Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Елордада «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде жарық көрген туындының тұсауы кесілді

    815
    14 апреля

    Бүгін Астана қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) 100 аңыздан тұратын 1000 дана кітап жарық көрді. Бұл туралы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі кезінде Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында баяндады.

    «Аталған еңбектің бірнеше тілде жарық көруінің басты мақсаты Елбасымыздың үш тілділік саясатын қолдау және Маңғыстаудың көне әрі бай тарихы мен мәдениетін, қасиетті жерлері мен өзіне тән ерекеше табиғатын суреттеп, әлемдік дәрежеде насихаттау», - деді Ералы Тоғжанов. 

    Сондай-ақ, Маңғыстау облысында 2017 жылы «Атамекен» бағдарламасы бойынша демеушілердің қолдауымен 11 млрд. 4 миллионнан астам теңгеге 59 жоба жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алғашқы орындардың бірі.«Рухани қазына» ішкі бағдарламасы бойынша 2017 жылы 106 млн 340 мың теңгеге 11 ірі іс - шара атқарылды.Елбасының жарлығымен бекітілген «Алғыс күніне» орай  Маңғыстауда 1 наурыздан бастап «Асар – Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясының 2-кезеңі өтті. Нәтижесінде, 85 млн. теңге жиналып, 6 800-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді.

    «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 11 млр 205 млн қаражат жұмсалды.

    Сонымен қатар, облыс әкімі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша өңірде қолға алынатын жұмыстар туралы баяндады.

    «Бірінші бастама бойынша «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Өткен жылдың өзінде 18% өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7 мың отбасы үйлі болды. 2018 жылы 916 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды. Ал үшінші бастама бойынша «Бүгінгі таңда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында4 жатақхана салу үшін жер телімдері белгіленді. Ш.Есенов атындағы университет үшін де 1000 орындық жатақхан салу қажеттілігі бар. Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы, жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың біртіндеп қайтарылуына кепілдік беру арқылы жобаларды іске асыру да қарастырылуда (бір студентке жылына 197 мың теңге)», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    Брифингте облыс әкімі 2017 жылғы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері мен 2018 жылға арналған міндеттер туралы баяндады.

    Маңғыстау облысы 2017 жылдың соңында барлық макроэкономикалық көрсеткіште оң нәтижеге қол жеткізді.Қысқа мерзімді экономикалық индикатор индексі 100%-ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 96,9% -дан 100,1% -ға дейін өсті (2,3 трлн. теңгеге өнім өндірілді).

    «Өңірде индустрияландыру картасы іске қосылғаннан бері 395 млрд. теңге инвестиция көлемінде 45 жоба жүзеге асырылды. 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 98,8% -дан 100,1% -ға дейін артты. Мұндай көрсеткішке Мемлекет басшысының 2015 жылы бастамашылық жасаған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының септігі зор. Бағдарламаны іске қосқаннан бері облыста шамамен 900 млрд теңгеге қырыққа жуық жоба жүзеге асырылуда», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

    2017 жылы Құрық порты арқылы 1,5 млн тонна жүк жөнелтілді. Автокөлік кешені толық қуаттандырылды. Бұл жүк жөнелтуді 4 млн. тоннаға дейін арттырады. 14 млрд.теңге сомасына жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді,  физикалық көлем индексі 108,2% құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада бірінші орын алады. 2017 жылы Маңғыстауда 12 жаңа жылыжай салынды. Қазіргі таңда өңірде 27 жылыжай бар (2016 жылы - 15 жылыжай).

    Аймақтың экономикасын әртараптандыруға арналған нысандардың бірі - «Ақтау теңіз порты» АЭА.АЭА аумағында 26 қатысушы тіркелді (оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен 9 қатысушы, соның ішінде 1 трансұлттық компания (Tenaris) бар).

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Маңғыстау мақтанышы - Манарбек Бисекеновпен кездесу
  • Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов Түрікменстанның Төтенше және өкілетті Елші…
  • Маңғыстауда ауыр аурулардан зардап шеккендерге дәрі-дәрмек сатып алуға қосымша 1…
  • Мәжіліс депутаттары ауданға келді.
  • Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ цифрландыру саласындағы әрекетте…
  • Ақтау - «Ақылды үйге» қосылуды бастаған алғашқы қала
  • Әйглі шахматшы Динара Сәдуақасова Ақтаудағы турнирге келді
  • Маңғыстау облысының әкімі Мәжіліс депутаттарымен кездесті
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk