Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Маңғыстауда тоқыма фабрикасы салынады

    470
    06 апреля

    Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен тоқыма зауытының құрылыс алаңында капсула салынды.

    Тоқыма фабрикасын салу жобасы бойынша 97 млрд. теңге инвестицияланады. Жаңа кәсіпорын жылына 32,4 мың тонна иірілген жіп шығарады. Құрылыс кезеңінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 700 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Пайдалануға беру уақыты – 2019 жылдың мамыр айы.Қазақстандық және ішінара Өзбекстандық шикізат қолданылып, дайын өнімді шет елдерге жеткізу жоспарланған.

     «South Caspian Operating Company»» ЖШС-мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жол картасы әзірленді. Соның аясында «Маңғыстау индустриялдық паркі» ЖШС маңындағы бос жатқан 30 га жер телімі қосымша бөлініп берілді.

    «Маңғыстау индустриялық паркінің аумағында тоқыма зауытының құрылысынан бөлек, тағы үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы 4 жоба бойынша инвестиция көлемі 360 млрд. теңгені құрайды,  жұмыс орындарының саны 895 адам.Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының Индустриалды аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталмыш жобалар бойынша инвестиция көлемі 162,4 млрд. теңгені құрайды, 210 жұмыс орны құрылатын болады. Құрылыс кезінде барлығы 1400 жұмыс орны құрылады, пайдалануға берілгеннен кейін 1105 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Облысымызға тартылатын инвестицияның жалпы сомасы 522,4 млрд. теңгені құрайды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

    Анықтама үшін:

    1.  Өз қажеттіліктері үшін қуаты 2х50 МВт газ турбиналық станциясының құрылысы. Инвестициялар көлемі 80 млрд. теңгені құрайды. Жобаның қуаты 100 МВт. Құрылыс кезеңінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Пайдалануға беру - 2019 жылдың шілде айы.

    2.  Болат илемдеу зауыты. Инвестициялар көлемі - 50 млрд. теңге. Жобаның қуаты жылына 150 мың тонна. Құрылыс кезеңінде 300-ге дейін және пайдалану барысында 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 2019 жылдың наурызына дейін іске қосу жоспарлануда. Жоба бойынша Қазақстандық шикізат пайдаланылып, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне дайын өнімдерді жеткізу көзделуде.

    3.  Феррохром өндірісі. Инвестициялар көлемі - 133 млрд. теңге. Жобаның қуаты жылына 150 мың тонна. Құрылыс кезеңінде 150-ге дейін және пайдалану кезеңінде 75 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Пайдалануға беру - 2019 жылдың наурыз айы. Зауытқа арналған жабдықтарды Германиядан алу жоспарланған, Қазақстандық шикізатты пайдалану көзделуде, дайын өнімдер Жапонияға, Қытайға, Үндістанға экспортталатын болады.

    Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласының индустриалдық аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

    1.  Ферросилиций қорытпасын шығару зауыты.

    Жалпы инвестиция көлемі 6,4 млрд. теңгені құрайды. Жобаның қуаты - 20 000 тонна жоғары сапалы ферросилиций қорытпасы. Құрылыс кезеңінде 150-ге дейін және пайдалану барысында 140 жұмыс орындарын құру жоспарланған.

    2.  Қуаты 2х384 МВт газтурбиналық электр станциясын салу.

    Жобаның құны 156 млрд. теңгені құрайды. Жобаның қуаты - 384 МВт негізгі қондырғы және 384 МВт резервтік қондырғы. Құрылыс кезеңінде 400-ге дейін және пайдалану кезінде 70 жұмыс орындарын құру көзделуде. 

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов азаматтарды қабылдады
  • Мұнайлы ауданы «Nur Kapital» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын 10 жоба ұсынд…
  • Кәріз суын тазартатын қондырғы қыркүйекте пайдалануға беріледі
  • Маңғыстауда 7 елдіңөкілдері Каспий теңізі аймағының өзекті мәселелерін талқылады
  • Маңғыстаулық делегация Түркіменстанға жұмыс сапарымен барды
  • Елордада «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде жарық көрген туындының тұсауы кесілді
  • Ералы Тоғжанов ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесті
  • Маңғыстау мектептері мамыр айында 100 % кеңжолақты интернетпен қамтылады
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk