Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Құланды ауылында Ұстаздар күніне арналған мекерелік кеш өтті.

09.10.2017
19:35
74

     6 қазан күні Құланды ауылы   Аружан балабақшасында «Ұстазым ұлық бәрінен» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.  Кешті ауыл әкімі Төкенов Санат Теңелұлы құттықтау сөзімен ашып, ауыл әкімінің атынан еңбегі сіңген қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Келесі сөзді балабақша директоры Амирбекова Назымгүл Сайынқызы алып, ұстаздарды мерекесімен құттықтап, кеш соңы ұстаздардың  ән-биімен, алғыстарымен аяқталды.       
      Мерекелік кеш «Ұстаз-мектептің жүрегі тақырыбында Құланды орта мектебінде жалғасты. Ұстаздардың ұйымдастыруымен безендірілген АКТ залында оқушылар ұстаздарды мерекелік коңіл-күймен қарсы алды.

    Кешті ауыл әкімі Төкенов Санат Теңелұлы құттықтау сөзімен ашып, еңбегі сіңген, белсенді ұстаздарды ауыл әкімінің  алғыс хатымен марапаттады. Келесі сөз кезегін алған мектеп директоры Қыстаубаев Дархан Бақтыбаевич  ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, отбасыларына береке, дендеріне саулық тіледі. Сонымен қатар бірнеше ұстаздар алғыс хатпен марапатталып, кәсіподақ ұйымының атынан  оларға сыйлықтар табысталды.

     Кеш соңы оқушылардың ұстаздарына дайындаған мерекелік концертіне жалғасты.

                                                                     Құланды ауылы әкімінің аппараты


Ақпараттық ресурстар