Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8% -ға төмендеді.

    138
    09 июля

    Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. 

    2018 жылғы 1 жартыжылдығындағы республикалық бюджеттің атқарылуынның қорытындысы бойынша Қаржы басқармасының басшысы -Марина Әлбекова баяндады.

    2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың жергілікті бюджетінен түсетін түсімдер 70,7 млрд. теңгені құрады, немесе есепті кезеңнің жоспарына сәйкес 101,6% құрады. Облыс бюджетінің шығыны жылдың бірінші жартыжылдығында 84,5 млрд. Теңгені, яғни есепті кезеңмен салыстырғанда 98,3%. Басқарма басшысының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74 млрд. теңге немесе жоспардың 99,1% орындалған.

    Каспий теңізі жағалауындағы судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шаралары туралы Мағыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев баяндады.Қазіргі күні облыс аумағында 32 шомылатын жағажайлар алаңы тіркелген.

    «2018 жылдың ағымдағы кезеңінде 7 адам суға кетсе, оның екеуі мектеп жасындағы бала. Құтқарушылар 14 адамның ажалына араша түсіп, суға батып бара жатқан жерінен құтқарып алған. Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімімен суда адамдардың өлімін болдырмау және азайту мақсатында Каспий теңізінде жүзу үшін тыйым салынған алаңдар құрылды: «Каспиан ривьера» қонақ үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан «Шора» су арнасы мен филармонияға дейінгі 300 метр жағалау.Сондай-ақ, қалалар мен аудандардың әкімдіктері жағалау аймақтарында 25 тыйым салынған белгілерін орнатқан.Ақшұқыр, «Солдатский» және «Каспиан ривьера» қонақүйінің аумағында қауіпті және бейімделмеген учаскелерде қосымша жылжымалы құтқару станциялары орнатылды.205 млн. теңге сомасына құтқару қайық сатып алынса, Каспий теңізінде кейбір шомылу аймақтарына тыйым салу бойынша стационарлық полиция учаскелерін құру жоспарланып отыр.Форт-Шевченко, Құрық, Аташ, Сайын, Ақшұқыр ауылдарында жабдықталған қоғамдық жағажайларды ашу жоспарлануда », - деп баяндады Қуанар Базарбаев.

    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Қуаныш Берішбаев 2018 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады.

    Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында статистикалық деректер бойынша, облыста жұмыс күшінің саны  278,4 мың  жұмыспен қамтылған халық саны 265,0 мың адамды құрады. Облысымызда жұмыссыздық деңгейі 4,8% -ға төмендеген. 2018 жылы Маңғыстау облысында 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған болатын, 2018 жылдың 1 шілдесіне шағын кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік нысандарды ашу арқылы 15,8 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 82, 6 % тұрақты жұмыс орындары.

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы  2017 жылдың наурыз айынан бастап іске асып келеді.

      Бағдарлама үш бағытты қамтиды:

    1.  бағдарламаларға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

    2.  жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

    3.  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту (бос жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстары).

    Биыл бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2,8 млрд. теңге қаралды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2018 жылы 1555 азаматқа 159,3 млн. теңгеге қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша кәсіби біліктілік алуға мүмкіндік беріледі.

    Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2018 жылы 1 млрд. 840 млн. теңге қаражат бөлінді. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік гранттар беру үшін 12,0 млн. теңге бөлінген.

    Үшінші, жыл басынан бері барлығы 11,8 мың жұмыссыз адамдар жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7,4 мың адам тұрақты және 4,4 мың адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Уақытша жұмыстың ішінде: 836 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2755 адам ақылы қоғамдық жұмыстарына орналастырылса, 817 адам жастар практикасына жолданған.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов Түрікменстанның Төтенше және өкілетті Елші…
  • Маңғыстауда ауыр аурулардан зардап шеккендерге дәрі-дәрмек сатып алуға қосымша 1…
  • Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ цифрландыру саласындағы әрекетте…
  • Ақтау - «Ақылды үйге» қосылуды бастаған алғашқы қала
  • Әйглі шахматшы Динара Сәдуақасова Ақтаудағы турнирге келді
  • Маңғыстау облысының әкімі Мәжіліс депутаттарымен кездесті
  • Елбасы Маңғыстау халқына алғыс айтты
  • Маңғыстауда Швейцария мен Қазақстан арасындағы бірлескен мәлімдеме жасалды
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk