Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
RU KZ

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

  • Аудан туралы
  • Билік
  • Құжаттар
  • Мем қызмет
  • Мем. көрсетілетін қызметтер
  • Экономика және бизнес
  • Маңғыстаулық көп балалы аналар марапатталды

    740
    08 марта

    Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Абай атындағы мәдениет кешенінде нәзік жандыларды 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекелік бағдарламаға жалғасқан кеште көп балалы 7 ана «Алтын алқа» және 12 ана «Күміс алқамен» марапатталып, өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін түрлі саладағы 15 қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

      «Құрметті ақ жаулықты әжелер! Ардақты аналар! Аяулы қарындастар! Мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың мейрамы 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қиын-қыстау заманда қайсар рух, ерен ерлік танытқан ардагер-аналарымызға тағзым етеміз! Дүниеге сәби әкеліп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде жанкешті еңбек сіңірген ақ жаулықты аналарымызға бас иеміз! Бүгінде облысымызда 17 мыңнан аса көп балалы ана тұрып жатыр. Тәуелсіздік алған күннен бері 6571  әйел «Алтын алқа» және 7699 әйел «Күміс алқа» иегері атанды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    Маңғыстауда туу саны бойынша рекорд жаңғыртқан Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны Озған Амандықова (79 жаста) 19 нәрестені дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. Қызан ауылында  Иба Сәулебаева(78 жаста) 17 баланы дүниеге әкелген. Сондай-ақ, ең жас «Алтын алқа» иегері Айман Өтешова (46 жаста) 11 баланың анасы. Маңғытау облысы осындай аналардың арқасында Республикадағы демографиялық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орында.

      Сондай-ақ, өңір басшысы әйелдер қауымы қызмет ететін "Zhamal-ai LTD" ЖШС ұжымын арнайы құттықтап, фабриканың жұмысымен танысты. "Zhamal-ai LTD" ЖШС 15 жылдан астам кәсіби киім мен аяқ киім шығарумен айналысады. Компанияда көп жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді.

      Мереке қарсаңында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы тыл ардагері Сәния Юсупованы мерекемен құттықтап, ерен еңбегі үшін алғысын білдірді. Тыл ардагері 12 жасынан бастап әскери зауытта еңбек етіп, қалған өмірін ұстаздыққа арнаған.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Аудан әкімінің м.а.
    Беков Қыдырберді Әндірұлы
  • Маңғыстау облысының медициналық қызметкерлеріне симфониялық оркестрдің концерті…
  • 13 жобаны іске асыруға 1,3 млрд.теңге бөлінді.
  • Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экнонмикалық д…
  • Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
  • Ақтауда мифолог Серік Қондыбайдың 50 жылдығына орай конференция басталды
  • Маңғыстауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтті
  • Маңғыстаудағы туристік жерлерге бірнеше елден шетелдік журналистер келді
  • Маңғыстауда Ралли Рейд Әлем Кубогы кезеңі бойынша "Ралли Қазақстан 2018" өтеді
  • Ақпараттық ресурстар
  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуратурасы http://mng.prokuror.kz/kaz/sub/karakia
  • "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" ММ http://maslikhat.karakia.kz/ru
  • Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
  • Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
  • Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы http://assembly.kz/kk