Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Маңғыстау мектептері мамыр айында 100 % кеңжолақты интернетпен қамтылады

    449
    09 апреля

    Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік, жекешелендіруді жүргізу барысы және 2018 жылдың бірінші тоқсанында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін іске асыру, сондай-ақ білім беруді цифрландыру мәселелері қаралды.

    Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы АҚ басқарма Төрағасы Елдан Әлібеков баяндады. Қазіргі кезде Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында 239 млрд. теңге жалпы сомасына 37 МЖӘ жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде 8 608, оның ішінде құрылысын салу кезеңінде – 6 139, пайдалану кезеңінде – 2 469 қосымша жұмыс орнын құру жоспарлануда.

    «Жобаларды іске асыру есебінен 1 587 жұмыс орындарын құру жоспарлануда. 8,3 млрд. теңге сомасына инвестициялар тартумен 11 жоба бойынша МЖӘ шарттары жасалынды: Тұрғын үй құрылысы – 1 жоба (құны – 2 338 млн. теңге); Білім беру – 8 жоба (құны – 2 034 млн. теңге); Денсаулық сақтау - 1 жоба (құны – 51 млн. теңге); Дене шынықтыру және спорт - 1 жоба (құны – 3 861 млн. теңге). Жобаларды іске асыру есебінен 1 313 адам жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, 110 млрд. теңге сомасындағы 10 жоба іске асыру сатысында тұр», - деді Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы АҚ басқарма Төрағасы Елдан Әлібеков.

    Жиында жекешелендіруді жүргізу барысы және 2018 жылдың бірінші тоқсанында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін іске асыру туралы  Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова мәлімдеді. Жекешелендірудің 2017-2018 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес  облыс бойынша жекешелендіруге 20 нысан қарастырылған.2017 жылы жекешелендіруге барлығы 15 нысан жоспарланды, оның ішінде 7 нысан жүзеге асырылды (25,9 млн.т. 2 объект сатылды, сенімгерлік басқаруға 2 объект берілді, тарату туралы шешім қабылдануына байланысты 3 объект сауда-саттықтан алынды). Қалған 8 нысан бойынша қатысушылардың болмауына байланысты сауда-саттық нәтижелері өтпеді деп танылды.2018 жылы жоғарыда көрсетілген 8 объектті есепке алумен Кешенді жоспарын толық жүзеге асыру үшін, жекешелендіруге 13 нысан жатады.

     «Жекешелендіру объектілерінің сату мерзімдерін қайта қарау бойынша Үкімет тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігімен сату кестесі мен Жол карталар қайта бекітілді, онда: 5 объект кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беруге; 3 объект аукцион арқылы сатуға; 1 объект басымдықпен сатып алу құқығымен сатуға, 4 объект экономика орындылығы мақсатында таратуға жатады», - деді Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова.

    2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың жергілікті бюджетінің кірісі 36,2 млрд. теңгені немесе есепті кезеңнің жоспарына 117,9% құрады (жоспар 30,7 млрд. Теңге). Кіріс жоспары барлық аудандар мен қалаларда толығымен орындалды. Бөлімдер бойынша кірістердің өсуінің негізгі үлесі салық түсімдерімен есепке алынады, бұл жалпы табыстың 75,5% құрайды.

    Сонымен қатар, аппараттық жиында Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова білім беруді цифрландыру туралы баяндама жасады.Бүгінгі таңда облыстағы оқу орындарында 6200 компьютер бар. Олардың 694-і ауыстыруды талап етеді. Көбі ескірген компьютерлер (1 компьютерге 13 оқушы). 2018 жылға арналған жергілікті бюджеттен бұл мәселені шешу үшін 300,0 млн. 1580 компьютер сатып алу қарастырылған. Барлық мемлекеттік мектеп интернет пайдалана алады. 124 мектеп (92,5%) кең жолақты интернетке қосылған.Қазіргі таңда мектептерді 100% кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде. 134 (100%) мектеп «Bilim Media Group» компаниясының цифрлық білім беру ресурстарына қосылған.Мұғалімдер мен ата-аналар үшін «Дерек» - азаматтардың өтініштері электрондық жүйелердің мобильді қосымшалары енгізілді. Мектептердегі Wi-Fi қолжетімділігі - 75%.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов азаматтарды қабылдады
  • Мұнайлы ауданы «Nur Kapital» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын 10 жоба ұсынд…
  • Кәріз суын тазартатын қондырғы қыркүйекте пайдалануға беріледі
  • Маңғыстауда 7 елдіңөкілдері Каспий теңізі аймағының өзекті мәселелерін талқылады
  • Маңғыстаулық делегация Түркіменстанға жұмыс сапарымен барды
  • Елордада «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде жарық көрген туындының тұсауы кесілді
  • Ералы Тоғжанов ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесті
  • Маңғыстау мектептері мамыр айында 100 % кеңжолақты интернетпен қамтылады
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk