
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk