Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Ақтауда мифолог Серік Қондыбайдың 50 жылдығына орай конференция басталды

    498
    07 июня

    Ақтауда мифолог Серік Қондыбайдың 50 жылдығына орай конференция басталды

    Ақтауда қазақ мифологиясын зерттеудің алғашқы іргетасын қалаған, дүниежүзілік мифологиялық мектептердің теориялық негіздерін жете білген, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ой-тұжырымдары ерекше ғалым Серікбол Қондыбайдың 50 жылдығына орай, халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды. «Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас» деп аталатын шараның басты мақсаты: Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және оның отандық ғылымдағы орынын айқындау. Конференцияға қатысушы шетелдік ғалымдармен арнайы кездесіп, дидарласқан облыс әкім Ералы Тоғжанов: «Серікболдың ғалымдар қауымы арасында  «Күн текті қаһарман», «Аңыз құсы» атануы жай болмаса керек. Бала жасымыздан жадымызға сіңіп, құлақта жатталған ертегі-аңыздардан қазақтың ілкі дүниетанымын, одан әрі  түркінің түп-төркінін түгендеу арқылы әлемдік ғылымға олжа салған ғалым. Серікбол әлемі – ғаламдық бәйтерек, ол әрі қарай тамыр жаюы үшін облыс әкімдігі тарапынан төмендегідей жобаларды қолға алып, іске асыруды көздеп отырмыз» деді.

    Біріншіден, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті жанынан «С.Қондыбай мұраларын зерттеу және насихаттау орталығын» ашу мәселесін қарастыруды;

    Екіншіден, Шетпе ауылында С.Қондыбай тұрған үйді музей экспозициясы ретінде ашуды;

    Үшіншіден, С.Қондыбай шығармашылығы бойынша  2 жыл сайын республикалық және халықаралық симпозиум, конференцияны кезектестіріп өткізуді;

    Төртіншіден, С.Қондыбай шығармашылығына негізделген облыстық мемориалдық музейге С.Қондыбай есімін беруді ұсынуды;

    Конференцияда қарастырылатын негізгі бағыттар:

    С.Қондыбайдың лингвистикалық талдау әдіснамасы және әлемдік мифология мен тілдер қалыптасуының ортақ тамырлары Мифтің мәдени жад формасы ретіндегі өзектенуі (мифтік бейнелер, сюжеттер, реконструкциялар).

    С.Қондыбай мұраларындағы байырғы халық мәдениеті және Рухани жаңғыру

    Конференция бағдарламасында С.Қондыбай толық шығармалар жинағы бойынша «Байырғы қазақ дүниетанымының негіздері» атты ғылыми энциклопедияның тұсаукесері.

        Конференцияға республикамыздың 13 атақты ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, АҚШ, Түркия, Ресей, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қытай мемлекеттерінен 14 мифология, философия, тарих, этнология, археология салаларының ғалымдары және музей зерттеуші орталығының  арнайы шақырылған өкілдері қатысуда.

     Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Маңғыстау мақтанышы - Манарбек Бисекеновпен кездесу
  • Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов Түрікменстанның Төтенше және өкілетті Елші…
  • Маңғыстауда ауыр аурулардан зардап шеккендерге дәрі-дәрмек сатып алуға қосымша 1…
  • Мәжіліс депутаттары ауданға келді.
  • Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ цифрландыру саласындағы әрекетте…
  • Ақтау - «Ақылды үйге» қосылуды бастаған алғашқы қала
  • Әйглі шахматшы Динара Сәдуақасова Ақтаудағы турнирге келді
  • Маңғыстау облысының әкімі Мәжіліс депутаттарымен кездесті
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk